СҰРАҚ

ЖАУАП

1.

Коронавирус деген не?

Коронавирустар – көбіне жануарларды зақымдайтын вирустар тұқымдасы. Кейбір кезде адамнан адамға жұғады. Корновирустан туындаған аурулар әдетте ауыр белгілерсіз өтеді. Алайда кейде таяу шығыстық респираторлық синдром (MERS) және ауыр өткір респираторлық синдром (SARS) сияқты ұзаққа созылатын аурулар да бар.

2.

Коронавирусты тасымалдау жолдары қандай?

Ауру жұққан адам жөтелгенде, түшкіргенде пайда болатын тамшылар. Бұдан бөлек, ол біреу есік тұтқасы сияқты ластанған заттардың бетін ұстағанда да таралуы мүмкін. Адамдар ауруды лас қолымен аузын, мұрнын немесе көздерін ұстағанда жұғады. Әуелде ауру жануарлар арасында өршіді. Болжам бойынша, Ухань (ҚХА) қаласындағы теңіз өнімдері базары вирустың шығу көзі болған. Мұнда балық қана емес, суырлар, жыландар және жарғанаттар сияқты жануарлар сатылымы белсенді жүргізілді

3.

Коронавирус инфекциясының ошағы кім?

Бастапқыда ауру адамға жарғанаттан жұққан. Аурудың аралық иелерінің болуы теріске шығарылмайды. Алайда вирустың жануардан адамға жұғуын растайтын жағдайлар тіркелген жоқ.

4.

Коронавирусты жануарлардан (мысық, ит) жұқтыру мүмкін бе?

Бастапқыда ауру адамға жарғанаттан жұққан. Аурудың аралық иелерінің болуы теріске шығарылмайды. Алайда вирустың жануардан адамға жұғуын растайтын жағдайлар тіркелген жоқ.

5.

Бұл инфекция қайдан келді, кімнен жұқты?

Қытайлық ғалымдардың мәліметтері бойынша COVID-19 табиғи резервуары – жабайы аңдар (жарғанаттар). Адамдардың ауруды жұқтыру жағдайының негізгі орны – теңіз өнімдері сатылған Оңтүстік Қытайдағы көтерме бағалар базары. Онда жабайы аңдар да сатылған. Сатылған жабайы аңдардың ішінде жарғанаттар да, бауырымен жорғалаушылар да бар.

6.

Коронавирус инфекциясының негізгі белгілері қандай?

  • дененің жоғары температурасы
  • құрғақ жөтел
  • тыныстың тарылуы

Кейбір жағдайларда:

  • бастың ауруы
  • әлсіздік
  • бұлшықеттердің ауруы
  • жүректің айнуы
  • құсу
  • диарея

7.

Вирус сыртқы ортада қанша уақыт өмір сүреді?

 

8.

Инфекцияның инкубациялық кезеңі қандай?

Инкубациялық кезең (жұқтыру сәтінен ауру белгілері пайда болғанға дейін ) 2- ден 14 күнге дейін, жиі жағдайда 2-ден 7 күнге дейін созылады.

9.

Бұл инфекцияны емдеуге бола ма?

Қазіргі уақытта арнайы емдеу жоқ. Патогенетикалық және симптоматикалық ем жүргізіледі . Егер сізде эпидемиялық тәуекелдер болса ( СОVID -19 науқастарымен байланыс жасау, 1а және 1б санатындағы елдерде болу , сондай-ақ СОVID -19 симптомдары бар), жедел медициналық көмекке 103 немесе 1406 телефоны бойынша қоңырау шалып, қауіп- қатер мен ауру белгілері туралы айту қажет. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін CОVID-19 ауруының бар-жоғына тест жүргізіледі, пациентте CОVID-19 ауруы расталған жағдайда, ол ауруханаға жатқызылады. Науқас байланысқа түскен барлық адамдар карантинге орналастырылады.

10.

Коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері болса қайда хабарласу керек?

Жіті респираторлық инфекция белгілері пайда болған кезде немесе жаңа коронавирустық пневмонияға күдікті болғанда үйге жедел жәрдемді (103) немесе үйге дәрігерді шақыру, сондай– ақ коронавирустық инфекция мәселелері жөніндегі call-орталығына 109 немесе 1406 нөмірлеріне немесе iKomek 109 мобильдік қосымшасына қоңырау шалу қажет.
Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін аурудың ауыр белгілері байқалса, алдын алу шараларын сақтау (адамдармен қарым-қатынасты шектеу, жөтел этикетін сақтау, маска кию, өзін-өзі емдеумен айналыспау).

11.

Жаңа коронавирус тудырған аурудан емделу мүмкін бе?

Иә, әрине. Алайда, жаңа коронавирусқа қарсы арнайы препарат жоқ - көптеген басқа респираторлық вирустардан да арнайы ем жоқ.

Вирусты пневмонияны, коронавирустық инфекцияның негізгі және ең қауіпті асқынуын антибиотиктермен емдеуге болмайды. Пневмония дамыған жағдайда-емдеу өкпе қызметін қолдауға бағытталған.

12.

COVID-19 корановирусын жұқтырды деген күдікке ілінген адамдарға арналған карантин тәртібі қандай?

Жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй-жайда (көбінесе емдеу-профилактикалық мекемеде) 14 күнтізбелік күн ішінде міндетті түрде үздіксіз болу.

Карантин кезінде (14 күн) карантиндеу орнынан кетуге рұқсат етілмейді, барлық байланыс түрлерін (телефон, интернет) пайдалануға рұқсат етіледі.

Карантин кезіндегі медициналық персонал тарапынан іс-шаралар мыналарды қамтиды: тексеру, дене температурасын, артериялық қысымды өлшеу, сұрау.

Медициналық көрсеткіштер бойынша зертханалық зерттеуге зев, мұрын жұтқыншақтан алынған биоматериалдар, қажет болған жағдайда - өзге де зерттеу әдістері алынуы мүмкін.

