1. Сұрақ: Мен білікті шаштараз, тәжірибем 20 жыл. Осы салада ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп, жиырма төрт жасар қызыммен шаштараз ашуға шешім қабылдадым. Бұл біздің отбасылық бизнес болады. Біз қандай да бір бағдарлама арқылы субсидия алуға мүмкіндігіміз бар ма?

Жауап: Кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың қазіргі мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде шаштараз қызметтерін ұсыну басым секторлардың тізіміне кірмейтіндіктен, «Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасымен пайдалануға болады. Бұл жылына 6% мөлшерінде 20 млн. теңгеге дейінгі микрокредиттер, салалық шектеулер жоқ. Аталған бағдарлама бойынша қаражат Жинақ банк, АТФ Банк және Халық банктеріне таратылды.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Даму Қорымен бірге 2019 жылдың басынан бастап, салалық сипаттағы шектеулер жоқ «Астана Бизнес 2» бағдарламасын жүзеге асырады. Яғни жастар кез-келген бизнеске 8,5 % пайыздық мөлшерлемесі бойынша несие ала алады. Кәсіпкерге берілген несиенің максималды сомасы - 100 млн. теңге.

Кепілдік болмаған жағдайда, «Даму» қоры несие сомасының 85%-ға дейін кепілдік ұсынады.

Толық ақпаратты  www.damu.kz сайттарынан, сондай-ақ Кәсіпкерлікті қолдау орталығы, мекенжайы: Мәңгілік Ел 55а, немесе call орталығынан 1408 (қоңырау соғу тегін) алуға болады.

2. Сұрақ: Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтарын жинауға (әзірлеуге), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге хабарламалық тәртібін қабылдау қалай іске асырылады? 

Жауап: 2016 жылдың 22 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру процедураларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылдың 29 наурызындағы № 479-V Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуіне байланысты заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтарын жинау (әзірлеу), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметіне лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет оңтайландырылды және рұқсат берілетін түрден хабарламалық тәртіпке көшірілді. Осы орайда, хабарламалық тәртіп Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылдың 6 қаңтарындағы «Хабарлама түрлерін және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау ережелерін бекіту, және хабарлама қабылдауды іске асыратын мемлекеттік органдарды анықтау туралы» №4 Бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылдың 1 маусымындағы Бұйрығына сәйкес іске асырылатын болады. Қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдар хабарламалық тәртіпке квалификациялық талаптар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

3. Сұрақ: Мен Нұр-Сұлтанда 5 жыл өмір сүремін, азық-түлік дүкеніне арналған бөлмені жалға аламын, мен өзімнің кішкене бөлмемді сатып алғым келеді, бірақ менде ақша жеткіліксіз, қаржылық қолдауды қалай алуға болады? 

Жауап: Бүгін күні «Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие алуды ұсынамыз. Бұл жылына 6% мөлшерінде 20 млн. теңгеге дейінгі микрокредиттер, салалық шектеулер жоқ. Аталған бағдарлама бойынша қаражат Жинақ банк, АТФ Банк және Халық банктеріне таратылды.

Толық ақпаратты  www.damu.kz сайттарынан, сондай-ақ Кәсіпкерлікті қолдау орталығы, мекенжайы: Мәңгілік Ел 55а, немесе call орталығынан 1408 (қоңырау соғу тегін) алуға болады.

4. Сұрақ: Мемлекет мемлекеттік қаражат есебінен инженерлік желілерді біздің қоймаға салып, шағын отбасылық бизнесті қолдауға мүмкіндігі бар ма?

Кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың қазіргі мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен шағын және орта бизнесті сумен, жылумен, су құбырлары, темір жол қатынасы, телефон желілері және басқалары сияқты жетіспейтін инфрақұрылымды жабдықтау мен қайта құруда қолдау көрсету қарастырылған.

Бұл қолдауды алу үшін жоба бойынша техникалық спецификациялар мен мемлекеттік сараптамалар алып, Нұр-Султан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына хабарласу қажет.

5. Сұрақ: Қазіргі уақытта ешқайда жұмыс істемеймін. Менің отбасым және екі жас балам бар. Отбасы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді шешті. Кәсіпкерліктің қандай түрін жасауға болатыны мен қаланың әкімшілігінен қандай көмек алуға болатыны туралы кеңес алғым келеді?

Дұрыс, біз Сіздің шешіміңізді қолдаймыз, бірақ бизнесті жүргізу үшін өзіңіздің әлеуетіңізді есептеп, қай бағытта Сіз өзіңізді көресіз және белгілі бір капиталға ие болу қажет екенін мәлімдейміз. Әрине, бизнесті қолдауға бағытталған мемлекет әзірлеген қолданыстағы бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдау шараларын қабылдауға болады, мысалы, алынған несие бойынша пайыздық мөлшерлемені 7% -ға дейін төмендету, егер кепілдік болмаса немесе жеткіліксіз болса, мемлекет белсенді кәсіпкерлер үшін кепілгер ретінде 50%-ға дейін, бастаушы кәсіпкерлерді 85% дейін кепілдердіре алады.

Толық ақпаратты  www.damu.kz сайттарынан, сондай-ақ Кәсіпкерлікті қолдау орталығы, мекенжайы: Мәңгілік Ел 55а, немесе call орталығынан 1408 (қоңырау соғу тегін) алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz