201

Талдыкөл көлінің, кіші Талдыкөл көлдері тобының және Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұра-Есіл каналына су қорғау аймағы мен белдеуінің ең аз ені:

1) 1-қосымшаның реттік нөмірі 1-жолына сәйкес «GEO Astana» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Ұлы Дала даңғылы, Е114 және Е115 көшелер (жобалық атауы) арасында орналасқан  автожанармай құю-автогаз құю станциясы құрылысының учаскесінде;

2) 1-қосымшаның реттік нөмірі 2-жолына сәйкес «Дал Диагностик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Е495 көше (жобалық атауы), № 2 ғимарат ауданында орналасқан Ядролық медицина орталығы құрылысының учаскесінде белгіленсін.

2. Су қорғау аймағының ең аз ені:

1) Талдыкөл көлі – 500 метр;

2)  кіші Талдыкөл көлдері тобы – 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3. Су қорғау белдеуінің ең аз ені:

1) Талдыкөл көлі – 100 метр;

2) кіші Талдыкөл көлдері тобы – 35 метр болып белгіленсін.

4. Нұра-Есіл каналының, Талдыкөл көлінің және кіші Талдыкөл көлдері тобының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына сәйкес белгіленсін.

5. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасындағы өзендердегі су қорғау аймақтарының картографиялық материалдарға түсірілуін;

2) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Қайсағалиевке жүктелсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің орынбасары А. Қайсағалиев

«Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесі мемлекеттік-

құқықтық бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев

«Нұр-Сұлтан қаласының

Сәулет, қала құрылысы

және жер қатынастары

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы Н. Ұранхаев

«Нұр-Сұлтан қаласының

Қоршаған ортаны қорғау

және табиғатты пайдалану

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысының

міндетін атқарушы Б. Ахметжанов

«Қазақстан Республикасы Экология,

геология және табиғи ресурстар

министрлігі Су ресурстары

комитетінің Су ресурстарын

пайдалануды реттеу және қорғау

жөніндегі Есіл бассейндік

инспекциясы» республикалық

мемлекеттік мекемесі басшысының

міндетін атқарушы Д. Бекмағамбетов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109