Адам тарапынан режим бұзылған жағдайда, ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша 10 АЕК (26,5 мың теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

13.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі енгізілді. Мұндай режимді бұзғандарға заң шеңберінде қандай шаралар қолданылады?

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2020 жылдың 22 наурызынан бастап карантин режимі енгізіледі. Бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер белгіленген. Оларды орындамау ӘҚБтК-нің 476- бабы бойынша 10 АЕК (26,5 мың теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қарастырады .

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағау ҚК 379- бабы бойынша 2 мың АЕК (5,3 миллион теңге) айыппұлдан екі жылға бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

14.

Коронавирусын ауруын жасырған азаматтар қандай жауакершілікке тартылады?

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны үшін ( ӘҚБтК - нің 462- бабының 3- бөлігі- 500 АЕК-ке дейін айыппұл), санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ӘҚБтК 425 бабы бойынша 5 млн теңгеге дейін айыппұл) белгіленген.

15.

Отбасылық той-томалақ пен отырыс, шараларды өткізгендер қандай жауапкершілікке тартылады?

Егер мұндай әрекеттер абайсызда адамдардың ауруды жаппай жұқтыруына немесе адам өліміне әкеп соқса, онда қылмыстық жауапкершілік (ҚК 304 бабы бойынша 2 мың АЕК көлеміндегі айыппұлдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін) тағайындалады.

16.

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан коронавирусқа қарсы жаппай қан талдауын алу жүргізіле ме?

CОVID-19-ға тексеруді жұқтырудың эпидемиялық қаупі және/немесе COVID-19 симптомдары болған жағдайда медицина қызметкерлері тағайындайды. Егер сізде эпидемиялық тәуекелдер болса (СОVID-19 науқастарымен байланыс жасау, 1а және 1б санатындағы елдерде болу, сондай-ақ СОVID-19 симптомдары бар), жедел медициналық көмекке 103 немесе 1406 телефоны бойынша қоңырау шалып, қауіп-қатер мен симптомдар туралы айту қажет. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін CОVID-19 бар-жоғына тест жүргізіледі, пациентте CОVID-19 ауруы расталған жағдайда, ол ауруханаға жатқызылады, науқас байланысқа түскен барлық адамдар карантинге орналастырылады.

17.

Жаңа коронавирусқа қарсы вакцина бар ма?

Қазіргі уақытта мұндай вакцина жоқ, алайда, ДДҰ және оның серіктестері ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп препаратты әзірлеу және сынау шараларына кірісіп кетті.

18.

Басқа қалалық азаматтар өздігінен қайда жүгіне алады?

Егер вирустық инфекцияның белгілері болса, жедел жәрдем немесе учаскелік дәрігерді 103, 1406 телефондары бойынша шақыру қажет. Қалалық жедел жәрдем қызметі шектеусіз жұмыс істейді.

19.

Қай жерде өз еркімен ақылы қан талдауын жасатуға болады?

COVID-19 тестін ақылы не тегін тапсыруға болмайды. Жұқтырудың эпидемиялық қаупі болғанда және/немесе COVID-19 симптомдары болғанда ғана тапсыруға болады. Егер сізде эпидемиялық тәуекелдер болса (СОVID-19 науқастарымен байланыс жасау, 1а және 1б санатындағы елдерде болу, сондай-ақ СОVID-19 симптомдары бар), жедел медициналық көмекке 103 немесе 1406 телефоны бойынша қоңырау шалып, қауіп-қатер мен симптомдар туралы айту қажет. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін CОVID-19 бар-жоғына тест жүргізіледі, пациентте CAVID-19 ауруы расталған жағдайда, ол ауруханаға жатқызылады, науқас байланысқа түскен барлық адамдар карантинге орналастырылады.

20.

Қандай жағдайда коронавирус инфекциясына қан талдауын жасату қажет? Қайда жүгінген дұрыс?

Коронавирустық инфекцияны анықтауға бағытталған зертханалық зерттеулер адамдарда клиникалық және эпидемиялық көрсеткіштер байқалған жағдайда жасалады. Ол үшін респираторлық инфекция ауруына шалдығу немесе коронавирусқа шалдыққан азаматпен байланысқа түсу күдігі бар кезінде жедел жәрдемге 103, 1406 телефондары арқылы хабарласу қажет.

Дәрігер тексергеннен кейін коронавирустық инфекцияға күдік бар болғанда стационар жағдайында зерттеуге талдау алынады.

21.

Қай жерде COVID-19-ға тест жасатуға болады?

COVID-19 тестін ақылы не тегін тапсыруға болмайды. Жұқтырудың эпидемиялық қаупі болғанда және/немесе COVID-19 симптомдары болғанда ғана тапсыруға болады. Егер сізде эпидемиялық тәуекелдер болса (СОVID-19 науқастарымен байланыс жасау, 1а және 1б санатындағы елдерде болу, сондай-ақ СОVID-19 симптомдары бар), жедел медициналық көмекке 103 немесе 1406 телефоны бойынша қоңырау шалып, қауіп-қатер мен симптомдар туралы айту қажет. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін CОVID-19 бар-жоғына тест жүргізіледі, пациентте CОVID-19 ауруы расталған жағдайда, ол ауруханаға жатқызылады, науқас байланысқа түскен барлық адамдар карантинге орналастырылады.

22.

2-ші санаттағы елдерден келген адамдарға қандай шаралар қолданылады?

Бүгін 2 санатқа мына елдер кіреді:

  • Филиппин
  • Катар
  • Үндістан
  • БАӘ
  • Ұлыбритания
  • Әзірбайжан
  • Тайланд
  • АҚШ

ҚР-на жоғарыда көрсетілген елдерден келген азаматтар еңбекке жарамсыздық парағын қашықтықтан ресімдей отырып, үй карантинінде болуы тиіс.

23.

Қандай жағдайда коронавирус инфекциясына қан талдауын жасату қажет? Қайда жүгінген дұрыс?

COVID-19 тестін ақылы не тегін тапсыруға болмайды. Жұқтырудың эпидемиялық қаупі болғанда және/немесе COVID-19 симптомдары болғанда ғана тапсыруға болады. Егер сізде эпидемиялық тәуекелдер болса (СОVID-19 науқастарымен байланыс жасау, 1а және 1б санатындағы елдерде болу, сондай-ақ СОVID-19 симптомдары бар), жедел медициналық көмекке 103 немесе 1406 телефоны бойынша қоңырау шалып, қауіп-қатер мен симптомдар туралы айту қажет. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін CОVID-19 бар-жоғына тест жүргізіледі, пациентте CОVID-19 ауруы расталған жағдайда, ол ауруханаға жатқызылады, науқас байланысқа түскен барлық адамдар карантинге орналастырылады.

24.

COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдер санатына кірмейтін өзге елдерден келген адамдарға қандай ұсыныстар беріледі?

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз басқа елдерден келген адамдар уақытша еңбекке жарамсыздық парағын қашықтықтан ресімдей отырып, үй карантинінде болуы тиіс. Сондай-ақ, Қазақстанда ұсынылатын алдын алу шараларын сақтау қажет: денсаулық жағдайын қадағалау, жеке гигиенаны сақтау, ресми интернет ресурстарда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратты қадағалау, респираторлық инфекция белгілері пайда болған жағдайда дәрігерді үйге 103, 1406 телефоны бойынша шақыру. Барлық жастағы адамдар вирусты жұқтыру қаупі бар. Алайда, егде жастағы адамдар және созылмалы аурулары (СОӨА, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, гипертония) бар иммундық жүйесі әлсіреген адамдар аурудың ауыр ағымы үшін қауіп аймағында болады.

25.

Тәуекел тобына кімдер жатады?

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз басқа елдерден келген адамдар уақытша еңбекке жарамсыздық парағын қашықтықтан ресімдей отырып, үй карантинінде болуы тиіс. Сондай-ақ, Қазақстанда ұсынылатын алдын алу шараларын сақтау қажет: денсаулық жағдайын қадағалау, жеке гигиенаны сақтау, ресми интернет ресурстарда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратты қадағалау, респираторлық инфекция белгілері пайда болған жағдайда дәрігерді үйге 103, 1406 телефоны бойынша шақыру. Барлық жастағы адамдар вирусты жұқтыру қаупі бар. Алайда, егде жастағы адамдар және созылмалы аурулары (СОӨА, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, гипертония) бар иммундық жүйесі әлсіреген адамдар аурудың ауыр ағымы үшін қауіп аймағында болады.

26.

Карантинге кімдер алынады?

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" № 285 Жарлығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың 2020 жылғы 19 наурыздағы "Нұр-сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы" шешіміне сәйкес»

Бұл шешім қала әкімдігінің сайтында жарияланған. http://astana.gov.kz/, Ашық әкімдік бөлімі, әкімнің және әкімдіктің актілері) ағымдағы жылдың 19 наурызында қолданысқа енгізіледі. Стационарлық карантинге 1а санатындағы елдерден келген адамдар үй карантиніне 1б санатындағы елдерден келген адамдар орналастырылады.

1 а) санат - Франция / Иран / Италия / Испания / Германия

1 б) санаты-ҚХР/ Оңтүстік Корея/ Шенген аймағы елдері, 1а тізбесіне кіретін елдерден басқа

2 санат Филиппин / Катар / Үндістан / БАӘ / Ұлыбритания/Әзірбайжан/Тайланд / АҚШ

27.

1 «б» санатындағы елдерден келгендер үшін үйде оқшаулану деген не?

1Б) үйде оқшаулау (үй карантин) - 1Б санатындағы елдерден келген, соңғы келген сәтінен бастап осы Қағидаларға сәйкес 14 күннен аз уақыт өткен адамдар жатады.2- т.

"14 күнтізбелік күн ішінде тұрғылықты жері бойынша міндетті тұрақты тұру (үй, пәтер, жатақхана, қонақ үй және т.б. ).

Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда ауруханаға жатқызу ұсынылады.

Тұрғылықты жері бойынша оқшаулау кезінде (14 күнтізбелік күн) халықтың жаппай жиналатын орындарына баруға тыйым салынады.

Медициналық персонал тарапынан үй карантин кезіндегі іс-шаралар (14 күнтізбелік күн) мыналарды қамтиды: телефон арқылы қоңырау шалу арқылы кеңес беру және үй карантинін бақылау.

Медициналық көрсеткіштер бойынша зертханалық зерттеуге егуден, мұрын жұтқыншағынан алынған биоматериал алынуы және қажет болған жағдайда зерттеудің өзге де әдістері жүргізілуі мүмкін.

Медициналық көрсеткіштер бойынша (жіті респираторлық вирустық инфекция симптомдары) адам Қазақстан Республикасының есебінен диагностикалау және емдеу мақсатында медициналық ұйымға (бұдан әрі – МҰ) жатқызылады.

" Адам тарапынан режим бұзылған жағдайда, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында 2020 жылдың 22 наурызынан бастап карантин режимі енгізіледі. Бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер белгіленген. Оларды орындамау ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша 10 АЕК (26,5 мың теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін ҚК - нің 379-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген-2 мың АЕК айыппұлдан (5,3 АЕК) екі жылға бас бостандығынан айыруға дейін"

28.

ҚР аумағына кіру және виза беру, тұрақты әуежолдары, жаяу өткелдер, теміржол/автокөлік жолаушылар тасымалы, әуебайланысы уақытша тоқтатылған елдер бойынша қайда хабарласқан жөн?

Бұл мәселе бойынша Сыртқы істер министрлігіне (72-01-11) телефон арқылы хабарласу қажет, сондай-ақ ақпаратты СІМ сайтында, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетіне хабарласып білуге болады.

29.

Коронавирусты жұқтырудан қалай сақтанған жөн?

Ең маңыздысы-қол мен беттің тазалығын сақтау. Қолды таза ұстаңыз, сабынмен жиі жуыңыз немесе дезинфекциялау құралын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ ауызға, мұрынға немесе көзге жуылмаған қолмен тимеуге тырысыңыз.

