210

«Астана қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 65 бабы 4-тармағын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабын, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 109 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Астана қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Шешімнің тақырыбында, бүкіл мәтін бойынша, шешімге қосымшада «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;

көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының ортақ су пайдалану қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):

мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 13-1, 17-1, 27-1, 27-2-тармақтармен толықтырылсын:

 «9-1. Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты (бұдан әрі – мәслихат) азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Қағидаға сәйкес тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.

9-2. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында халыққа шомылу жүзеге асырылмайтын мынадай жерлер айқындалсын:

1) шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;

2) температурасы төмен жер асты сулары шығатын, су иірімдері мен шұңқыр жерлерде;

3) судың ағысы секундына 0,5 метрден асатын жерлерде;

4) сазбалшықты учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлары бар кезде (жағалауы жайпақ, құлама жарсыз және шұңқырсыз, ал су айдынының түбі құмды, шылаусыз, балдырсыз, бұталарсыз және үшкір тастарсыз болуға тиісті).»;

«13-1. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.»;

«17-1. Су пайдаланушы мәслихаттың оң шешімін алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіндігі және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.»;

«27-1. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы мәслихатқа ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

27-2. Мәслихат ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.»;

мемлекеттік тілдегі мәтінде 22-тармақтағы «Астана қаласының мәслихатына (бұдан әрі – мәслихат)» деген сөздер «мәслихатқа» деген сөзбен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы А. Күрішбаев
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109