1647

«Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға келесі объектіні беру бойынша тендер өтетіндігін хабарлайды:

Обьект: «Стомотология» оқу-клиникалық орталығы» ЖШС жарғылық капиталының 100% үлесі.

Мекен-жайы: Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Кенесары көшесі, 82 үй.

Тапсыру мерзімі: 5 жыл;

Бағалау құны: 591 334 000 теңге;

Кепілдік жарна: 88 700 100 теңге.

Көрсетілген объект бойынша тендер www.gosreestr.kz веб-порталында өткізіледі.

Тендер өткізу уақыты: 2017 жылғы «19» қазан, 10.00 сағат дейін.

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру үрдісі 2015 жылғы  16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің  № 17 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

Сенімгерлік басқарушы:

1. Бірінші кезекте, басым тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызмет түрін жүзеге асыруға:

1.1 кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде Астана қаласының тұрғындарына медициналық стоматологиялық көмек көрсетуге (бұдан әрі - ТМККК);

1.2 жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек аясында Астана қаласының тұрғындарына медициналық стоматологиялық көмек көрсетуге;

Осы тармақты орындау шеңберінде көрсетілетін қызметтер азаматтардың жекелеген санаттарына жағдай туғыза отырып көрсетілуі тиіс: 18 жасқа дейінгі балалар және жүкті әйелдерге бөлек;

2. Көрсетілетін қызметтер мен пайдаланылатын материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сапа стандарттарына және нормаларына сәйкес келуі тиіс міндетті;

3. Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі ішінде «Стомотология» оқу-клиникалық орталығы» ЖШС келесі жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеу қажет:

3.1 Астана қ., Тәшенов к-сі, 15-үй, 8-жсо мекенжайында орналасқан,  жалпы алаңы 229,2 ш. м., тұрғын емес жапсарлас орынжай;

3.2 Астана қ., Әуезов к-сі, 44 үй, 1-жсо мекенжайында орналасқан,  жалпы алаңы 655,9 ш. м., жапсарлас тұрғын емес орынжай;

3.3 Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, № 59 өткел, 11 үй мекенжайында орналасқан жалпы алаңы 485,3 ш. м гараждар, әкімшілік ғимараты;

4. Сенімгерлік басқару шартының қолданылу кезеңінде, сенімгерлік басқарушы сенімгерлікпен басқару теңгеріміндегі мүлікті иеліктен айыруға және ауыртпалығы  бойынша іс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ;

5. Объектіні сенімгерлік басқаруға берумен байланысты барлық, сенімгерлік басқару кезеңінде оны одан әрі пайдалануға арналған шығыстар,  оның ішінде салық міндеттемелерін төлеу Сенімгерлік басқарушының есебінен жүргізіледі;

6. Құрылтайшыға кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару шартында белгіленген мерзімде және белгілі бір нысан бойынша есептерді ұсыну;

7. Сенімгерлік басқару объектісін, сондай-ақ объектіге тиесілі аумақты қолданыстағы санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес қамту;

8. Өртке қарсы қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау ережесінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

9. Нормативтік актілерге сәйкес сенімгерлік басқару объектісі бойынша барлық шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

10. Сенімгерлікпен басқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объект мүлігін есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету, егер оның бүлінуі немесе жойылуы жағдайында тең мүлікпен ауыстыруды қамтамасыз ету;

11.«Стомотология» оқу-клиникалық орталығы» ЖШС материалдық-техникалық базасын жаңартуға ақшалай қаражатты тендердің бірінші жылының қорытындылары бойынша анықталған объектіні сатып алу құнынан кемінде 20% көлемінде және кейінгі жылдардағы 10% кем емес мөлшерде инвестициялау;

12. Объектіге және онда орналасқан инженерлік және коммуникациялық желілерге нұқсан келтіру іс-әрекеттеріне жол бермеуге және қажет болған жағдайда пайдаланатын ұйымдарға оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

13. Өнім берушілермен коммуналдық және өзге де қызметтерге  тікелей шарт жасау;

14. Барлық орынжайларға қажеттілігіне қарай ағымдағы жөндеу жүргізу;

15. Осы тендер шарттарының 1.1. және 1.2. 1-тармақтары бойынша міндеттемелерді орындау бойынша қажетті медициналық персонал штаттарын және қызметінің бейінін сақтау;

16. осы тендер шарттарының  1.1. және 1.2. 1-тармақтарын орындау бойынша қажетті мәліметтерді Астана қаласының  жергілікті орган мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасына  ұсыну;

17. Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерін орындамау кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады;

Сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптар

18. Сенімгерлікпен басқару объектісін  тиімді басқару бойынша алдағы бес жылға егжей-тегжейлі даму жоспарын ұсыну (электрондық ңұсқа тіркеу);

19. Тендерге қатысушы немесе оның басшы қызметкерінің стоматологиялық қызмет көрсету саласында кемінде бес жыл, және әлеуметтік көмек шеңберінде мемлекеттік тапсырыс және (немесе) ТМККК негізінде 1 жылдан кем емес тәжірибесі болуы тиіс(растайтын құжаттарды тіркеу).Тәжірибесінің бар екенін (ескерт. мемлекеттік тапсырыс және (немесе) ТМККК шарттары, қызметкердің еңбек кітапшасы, мемлекеттік тапсырысты және ТМККК орындаумен байланысты қызметкердің қызметін жүзеге асырған жұмыс орнынан анықтама, т. б.) растау құжаттары дәлелдейді;

Қосымша шарттар

20. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға  беру Ережесіне сәйкес құрылтайшыға кепілдік жарна мынадай жағдайларда:

жеңімпазбен  тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қойылмаған;

жеңімпазға объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру;

сенімгерлік басқарушы объектіні сатып алу құқығынан бас тартқанда қайтарылмайды.

21. Сенімгерлік басқару мерзімі ішінде сатып алудың нарықтық құны инфляция деңгейіне сәйкес индекстеуге жатады.

ТЕНДЕР ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Тендерге немесе жабық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.

Өтінімге:

1) тендерлік ұсыныс (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген кезде);

2) тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке салынған тендерге қатысушы қол қойған баға ұсынысы (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде);

3) құжаттардың "PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) электрондық көшірмелері:

- тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (ЭЦҚ) анықтамасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;

- "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабымен міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі;

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

- жарғы. Шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің консулдық мекеме заңдастырған құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен, сондай-ақ Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға сәйкес апостиль мөртаңбасы қойылған құжаттарды ұсынады;

- тендер жарияланған күннен кейін берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

- хабарламада көрсетілген қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуын автоматты түрде тексереді.

Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімнен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдауды жүзеге асырады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Кепілдік жарналарды қабылдау үшін:

1.  IBAN KZ529261501102032004, БИК: KZKOKZKX, Банк атауы: "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ, ТТК: 171; Кбе: 16;

2.  IBAN KZ914500339860000351, БИК: ASFBKZKA, Банк атауы: "Банк Астаны" АҚ, ТТК: 171; Кбе: 16

Төлемді алушы (қаз.): "АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕП ОРТАЛЫҒЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ, БСН: 050540004455.

Анықтама үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 649 кабинет, 55 68 01, 55 01 68.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109