Дезинфекциялаушы құралды өзімен бірге алып жүріңіз.

Әрқашан тамақ алдында қолыңызды жуыңыз.

Әсіресе, адам көп жиналатын орындарда, әуежайларда және басқа да қоғамдық көлік жүйелерінде жүргенде, абай болыңыз. Осындай жерлерде орналасқан қабырғаларға, заттарға жанасуды барынша азайтыңыз, олардың бетін ұстамаңыз.

Бір реттік майлықтарды өзімен бірге алып жүріңіз, жөтелгенде әрдайым мұрын мен аузыңызды жабыңыз, оларды қолданғаннан кейін міндетті түрде қоқысқа тастаңыз.

Егер басқа адамдар оларға саусақтарын салса, жалпы орамнан немесе ыдыстан тамақ ішпеңіз (жаңғақ, чипс, печенье және басқа да снектер).

Избегайте приветственных рукопожатий и поцелуев в щеку, пока эпидемиологическая ситуация не стабилизируется.

"Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша амандасу кезінде қол алысудан, беттен сүюден аулақ болыңыз.

Жұмыс барысында сіз жанасатын беттер мен құрылғыларды (компьютердің пернетақтасы, жалпы пайдаланатын оргтехника панельдері, смартфон экраны, пульттер, есік тұтқалары мен тұтқалары) үнемі тазалаңыз."

30.

Медициналық масканы қалай дұрыс киген абзал?

  1. Мұрын мен аузыңызды маскамен мұқият жауып, бет пен маска арасындағы саңылауды азайту үшін оны бекітіңіз.
  2. Пайдалану кезінде масканы ұстамаңыз. Қолданылған маскаға тигеннен кейін, мысалы, оны шешу үшін қолыңызды жуыңыз.
  3. Маска ылғалды немесе ластанған болса, жаңа таза және құрғақ масканы киіңіз.
  4. Бір рет қолданылатын масканы пайдаланбаңыз. Оларды әрбір қолданғаннан кейін лақтырып, алып тастағаннан кейін бірден кәдеге жарату керек.

31.

Балабақша мәселесі күн тәртібінде тұр. Балаларды қоғамдық көлікпен апаратындықтан, бала күтімі үшін ата-ананың бірін жұмыстан ресми босатуды сұрайды.

ТЖ жариялануына байланысты ҚР Үкіметі ата-аналардың (бала қамқоршыларының) бірін еңбек жалақысын сақтай отырып еңбек демалысына шығару мәселесін қарастыруда.

32.

ТЖ режиміндегі кіріс-шығыс туралы толық ақпарат сұрауда. Қандай шектеулер қойылады? Ел ішінде қатынау мүмкін бе? Ішкі рейстер тоқтатылмай ма?

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіру және шаҺардан шығуға шектеу енгізу туралы

"2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 бастап кез келген қатынас жолдарындағы транзиттік тасымалдаулар Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тоқтаусыз жүзеге асырылсын, мыналарды:

1) қаладан ерте шыққан Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын, олардың қалаға 2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 дейін оралған кезде;

2) қалаға ерте келген басқа өңірлердің тұрғындарды, олардың қаладан 2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 дейін шыққан кезде;

3) олардың елден шығуы үшін Қазақстан Республикасының аумағына ерте келген, сондай-ақ елден одан әрі шығу мақсатында әуе көлігімен кіретін шетелдіктерді;

4) шетелдіктерді (азаматтығы жоқ адамдарды), Қазақстан Республикасының аумағына тұрғылықты жері түрлерінің иелерін;

"5) шетелдік мемлекеттің аумағына ерте шығып кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын, олардың Қазақстан Республикасына оралуы кезінде;

6) денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттарын көрсеткен кезде емделуге шетелге шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын;

7) елдің және шетелдік мемлекеттің дипломатиялық қызметінің персоналын және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға жіберілетін шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың делегаттар мүшелерін;

8) поезд және локомотив бригадаларының мүшелерін, сондай-ақ теміржол тасымалдау процестеріне қатысатын адамдарды, әуе, теңіз кемелерінің экипаждарын, халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүк автокөлік құралдарының жүргізушілерін;

9) Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктерді (туыстық байланыстар фактісін растаған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары және балалары);

10) қала маңындағы аймақтарда тұратын және Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында тұратын, бірақ Ақмола облысында жұмыс істейтін тұрғындарды (Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб (бұдан әрі – Штаб) бастығының шешімі бойынша және жедел штаб бастығының жеке жауапкершілігімен);

11) жүк тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды;

12) Штабта жеке тәртіппен қарастырылатын өзге де ерекше жағдайларды қоспағанда, барлық адамдар үшін астананың аумағына кіру/шығуға шектеу енгізіледі. "

33.

Нұр-Сұлтанда қай жерлерге блокбекеттер қойылады?

Қаланың периметрі бойынша Жібек жолы, Қосшы, Қараөткел, Талапкер, Қоянды, Шұбар кенттері ауданында блокпосталар орнатылып, барлық көлік құралдарының кіруі мен шығуы шектелді. Сондай-ақ, азаматтардың Алматы, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қорғалжын және Қабанбай батыр кенті сияқты барлық бағыттар бойынша қозғалыс шектелген.

34.

ҚР аумағына кіру және виза беру, тұрақты әуежолдары, жаяу өткелдер, теміржол/автокөлік жолаушылар тасымалы, әуебайланысы уақытша тоқтатылған елдер санаты туралы қайда жүгінген дұрыс?

Осы мәселе бойынша ақпаратты Сыртқы істер министрлігіне (72-01-11) телефон арқылы хабарласып білуге, сондай-ақ СІМ сайтынан көруге болады.

35.

Ем алу, ота жасату мақсатында өзге аймақтардың азаматтарына Нұр-Сұлтан қаласы аумағына кіріп-шығуға рұқсат беріле ме?

2020 жылғы 22 наурызда сағат 00:00-ден бастап қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін елорда аумағына кіруге/одан шығуға шектеу енгізіледі

36.

Қала маңындағы елді-мекендерден жұмысқа келу үшін Нұр-Сұлтан қаласына кіруге рұқсат етіле ме?

Карантиндік аймаққа кіретін қала маңындағы елді мекендерде тұратын (Талапкер, Қаражар, Ильинка, Қосшы, Қоянды, Жібек жолы) тұрғындардың қалаға келуіне және шығуына рұқсат берілген.

37.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары арқылы транзиттік пойыздар жүре ме?

2020 жылғы 22 наурызда сағат 00.00-ден бастап транзиттік тасымалдаулар Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының аумағында тоқтаусыз жүзеге асырылатын болады.

38.

Егер Нұр-Сұлтан қаласына уақытша тіркелсең, тұрақты тіркеу Алматыда болса, карантин кезінде Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына кіре аламын ба?

2020 жылғы 22 наурызда сағат 00:00-ден бастап қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін елорда аумағына кіруге/одан шығуға шектеу енгізіледі

39.

Қала ішінде қозғалысқа шектеу қою туралы уақытты белгілеу.

Қазіргі уақытта қала ішіндегі қозғалысты шектеу жөніндегі хабарландырулар жоқ.

40.

Қоғамдық көлікке шектеу қою туралы.

2020 жылғы 19 наурыздан бастап автобустардың жалпы саны 20%-ға (872 бірліктен 697 бірлікке дейін), қалалық және экспресс маршруттар саны 18%-ға (775 бірліктен 642 бірлікке дейін) уақытша қысқартылды. Қала маңына қатынайтын бағдарлар 32%-ға қысқарды. (81 бірліктен 55 бірлікке дейін). Барлық бағдарлар сағат 21:00- ге дейін жүреді.

"Қала маңына қатынайтын бағдарлар Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды үшін рұқсат етілген.

41.

Карантин кезінде Нұр-Сұлтан қаласынан кіріп-шығу қалай жүзеге асырылады?

2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 бастап кез келген қатынас жолдарындағы транзиттік тасымалдаулар Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тоқтаусыз жүзеге асырылсын, мыналарды:
1) қаладан ерте шыққан Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын, олардың қалаға 2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 дейін оралған кезде;
2) қалаға ерте келген басқа өңірлердің тұрғындарды, олардың қаладан 2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 дейін шыққан кезде;
3) олардың елден шығуы үшін Қазақстан Республикасының аумағына ерте келген, сондай-ақ елден одан әрі шығу мақсатында әуе көлігімен кіретін шетелдіктерді;
4) шетелдіктерді (азаматтығы жоқ адамдарды), Қазақстан Республикасының аумағына тұрғылықты жері түрлерінің иелерін;
5) шетелдік мемлекеттің аумағына ерте шығып кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын, олардың Қазақстан Республикасына оралуы кезінде;
6) денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттарын көрсеткен кезде емделуге шетелге шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын;
7) елдің және шетелдік мемлекеттің дипломатиялық қызметінің персоналын және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға жіберілетін шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың делегаттар мүшелерін;
8) поезд және локомотив бригадаларының мүшелерін, сондай-ақ теміржол тасымалдау процестеріне қатысатын адамдарды, әуе, теңіз кемелерінің экипаждарын, халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүк автокөлік құралдарының жүргізушілерін;
9) Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктерді (туыстық байланыстар фактісін растаған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары және балалары);
"10) қала маңындағы аймақтарда тұратын және Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында тұратын, бірақ Ақмола облысында жұмыс істейтін тұрғындарды (Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб (бұдан әрі – Штаб) бастығының шешімі бойынша және жедел штаб бастығының жеке жауапкершілігімен);
11) жүк тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды;
12) Штабта жеке тәртіппен қарастырылатын өзге де ерекше жағдайларды қоспағанда, барлық адамдар үшін астананың аумағына кіру/шығуға шектеу енгізіледі.

42.

ҚР азаматы Ресейде жұмыс істейді. Енді ол жұмысқа қалай қатынайды? Оның отбасын кім асырайды?

2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 бастап кез келген қатынас жолдарындағы транзиттік тасымалдаулар Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тоқтаусыз жүзеге асырылсын, мыналарды:
1) қаладан ерте шыққан Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын, олардың қалаға 2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 дейін оралған кезде;
2) қалаға ерте келген басқа өңірлердің тұрғындарды, олардың қаладан 2020 жылғы 22 наурыздағы сағат 00:00 дейін шыққан кезде;
3) олардың елден шығуы үшін Қазақстан Республикасының аумағына ерте келген, сондай-ақ елден одан әрі шығу мақсатында әуе көлігімен кіретін шетелдіктерді;
4) шетелдіктерді (азаматтығы жоқ адамдарды), Қазақстан Республикасының аумағына тұрғылықты жері түрлерінің иелерін;
5) шетелдік мемлекеттің аумағына ерте шығып кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын, олардың Қазақстан Республикасына оралуы кезінде;
6) денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттарын көрсеткен кезде емделуге шетелге шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын;
7) елдің және шетелдік мемлекеттің дипломатиялық қызметінің персоналын және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға жіберілетін шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың делегаттар мүшелерін;
8) поезд және локомотив бригадаларының мүшелерін, сондай-ақ теміржол тасымалдау процестеріне қатысатын адамдарды, әуе, теңіз кемелерінің экипаждарын, халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүк автокөлік құралдарының жүргізушілерін;
9) Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктерді (туыстық байланыстар фактісін растаған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары және балалары);
10) қала маңындағы аймақтарда тұратын және Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында тұратын, бірақ Ақмола облысында жұмыс істейтін тұрғындарды (Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб (бұдан әрі – Штаб) бастығының шешімі бойынша және жедел штаб бастығының жеке жауапкершілігімен);
11) жүк тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды;
12) Штабта жеке тәртіппен қарастырылатын өзге де ерекше жағдайларды қоспағанда, барлық адамдар үшін астананың аумағына кіру/шығуға шектеу енгізіледі.

43.

Сатып алынған теміржол билеттерінің құнын өтеу туралы.

ТЖ мен карантин енгізілгендіктен, ««Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ жолаушылар билетін сатып алған азаматтарға қаржысын 100% мөлшерде қайтару туралы шешім шығарды.

44.

Ведомстволарға қарасты ұйымдардың жұмысы бойынша нақты нұсқаулар жоқ.

Денсаулық сақтау жүйесі , арнайы, құқық қорғау органдары, сот төрелігі, қорғаныс, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлердің штатының бір бөлігін қашықтықтан жұмыс нысанына (70%- ға дейін ), әсіресе қосалқы персоналды ауыстыру жүзеге асырылатын болады.

Бұл ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың штаттық режимде жұмыс қабілеттілігі қамтамасыз етілетіндігін білдіреді.

45.

Қоғамдық орындарды, автобустарды, аялдамаларды, жеделсатыларды, үй кіреберістерін, ұйымдар мен т.б. санитарлық тазалау, зарарсыздандыру бойынша жұмыстар қалай жүргізіледі?

Комиссия шешімімен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті негізде кіреберістерді, кіру есіктерін, лифтілерді, сүйеніштерді, терезе жақтауларын және т. б. дезинфекциялайтын болады. Дезинфекцияны ПИК өзі жүргізеді. Сондай-ақ, Нұр-сұлтанның әлеуметтік нысандарында, әуежайда, вокзалдарда, базарларда, СОО, адамдар көп жиналатын жерлерде санитарлық өңдеу және дезинфекциялау бойынша шаралары кұшейтілген. Барлық қызметкерлер медициналық маскалармен, антисептиктермен және басқа да дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етілген. Қоғамдық көлік жүргізушілері соңғы аялдамаларда жолаушылармен тығыз байланыста болатын орындарды, атап айтқанда, шынтақшалар, тұтқалар, орындықтар және валидаторларды "Гипохлорит" арнайы ерітіндісімен дезинфекциялайды. Сондай-ақ , автобустарда жолаушыларға арналған антисептиктер қойылған. Ауысым аяқталғаннан кейін маршруттық автобустар да заласыздандырылады. Жылы аялдамалар зарарсыздандырылып, карантинге жабылған. Күнделікті режимде ашық аялдамаларды жалпы пайдалану орындарының периметрі бойынша дезинфекциялау жүргізіледі.

46.

Қоғамдық көлік пен такси жұмысының тәртібі

19.03.20 ж. бастап қалалық және экспресс маршруттардағы автобустар саны 775-тен 621 бірлікке дейін (20%) қысқарады. Қалалық, экспресс, сондай-ақ қала маңына қатынайтын бағдарлар сағат 21:00-ге дейін жүреді . Қала маңына баратын автобустар саны 30%- ға қысқартылады.

Такси санитарлық нормаларды күшейте отырып, штаттық режимде жұмыс істейтін болҚала маңындағы маршруттар Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Воздвиженка, Қызылсуат, Ыбырай Алтынсарин, "Нұрлы"саяжай кенті үшін рұқсат етілген.

Ақмола, Қабанбай батыр, Рақымжан Қошқарбаев, Максимовка, Аршалы, Жалтыркөл, Софиевка елді мекендеріне баратын автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

47.

Теміржол, әуекөлігі, сапаржайлардың жұмыс тәртібі және сатып алынған билеттердің орнын толтыру

Автомобиль көлігі бойынша
22 наурыз күнгі сағат 00:00 бастап
Нұр-Сұлтан бағытында автомобиль көлігінің барлық түрімен жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады
Жолаушыларды автокөлік құралдарымен транзиттік тасымалдау Нұр-Сұлтан қаласы аумағына кірмей жүзеге асырылады.

"т/ж көлігі бойынша сондай-ақ, ағымдағы жылдың 22 наурызы күні сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласына/нан тасымалдауды жүзеге асыратын жолаушылар және қала маңындағы пойыздардың жүруі тоқтатылатын болады.

"22 наурыз күні сағат 00:00-ден кейін Нұр-Сұлтан станциясы арқылы жолаушыларды отырғызусыз/түсірусіз транзитпен өтетін жолаушылар және қала маңындағы пойыздардың жүруіне рұқсат етіледі."

"Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 22 наурызы күні сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының станцияларында қалыптастырылатын және оларға дейін келе жатқан жолаушылар және қала маңындағы пойыздармен жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады."

Әуе көлігі бойынша ағымдағы жылдың 22 наурызы күні сағат 00: 00-ден бастап жүк және халықаралық авиарейстерді қоспағанда, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына/әуежайынан жолаушылар авиарейстері тоқтатылады.

Төтенше жағдай кезінде әуе және теміржол көлігімен жол жүруден бас тартқан жолаушыларға билеттердің толық құнын қайтару арыз түсіру мерзіміне қарамастан қамтамасыз етілетіндігін атап өту қажет.

48.

Автобустар қаншалықты жиі зарарсыздандырылады?

Әр рейстен кейін.

49.

Қоғамдық көлік жүргізушілеріне маска беріле ме?

Әрбір жүргізушіге қызмет көрсетуге шыққан кезде маска беріледі.

Бұдан бұрын жүргізушілер тұрақты негізде медициналық куәландырудан өтеді. .

50.

Әлеуметтік қызметтердің барлығы (инватакси, үйде және әлеуметтік орталықтардағы әлеуметтік қызметтер) қамтасыз етіле ме?

Инватакси для лиц с нарушением зрения 87710460211.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі карантинді сақтауды ескере отырып, әлеуметтік қорғау мекемелерінде көрсетілетін болады. Әдістемелік жұмыс пен консультациялар онлайн режимде ұсынылатын болады. Инватакси қызметі өтінімдер бойынша ұсынылатын болады.

