2470

«Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға келесі объектіні беру бойынша қайталама тендер өтетіндігін хабарлайды:

Обьект: футбол алаңы;

Мекен - жайы: Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел (Орынбор) к., 22/1 үй («№ 77 мектеп-гимназиясы» КММ территориясында орналасқан);

Жалпы ауданы: 6597 ш.м.;

Тапсыру мерзімі: 10 жыл;

Теңгерімдік құны: 11 045 576 теңге;

Кепілдік жарна: 331 367 теңге

Көрсетілген объект бойынша тендер www.gosreestr.kz веб-порталында өткізіледі.

Тендер өткізу уақыты: 2017 жылғы «19» қазан, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру үрдісі 2015 жылғы  16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің  № 17 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыстардың жүргізіліп жатқан түрлері барлық белгіленген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі қажет:

1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы;

2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы, сондай-ақ жұмыстардың жүргізіліп жатқан түрлерін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер.

Сенімді басқарушы:

3. Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел (Орынбор) к., 22/1 үй  («№ 77 мектеп-гимназиясы» КММ территориясы) мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 6597 ш.м., спорт алаңында оқушыларды дене шынықтыру мәдениеті және спортқа үйретумен қамтамасыз ету мақсатында, заңды күшіне ие нормаларға, талаптар мен стандарттарға сәйкес, жабық футбол алаңы (ауатіректік имарат) салуға;

4. Сенімгерлік басқару объектісін, сонымен қатар объектіге тиісті аумақты санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес ұстау, дезинфекция және дератизацияны қамтамасыз етуге;

5. Өртке қарсы қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша қатаң ережені сақтауға;

6. Сенімді басқару объектісі бойынша барлық шарттық міндеттемелерді нормативтік актілерге сәйкес орындауды қамтамасыз етуге. Тоқсан сайын және Құрылтайшының сұрауы бойынша дамыту жоспарына қоса берілген қалыпта атқарылған жұмыс туралы есеп ұсынуға;

7. Сенімгерлік басқару барысында, Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сәйкес объект мүлігін есепке алу және сақтау, оның бұзылуы немесе жойылуы жағдайында соған тең мүлікпен ауыстыруға;

Көп каналды басқару пультімен бұзуға қарсы (вандализмге) камералармен жабдықтандыру арқылы бейнебақылаумен қамтамасыз етуге (бейне тіркеу);

Қағидалар мен техникалық қауіпсіздікке сәйкес объетіні электр қуатына қосуға;

8. Объектіге немесе ондағы инженерлік және коммуникациялық желілерге зақым келтіретін іс-әрекетті болдырмау және қажет болған жағдайда пайдаланушы ұйымдарға кіруді қамтамасыз етуге;

9. Коммуналдық және басқа да қызметтермен тікелей уақытылы  (30 күнтізбелік күн аралығында) шартқа отыруға және олар бойынша мүлтіксіз орындауға міндетті.

Сенімді басқарушыға қойылатын талаптар

10. «Купол» түріндегі ауатіректік имарат» объектісі бойынша  жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары аталған саладағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2013 жылғы  16 қаңтардағы № 62 бұйрығымен бекітілген, өзгерістермен «Қоғамдық ғимараттар мен имараттар» Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары мен ережелері 3.02-02-2009, сондай-ақ «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттардың және имараттардың құрылысын ұйымдастыру» Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары мен ережелері 1.03-00-2011 сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

Аталған объекті бойынша жұмыс құрылыс жұмыстарының күрделі түріне жатады (Уақытша имараттар), бірақ мұндай жағдайда жергілікті климаттық жағдайларға тұрақтылықты, конструкцияның материалын ескере отырып, ауатіректік имарат құрылысының жұмыс жобасын кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу қажет (жел, қар, төменгі температура).

Имаратты орналастыру (жабық футбол алаңы) ұқсас имараттарды орналастыру жөніндегі тәжірибесі бар мердігермен жүзеге асырылуы қажет.

11. Футбол алаңы - Халықаралық кеңеспен бекітілген футбол ойынының тиісті ережелерінің көлемдерімен футбол ойыны үшін арнайы көзделген алаң.

Халықаралық Футбол Қауымдастығы Федерациясының (FIFA)  мини-футбол алаңына талаптары келесідей: алаң тікбұрышты болуы керек, бүйір сызығының ұзындығы қақпаның сызығынан ұзынырақ болуы керек (ұзындығы: минимум 25 м, ені: минимум 15 м). Киім шешетін бөлме саны  (2 не одан да көп) санитарлық торабымен (душ кабинкаларымен және дәретханалармен) қамтамасыз етілуі қажет.

12. Шөптің құрамы бойынша аймақтардың жабындысы ойын алаңының жабындысына сәйкес келуі қажет немесе жасанды материалдардан  жасалады (FIFA «екі жұлдыз» стандарты/ жасанды материал күтімі үшін арнаулы жабдықтарды пайдаланбай тазарту және күту жеңілдігі міндетті/  FIFA «екі жұлдыз» стандарты ерекшелігін FIFA.com сайтын қараңыз).

Футбол ойыны үшін жасанды шөп - жалпы түпнегізіне тігілген және жартылай құм және амортизациялағыш толықтырғыш салынған синтетикалық талшықтың бумасынан тұратын футбол алаңының соңғы (формасын өзгертетін) жабынды.

Жасанды жабын ретінде құм мен резиналық үгінділер себіндісі бар, биіктігі 60 мм-ден кем болмайтын (созылғыш төсемді қолданғанда 40 мм-ден 60 мм-ге дейін) полиэтиленді талшықтан жасалған жасанды шөп қолданылуы керек.

Жабындының түсі – жасыл. Толықтырғыштың себіндісінің биіктігі жабындыны өндірушімен белгіленеді (толықтырғыш 15-20 мм еркін түк биіктігінен биік болмауы керек).

Жабындыны өндіру және төсеу кезінде пайдаланылған материалдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген сертификаттары болуы керек.

13. «Купол» түріндегі ауатіректік имарат» объектісі бойынша  жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары аталған саладағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде «Жылыту, желдету және ауа баптау» Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары 4.02-01-2011 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

14. «Купол» түріндегі ауатіректік имарат» объектісі бойынша  жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары аталған саладағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде «Ғимараттың және имараттың өрт қауіпсіздігі» Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары мен ережелері 4.02-01-2011 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Өртке қарсы талаптарда «Азаматтық ғимараттардың энергия тұтынуы және жылу қорғанысы» Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары  2.04-21-2004 талаптарына сәйкес келуі қажет.

15. Электр желілеріне қосу Астана қаласының қалалық электр желілерімен берілетін техникалық шарттарға талаптарға сәйкес, сондай-ақ белгіленген «Қазақстан Республикасының электр желілік ережелерімен» желіге қосылу жөніндегі талаптарға толық сәйкестікте жүзеге асырылуы қажет.

16. Толық санитарлық және әлеуметтік нормалар мен қағидаларды сақтаумен ауатіректік имаратты қалыпты жағдайда қамтамасыз етіп және пайдалану бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет.

17. Сенімгерлік басқару объектісін тиімді басқару бойынша толық дамыту жоспарын ұсыну. Тендерге қатысуға рұқсат беру барысында сенімгерлік басқару объектісін пайдалану бойынша және әлеуметтік саланы дамыту бойынша ең жақсы дамыту жоспары ескеріледі (электронды нұсқасын бекіту).

18. Сенімгерлік басқаруға берілген объектіні берумен байланысты, сенімгерлік басқару мерзімінде оны пайдаланумен байланысты шығындар, сонымен қатар салықтық міндеттемелер Сенімгерлік басқарушының есебінен жүзеге асырылады.

19. Мектеп оқушыларының оқу үрдісі жүргізілу барысында, Сенімгерлік басқарушыға сенімгерлік басқару объектісін коммерциялық тұрғыда пайдалануға тыйым салынады. Оқу үрдісінің кестесі мен уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.

ТЕНДЕР ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Тендерге немесе жабық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.

Өтінімге:

1) тендерлік ұсыныс (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген кезде);

2) тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке салынған тендерге қатысушы қол қойған баға ұсынысы (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде);

3) құжаттардың "PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) электрондық көшірмелері:

- тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (ЭЦҚ) анықтамасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;

- "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабымен міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі;

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

- жарғы. Шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің консулдық мекеме заңдастырған құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен, сондай-ақ Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға сәйкес апостиль мөртаңбасы қойылған құжаттарды ұсынады;

- тендер жарияланған күннен кейін берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

- хабарламада көрсетілген қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуын автоматты түрде тексереді.

Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімнен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдауды жүзеге асырады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Кепілдік жарналарды қабылдау үшін:

1.  IBAN KZ529261501102032004, БИК: KZKOKZKX, Банк атауы: "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ, ТТК: 171; Кбе: 16;

2.  IBAN KZ914500339860000351, БИК: ASFBKZKA, Банк атауы: "Банк Астаны" АҚ, ТТК: 171; Кбе: 16

Төлемді алушы (қаз.):"АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕП ОРТАЛЫҒЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ, БСН: 050540004455.

Анықтама үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 649 кабинет, 55 68 01, 55 01 68.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109