Болашақта елорда тұрғындары мен қонақтары барлық смарт-сервистер үшін төлеуге болатын бірыңғай карта алады.

«Тұрғынның бірыңғай картасында» оның иесінің жеке мәліметтері болады (Т.А.Ә, электронды әмиянының ағымдағы балансы, бірегей сәйкестендіру номері және т.б.)

Электронды әмиянды толтыру интернет-портал немесе төлем терминалдары арқылы толтыруға болады.

Бірінші кезеңде «Тұрғынның бірыңғай картасының арқасында» пайдаланушылар:

- Автобустарда жолақы төлейді;

- Емханаларда кезекке тұрады;

- Оқушылар пластикалық картаның көмегімен мектепке турникеттер арқылы кіріп, асханаларда төлем жасайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz