Арнайы экономикалық аймақтар экономика салаларының және аймақтардың қарқынды дамуы, инвестициялар тарту және өнім өндіру көрсеткіші жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және заманауи технологияларды тарту мақсатында құрылады.

АЭА «Астана – жаңа қала»

Жалпы алаңы - 7 018,72 га (Әкімшілік бизнес орталығы. №1 Индустриалды парк) Қолданылу мерзімі - 2027 ж. дейін.

АЭА «Астана – Технополис»

Жалпы алаңы – 584,42 га (Назарбаев Университеті, Индустриалды парк №2) Іске асыру кезеңі 2042 жылға дейін.

АЭА-ның қатысушыларға арналған преференциялар 

Салық жеңілдіктері:

  • Жер салығы – 0%;
  • Қосылған құн салығы (ҚҚС) жеткізушілер үшін 0%;
  • Мүлік салығы мөлшерлемесі– 0%;
  • Жерді пайдалану үшін төлем – 0%.

Кеден жеңілдіктері:

  • АЭА аумағына әкелінген кезде шикізат пен жабдыққа кедендік төлемдер салығынан босату; 
  • Қосымша артықшылықтар;
  • АЭА басқарудың болуы;
  • Дайын инфрақұрылымның болуы;
  • АЭА мерзімінен аспайтын тегін жер учаскесі болуы;
  • Жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бірақ отандық еңбек нарығында үміткерлерді құрылыс кезеңіне және пайдалануға тапсырылғаннан кейін бір жылдан кейін іздеусіз жеңілдетілген түрде жүзеге асырылады;

 АЭА-ның қатысушысы қалай болуға болады https://investinastana.kz/kz/page-sez

«Астана – жаңа қала» АЭА Индустриялық паркінің аумағынан жер телімін алу бойынша анықтама 

1)Ұсынылған жобаның қызметтің басымдықты түрлеріне сәйкестігі:

Жоба «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының Индустриялық паркін құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтік төмендегі басымдықты түрлеріне сәйкес келуге тиіс:

1) басқа металл емес минералдық өнімдердің өндірісі;

2) машиналар және жабдықтар өндірісі;

3) тұрмыстық электр құралдарының өндірісі;

4) рәзенке және пластмасса өнімдерінің өндірісі;

5) химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі;

6) металлургиялық өнеркәсіп;

7) электр құрал-жабдықтарының, соның ішінде электр жарықтандыру жабдықтарының өндірісі;

8) жарықтандыру құралдары үшін шыны компоненттерінің өндірісі;

9) тамақ өнімдерінің өндірісі;

10) ағаш массасының және целлюлоза, қағаз және картон өндірісі;

11) жиһаз өндірісі;

12) автокөлік құралдарының, трейлердің және жартылай тіркемелердің өндірісі;

13) теміржол локомотивтерінің және қозғалмалы құрам өндірісі;

14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарының өндірісі;

15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттардың өндірісі;

16) электрондық бөлшектердің өндірісі;

17) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

19) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, кітапханалар, оқушылар сарайы, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

20) жобалау-сметалық құжаттамада басымдықты қызметті жүзеге асыруға тікелей бағытталған нысандарды салу және іске қосу.

2) Астана қаласы әкімінің атына жер телімін бөлу туралы өтініш беру:

Жоба жоғарыда аталған қызметтің басым түрлерінің біріне сәйкес келген жағдайда, жобаға өтініш беруші Астана қаласы әкімінің атына АЭА аумағынан талап етілетін учаскенің алаңы мен мақсатын көрсете отырып өтініш білдіруі тиіс.

3) Астана қаласы әкімінің атына өтініш бергеннен кейін Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

- өтінім;

- нысан бойынша уәкілетті орган бекіткен өтініш берушінің сауалнамасы;

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

- өтініш берушінің бірінші басшысының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- сәйкестендіру номері бар құжаттың көшірмесі;

- заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

- арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс істеу туралы заңды тұлғаның жоғарғы органы шешімінің көшірмесі;

- өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орынбасары және бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолы қойылған, соңғы есептік күн үшін қаржылық есептіліктің көшірмесі;

- жобаның уәкілетті орган бекіткен талаптарға жауап беретін техника-экономикалық негіздемесі;

- өтініш берушінің банктік есепшоттары бойынша ақшаның қозғалысы туралы (картотеканың жоқтығы туралы) қызмет көрсетуші банктің көшірмесі және өтініш берушінің несиелік тарихы туралы толық немесе бір бөлігі туралы мәліметтер бар несиелік бюродан несиелік есеп;

- тіркеуге тұру орны бойынша мемлекеттік кіріс органынан салық бойынша және бюджетке өзге міндетті төлемдер бойынша қарыздарының жоқтығы туралы анықтама;

 - өтініш берушінің қаржылық қамсыздандыруын растайтын құжаттар.

Жоғарыда аталған құжаттарды Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының АЭА дамыту, өнеркәсіп және экспортты ілгерілету бөліміне тапсыру қажет.

4) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында жобаны қарау:

Құжаттардың толық пакетін тапсырған соң жобаны ұсынушы таныстырылым материалдарын (электрондық форматта power point форматында ) әзірлеп, 5 минут регламентпен сөз сөйлеуге тиіс. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша жобаны Индустриялық парктің аумағында жүзеге асыру туралы хаттамалық шешім шығарылады.

Оң шешім қабылданған жағдайда, «Астана қ. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастар басқармасы» ММ-не «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ-мен жер телімін рәсімдеу және АЭА-ның қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы келісім-шарт жасасу үшін хаттаманың көшірмесін жолдайды.

Қосымша ақпарат алу үшін «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ-не Астана қ. Бейбітшілік к-сі, 11, 631 каб. мекен-жайына, 55-04-40, 55-04-42 телефондары бойынша хабарласуға болады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz