Akim

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген.

Алтай Көлгінов А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

2000 жылы

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.

2001-2008 жылдары

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.

2008-2010 жылдары

«АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары.

2010-2012 жылдары

ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2013-2016 жылдары

Орал қаласының әкімі қызметінде болды.

2016-2019 жылдары

Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

2019 жылғы 13 маусымнан бастап

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz