Мәкен Бақтияр Мәкенұлы

Мәкен Бақтияр Мәкенұлы

Әкім орынбасары

Әкімдік қабылдаған қаулылардың, Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес болуы үшін жеке жауапты болады, ішкі саясат, жастар саясаты және идеология, мәдениет, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша (Тұрғын үй комиссиясын қоспағанда),санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық, дене шынықтыру және спорт , дін, білім беру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, санкцияланбаған акциялар, наразылықтар және әлеуметтік шиеленіс мәселелерін қадағалайды жөніндегі актілердің және Әкімнің тапсырмаларын іске асыруды ұйымдастырады.

Мәкен Бақтияр Мәкенұлы 1981 жылы Алматыда туған.

Білімі:

  • Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірген, сарапшы-аудитор.
  • Монтана-Миссула университеті (АҚШ) («Болашақ» бағдарламасының түлегі), мемлекеттік басқару магистрі (МРА).

Еңбек өтілі:

  • 2000-2006 жылдары - студенттер кәсіподағының төрағасы, жастар саясаты жөніндегі ректордың көмекшісі, ҚазҰАУ жастар әкімшілігінің төрағасы.
  • 2002-2006 жылдары «Қазақстан ауыл жастарының одағы» РҚБ  тең төрағасы.
  • 2003-2007 жылдары Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының кеңесшісі.
  • 2004-2005 ж. ж. - Алматы қаласы ішкі саясат департаменті директорының кеңесшісі.
  • 2004-2006 жылдары - Қазақстандағы БҰҰДБ «Алматы қаласында ауыл жастарын бейімдеу» жобасының менеджері.
  • 2005-2006 жылдары Алматы қаласы бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы төрағасының орынбасары.
  • 2005-2007 жылдары Алматы қаласы бойынша «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы.
  • 2007-2008 жылдары «ЭСТ – МОЛ» ЖШС басқарушы директоры.
  • 2008-2009 жылдары «ЭСТ – Фарматэк» ЖШС басқарушы директоры.
  • 2009-2010 жылдары Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Жоғары оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы.
  • 2010-2012 жылдары - Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы.
  • 2012-2013 жылдары - Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы.
  • 2013-2016 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
  • 2016 жылғы 24 наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  • 2019 ж. 10 шілде – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109