Каналимов Ерлан Ермекұлы

Каналимов Ерлан Ермекұлы

Әкім орынбасары

Әкімдік қабылдаған қаулылардың, Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес болуы үшін жеке жауапты болады, ішкі саясат, жастар саясаты және ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт мәселелері жөніндегі актілердің және Әкімнің тапсырмаларын іске асыруды ұйымдастырады.

Каналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылы 22 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келді, ұлты – қазақ.

Жоғары білім: диплом бойынша мамандығы «Экономист, заңгер», Астана қаласының Басқару Институтында (2003 ж.), Қазақстан-Ресей университетінде (2007 ж.) білім алған.

Қызмет жолы:

  • 12.09.2003 – 05.01.2005   Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру–бақылау және кадрлық бөлімінің бас маманы;
  • 05.01.2005 – 18.08.2005 «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі;
  • 18.08.2005 – 01.02.2006 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру–бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы;
  • 01.02.2006 – 01.10.2007 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі;
  • 27.09.2007 – 01.10.2009 Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру–инспекторлық бөлімінің меңгерушісі;
  • 10.2009 – 12.08.2013 Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
  • 08.2013 – 03.08.2015 Астана қаласы әкімдігінің «Дағдарыс орталығы» КММ директоры;
  • 08.2015 – 03.2018 «Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» ММ жетекшісі;
  • 20.03.2018 Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі.
  • 2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік марапаттар:

  • 2005 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында  көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты;
  • 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастыруға белсене ат салысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты;
  • 2015 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында  көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты;
  • 2005 жылы  Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына арналған мерекелік медалі;
  • «10 жыл Астана» мерекелік медалі 2008 жыл;
  • 2011 жылы  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медалі;
  • 2015 жылы  Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалі;
  • 2015 жылы  Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109