193

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесулер өткізу орындарын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орын-жайлар шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес берілсін.

3. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 06-1499 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 841 болып тіркелген, 2014 жылғы  11 қыркүйекте «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы»  Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 06-1499 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 104-1155 қаулысының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1107 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 маусымда «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
КЕЛІСІЛДІ
Нұр-Сұлтан қаласы қалалық
сайлау комиссиясының төрағасы
__________________В. Редкокашин
2020 жылғы «__»______________

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109