Байланыс:

  • Мүгедек балаларға арналған Инватакси: +77026070501, +77474336791
  • Арбаға таңылған адамдарға арналған Инватакси: +77017642554, 48-19-66
  • Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған Инватакси: +7710460211 .

51.

Уақытша тіркеу туралы білгім келеді. Блок бекеттерде соның мерзіміне қарап өткізеді емес пе?

Уақытша тіркелімдер мен тұрақты тіркелімдер 22.03.2020ж. сағат 00.00- ге дейін күшінде болмақ, кейін азамат карантинді өте алмайды, себебі қала жабылатын болады

52.

Құрылыс компаниясы қала шетінде тұратын қызметкерлерінің тізімін беруді қалайды. Посттарда қызметкерлерімізді өткізбей жатыр.

Карантинді аймақтан тыс тұратын құрылыс компаниялары 22.03.2020 жылғы 00.00 сағаттан кейін қалаға кіре алмайды (бұл құрылыс материалдары бар жүк көлігіне қатысты емес)

Төтенше жағдай режимі кезінде елдің аумағына кіру және одан шығу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 шешіміне сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, карантиннің және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында шектелген.

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары елге кіре алады. Кірудегі шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылатын болады.

53.

Посттағы 102 қызметкері қалаға кіріп-шығатын жұмыс орнынан анықтама күші ертеңнен бастап тоқтайтынын айтты.

Бүгінгі таңда 22.03.2020 дейін шектеулер жоқ. Барлық блок посттар профилактикалық режимде жұмыс істейді. Түсіндіру сипатындағы жұмыстар жүргізілуде, ЖАО өкілдерімен бірге тұрғындарға ақпарат жеткізіледі.

54.

Егер сауда үйлері жабылса, жұмысшылар уақытша жұмыссыз қалады. Оның несиесі не болады, қалай төлейді?

Үкімет төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша шұғыл қосымша шаралар пакетін қабылдауда, ол 7 негізгі бағытты қамтиды - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. ".

1. Кәсіпкерлер үшін "БЖК - 2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын синхрондау аясында теңгелей қаржыландыруға қол жеткізуді арттыру қарастырылған.

Біріншіден, несие беру 400 млрд. теңгеге арттырылып, 1 трлн. теңгеге жеткізілді.

Қаражат, бірінші кезекте, импортқа тәуелділікті төмендету және азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өндірушілерге берілетін болады .

"БЖК - 2025" мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиенің жоғарғы шегі 7 млрд. теңгеге дейін артады. Ағымдағы шығындарды жабу үшін бизнестің айналым қаражатын қаржыландыруды кеңейту ұсынылады

Екіншіден, соңғы мөлшерлеме біріздендіріліп, 6% құрайды.

Үшіншіден, "БЖК 2025" бағдарламасындағы салалық шектеулер алынып, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасында басым тауарлар тізімі кеңейтіледі.

2. Кепілдіктердің жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында "БЖК 2025" бағдарламасы аясында орта бизнес үшін несие сомасын 1 млрд. теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады, ол бойынша 50% мөлшерінде кепілдік беріледі.

Шағын бизнес үшін несие сомасын 85%- ға дейін кепілдікпен 360 млн. теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады.

Тұтастай алғанда, кепілдіктерді беру тетігі жеңілдетіледі.

3. Ағымдағы кезеңде орта бизнесті тексеру санын азайту ұсынылады. Айта кету керек, микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий жаряланған

4. ШОБ-тің жекелеген санаттары үшін салықтық ынталандыру көзделеді. Бұл – ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорт нысандары.

Осы санатты заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мүлік салығынан бір жыл мерзімге босату, бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтата тұру, 3 тоқсан үшін салық есептілігінің мерзімін ауыстыру ұсынылады.

5. АӨК субъектілерін несиелендіруді ұлғайтудан басқа салықтық ынталандыру көзделеді.

Ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитын АӨК биологиялық активтерінің импортына ҚҚС-тан босату көзделіп отыр. Сондай-ақ, 7 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлеуден босатылады.

6. Жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің кірістеріне салынатын салықтардан босату ұсынылады.

Дәленов атап өткендей, арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кірістері қазірдің өзінде салықтың салынуынан ағымдағы жылдың басынан босатылған. Қолданыстағы режим бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдау мүмкін деп санаймыз.

7. Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы әзірленуде.

Жалпы қаржыландыру 300 млрд. теңгені құрайды.

Жүргізілген скрининг нәтижелері негізінде іріктелген өңірлерде жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 200 мың жұмыс орны құрылатын болады.

Толық ақпарат алу үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жүгіну қажет.

ҚР-да тұтынушылық займдар бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады – ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова

"ҚР Президенті К. Тоқаевтың ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген кепілсіз тұтынушылық несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың кепілсіз тұтынушылық займдары бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізіп алған кезде сыйақы есептеуге тыйым салынатын болады.

""Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы үшін 12 ай ішінде мерзімі өткен берешектің 50% - дан астамын өтеген және кейіннен міндеттемелерді орындаған жағдайда теріс кредиттік тарихты түзету мүмкіндігі қарастырылады."

"Агенттік екінші деңгейлі банктермен және кредиттік нарықтың басқа да субъектілерімен, сондай-ақ ""Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы"" ЗТБ бірлесіп, мынадай шаралар қабылдауды ұсынады:

ҚР Азаматтық кодексінің 359-бабына сәйкес кредит бойынша міндеттемені орындамаған қарыз алушы еңсерілмейтін күш жағдайлары, яғни дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және т. б. сияқты төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар болған кезде мүлік үшін жауапкершілікте болмайды.

Осыған байланысты қарыздар мен микрокредиттер бойынша төтенше жағдайды енгізу себебінен туындайтын жеке және заңды тұлғалардың қарыздары және (немесе) микрокредиттері бойынша төлемдерді кешіктірген кезде айыппұлдар және (немесе) өсімпұлдар (тұрақсыздық айыбы) есептелмеуге тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, сонымен қатар ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерді қоса алғанда, барлық микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ қарыз беретін өзге де кредиторлар берген қарыздарға қолданылатын болады."

