2039

«Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ www.gosreestr.kz веб-порталында Астана қаласының коммуналдық меншік объектісін электрондық тендер (екінші кезең) арқылы жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізетіндігі туралы х

Тендердің өткізілетін уақыты: 2017 жылғы «17» қазанда, сағат 10.00-ден сағат 13.00-ге дейін.

- «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығының «Көркем – құйма комбмнаты» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, бастапқы баға –  20 311 000 теңге, кепілдік жарна сомасы – бастапқы бағадан 15 %.

Тендер шарты: 1 жылдың ішінде қызмет бағдарын сақтау.

Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жекешелендіру үрдісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» № 920 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендерге және жабық тендерге қатысушылар:

1) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысының;

2) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді тіркейді.

Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Қатысушының көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға, тендерге және жабық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукцион, тендер нәтижелері туралы хаттама аукцион, тендер нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады.

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 649 кабинет мекенжайында, жеңімпаз бен сатып алу-сату шартына аукцион, тендер өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Бұл ретте, аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Кепілдік жарналарды қабылдау үшін:

Кепілдік жарналарды қабылдау үшін:

1)  IBAN KZ529261501102032004, БИК: KZKOKZKX, Банк атауы: "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ, ТТК: 171; Кбе: 16;

2)  IBAN KZ914500339860000351, БИК: ASFBKZKA, Банк атауы: "Банк Астаны" АҚ, ТТК: 171; Кбе: 16

Төлемді алушы (қаз.): "АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕП ОРТАЛЫҒЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ, БСН: 050540004455.

Анықтама үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 649 кабинет, 55 01 68, 55 68 01.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109