259

Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген нормаларға сәйкес тұлғаға тиесілі болмайтын жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 23, 66-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшаларына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген нормаларға сәйкес тұлғаларға тиесілі болмайтын жер учаскелеріне құқықтарды қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Н. Нұркенов
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Ұранхаев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109