2018 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 519,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,2% артық.

Астана қаласының негізгі капиталына салынған инвестициялардың республикалық көлемінде көлем үлесі 9,5% құрады (Атырау облысынан кейінгі екінші орын - 36%).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздері бойынша 65,4% (340,2 млрд. теңге) кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың меншікті қаражатына тиесілі, басқа да қарыз қаражаттарына - 20,9% (108,7 млрд. теңге) келеді, бюджет қаражаты - 11,3% (58,6 млрд. теңге), банк несиелері - 2,4% (12,4 млрд. теңге).

Сыртқы инвестициялар 2017 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда (46,6 млрд.теңге) 3 есе өсіммен 141,2 млрд теңгені құрады. Сыртқы инвестициялардың үлесі 10,5%-дан 27,2%-ға дейін өсті.

Пайдалану бағыттары бойынша ең үлкен үлес жылжымайтын мүлік (48%), көлік және жинау (30,5%), өнеркəсіп (6,1%) (электрмен жабдықтау, газ, бу беру жəне ауаны желдету) операцияларына келеді.

                                                                                       Дерек көзі: Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz