2000

«Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға келесі объектіні беру бойынша тендер өтетіндігін хабарлайды:

Обьект: Астана қаласы Білім басқармасының «Арман» емдеу-сауықтыру-спорт лагері» МКҚК заңды тұлғасының мүліктік кешені.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Ш. Айманов көшесі, 3.

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, орманды-дала аймағында Домбыралы кенті жанында.

Тапсыру мерзімі: 3 жыл;

Бағалау құны: 179 089 000 теңге;

Кепілдік жарна: 26 863 350 теңге.

Көрсетілген объект бойынша тендер www.gosreestr.kz веб-порталында өткізіледі.

Тендер өткізу уақыты: 2017 жылғы «19» қазан, сағат 10.00-ден 13:00-ге дейін.

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру үрдісі 2015 жылғы  16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің  № 17 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

Жүргізілетін жұмыс түрлері (қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу) барлық белгіленген нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ қосымша білім беру саласында қызмет көрсету сәйкес келуі тиіс: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңы;

2. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілделегі заңы, сондай-ақ жүргізілетін жұмыс түрлерін реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілер.

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі заңы және қосымша білім беру ұйымдарының  мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер.

Сенімгерлік басқарушы:

Объектіні сенімгерлікпен басқару кезеңінде сенімгерлік басқарушы өз ресурстары және қаражат есебінен:

1. Сенімгерлікпен басқару шартын  жасасқан кезден бастап 1 (бір) жыл ішінде сенімгерлік басқару объектісіне сенімгерлік басқару объектісінің теңгерімінде есепте тұрған жылжымайтын мүлік объектілерін әділет органдарында қайта тіркеу қажет, бірақ әділет мәліметтеріне сәйкес құқық иеленушісі «Спорттың ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ММ болып табылады (ауданы 10,8 га жер учаскесі, кадастрлық нөмірі 01-001-009-092, монша ғимараты, жатын корпустары № 1, 2, 3, 4, 5 ғимараттары, 80 м жатын корпусы, асхана ғимараты, медблок, қазандық, клуб, қойма, күзетші үйі, әкімшілік ғимараты және т. б.);

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы бойынша жалақысы кем емес негізгі қызметкерлердің 19,5 штаттық бірліктен  кем дегенде штат санының сақталуын қамтамасыз ету;

3. 3 жылдан кем емес қызмет бейінін сақтау;

4. Тоқсан сайын сенімгерлікпен басқару Құрылтайшысының сұрау салуы бойынша даму жоспарына қосымша нысанға сәйкес атқарылған жұмыс туралы есеп беру; 

5. Объектіні сенімгерлік басқаруға берумен байланысты барлық, сенімгерлік басқару кезеңінде оны одан әрі пайдалануға арналған шығыстар,  оның ішінде салық міндеттемелерін төлеу Сенімгерлік басқарушының есебінен жүргізіледі.

6. Сенімгерлік басқару объектісін, сондай-ақ объектіге тиесілі аумақты қолданыстағы санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес қамту, дезинфекция және дератизацияны қамтамасыз ету;

7. Өртке қарсы қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау ережесінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

8. Нормативтік актілерге сәйкес сенімгерлік басқару объектісі бойынша барлық шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

9. Сенімгерлікпен басқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объект мүлігін есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету, егер оның бүлінуі немесе жойылуы жағдайында тең мүлікпен ауыстыруға міндетті;

10. Объектіге және онда орналасқан инженерлік және коммуникациялық желілерге нұқсан келтіру іс-әрекеттеріне жол бермеуге және қажет болған жағдайда пайдаланатын ұйымдарға оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

11. Өнім берушілермен коммуналдық және өзге де қызметтерге  тікелей шарт жасау;

12. Әлеуетті сенімгерлік басқарушы өз немесе тартылған қаражат есебінен ғимараттарға, жабдықтарға, мүлікке, күрделі және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ объектінің аумағына абаттандыру жүргізуге тиіс.

Сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптар: Сенімгерлікпен басқару объектісін тиімді басқару бойынша егжей-тегжейлі даму жоспарын ұсыну. Баға ұсынуға жіберу кезінде сенімгерлік басқару объектісін  пайдалану жөніндегі ең жақсы даму және әлеуметтік қызметті дамыту жоспарлары ескерілетін болады (растайтын құжаттарды тіркеу қажет);

2. Әлеуетті сенімгерлік басқарушының жаттықтырушылар лауазымдарында спорт түрлері бойынша жоғары және орта кәсіптік педагогикалық білім дипломы және жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер болуы қажет (растайтын құжаттарды тіркеу);

3. Тәлімгерлер лауазымына міндетті түрде тиісті сертификатты ұсыну (растайтын құжаттарды тіркеу);

4. Медицина қызметкерлерінің тиісті дипломдары болуы қажет  (растайтын құжаттарды тіркеу)

5. Аспаздардың тиісті дипломдары болуы, ас үй қызметкерлерінің санитарлық кітаптары болуы қажет  (растайтын құжаттарды тіркеу).

Қосымша талаптар

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлі басқаруға беру қағидаларына сәйкес кепілдік жарна құрылтайшымен   мынадай жағдайларда:

1. жеңімпаз тендер немесе жабық тендер нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған;

2. объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда жеңімпазға;

3. сенімгерлік басқарушы объектіні сатып алу құқығынан бас тартқан жағдайда қайтармайды.

2. Сатып алу-сату шартына орындалмаған мерзімдерді қосумен сенімгерлік басқару объектісін мерзімінен бұрын сатып алуға болады.

3. Сенімгерлік басқару мерзімі аралығында сатып алу нарық құны инфляция деңгейімен сәйкестендіруге жатады.

4. Объективті қажеттілікке байланысты сатып алушымен сатып алу құқығын жүзеге асыру барысында, сатушы сатып алу-сат шартында сенімгерлік басқару мерзімін қосқанда 3 жыл мерзімге дейін орынжайдың қызмет бағытын сақтауды қарастыруға құқылы.

ТЕНДЕР ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Тендерге немесе жабық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.

Өтінімге:

1) тендерлік ұсыныс (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген кезде);

2) тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке салынған тендерге қатысушы қол қойған баға ұсынысы (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде);

3) құжаттардың "PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) электрондық көшірмелері:

 - тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (ЭЦҚ) анықтамасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;

- "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабымен міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі;

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

- жарғы. Шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің консулдық мекеме заңдастырған құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен, сондай-ақ Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға сәйкес апостиль мөртаңбасы қойылған құжаттарды ұсынады;

- тендер жарияланған күннен кейін берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

- хабарламада көрсетілген қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуын автоматты түрде тексереді.

Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімнен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдауды жүзеге асырады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Кепілдік жарналарды қабылдау үшін:

1.  IBAN KZ529261501102032004, БИК: KZKOKZKX, Банк атауы: "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ, ТТК: 171; Кбе: 16;

2.  IBAN KZ914500339860000351, БИК: ASFBKZKA, Банк атауы: "Банк Астаны" АҚ, ТТК: 171; Кбе: 16

Төлемді алушы (қаз.): "АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕП ОРТАЛЫҒЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ, БСН: 050540004455.

Анықтама үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 649 кабинет, 55 68 01, 55 01 68.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109