"""Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 3-тармағына және ""микроқаржы қызметі туралы"" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-тармағына сәйкес кредиторлар қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайда қарыз шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

Осыған байланысты банктер мен микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жай-күйі нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне 90 күнге дейінгі мерзімге негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда, төлемдерді кейінге қалдыру жөніндегі жұмысты жүргізуі қажет.

Бұдан басқа, банктер және кредиттік нарықтың басқа да субъектілері көрсетілген шараларды іске асыру үшін қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тетіктерін, халық пен бизнестің ыңғайлылығы үшін барынша қашықтықтан нысанда айқындайтын болады.

Агенттік Үкіметпен бірлесіп, Мемлекеттік бағдарламалар – қарапайым заттар экономикасы және Бизнестің жол картасы-2020 шеңберінде экономиканы несиелендіруді қолдау шараларын пысықтауда. Агенттік Қаржы нарығындағы ахуалдың күшейтілген мониторингін жалғастырады және аталған шаралардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді."

55.

Карантин қызмет көрсету саласына (сұлулық салоны, мейрамхана, дәмхана, асхана) қалай әсер етеді?

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы
11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 хаттамасына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантин мен төтенше жағдайды қолдану кезеңінде коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында төтенше жағдайды жою басшысы ШЕШТІ:
1. Мыналардың: ірі сауда объектілерінің, сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, отбасылық демалыс орталықтарының, әмбебап және азық-түліктік емес базарлардың, оның ішінде жұмысы штаттық режимде жалғастырылуы тиіс азық-түлік бөлімдерін, дәріханаларды және банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерін қоспағанда, осы объектілердің ішінде орналасқан автожуу, техникалық қызмет көрсету станцияларының;
онлайн тапсырыстарды және жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, кофе ішетін орындар, дәмхана, тойхана, банкет залдары, фудкорттар, асханалар, донер, лаунж барлар, тез тамақтану пункттері, отельдердің лобби барлары, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы іске асыратын «1000 орындық көшелік сауда» жобасының қатысушылары) (азық-түліктен басқа);
түнгі клубтар, барлар, қорқор тартатын бөлмелердің;
білім беру орталықтары, үйірмелер, артклубтар, балалар демалыс орындары, жеке меншік бала-бақшалар және басқалардың;
ойын-сауық объектілерінің (компьютерлік, караоке, букмекерлік және бильярдтық, PS-клубтар, квесталар, анти дәмхана, интернет клубтар, боулинг орталықтар және басқалар);

"спорт объектілерінің (фитнес, йога және массаж орталықтары, СПА салондар, аквапарктер, қоғамдық моншалар, бассейндер, солярийлер, тирлар, атыс алаңы және басқалар);

қызмет көрсету саласы объектілерінің (косметология, сұлулық салоны және т.б.);

онлайн тапсырыстар мен жеткізулерді көрсету мүмкіндігі бар азық-түліктік емес сауда объектілерінің;

кинотеатрлар, кинорумдар мен театрлардың;

онлайн тапсырыстарды және жеткізуді көрсету мүмкіндігі бар автосалондар, автобазарлар, автобөлшектерді және басқаларды сату салондарының қызметі тоқтатылды."

56.

Дәмхана мен мейрамханаларды жабу керек пе?

Қоғамдық тамақтану орындарының (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, тойхана, банкет залдары, фудкорттар, асханалар, донер, лаунж барлар, тез тамақтану пункттері) қызметі УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ.

57.

2-ші санаттағы елдерден келген азаматтар қандай талаптарды сақтауы тиіс?

2 санаттағы елдерден келген тұлғаларға қойлатын талаптар:

Тұлға ҚР аумағы бойынша жүріп-тұруға құқы бар.

Адамдар көп жүретін жерлерге бармауға, басқа адамдармен байланысты шектеуге кеңес беріледі.

ҚР шегарасын кесіп өткеннен кейін 14 күн бойы тұрғылықты жері бойынша телефон шалу арқылы ПМСП медицина қызметкерлерінің бақылауына алынады.

Медициналық көрсеткіштеріне қарай (вирус инфекциясы белгілері болса) тұлға ҚР есебінен емдеу және диагностикадан өткізу мақсатында МҰ жатқызылуы мүмкін.

58.

COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз санатқа кірмейтін елдерден келген адамдар қандай талаптарды орындауы тиіс?

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал қолайлы елден келген адамдар Қазақстанда ұсынылған профилактикалық шараларды сақтауы қажет: денсаулық жағдайын бақылау, жеке гигиенасын сақтау, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми интернет ресурстарда ұсынған ақпараттардан хабардар болу. Егер респираторлық инфекция белгілері пайда болған жағдайда үйге дәрігер шақыру.

59.

Нұр-Сұлтан қаласының қай дәріханаларында медициналық маска бар?

Қалалық дәріханалар күн сайын маскамен толықтырылуда. Масканың бар-жоқтығын i-teka.kz интернет ресурсынан біле аласыз. Егер белгілі бір дәріханада маска болмаса оператор өтініштерді тіркей алады және жедел арада қала дәріханаларын маскамен қамтамасыз ету бойынша жауапты ұйымдарға ақпарат бере алады.

60.

Сұлулық салоны, сауна, моншалар карантинге жабыла ма?

ТЖ және карантин кезінде сұлулық салондары, монша және басқа да қызмет көрсету салалары өз жұмысын тоқтатады.

61.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жаппай қан талдауын алуды жүргізе ме?

Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы жаппай қан талдауын алу жүргізіліп жатқан жоқ.

62.

Карантин кезінде салық органдарының жұмыс кестесі қалай болады?

Салық органдарының жұмыс кестесі штаттық режимде қалады.

63.

Карантин кезінде балабақша қызметкерлерінің еңбекақысы сақтала ма?

Еңбек Кодексінің 112 бабына сәйкес, жұмыстың уақытша тоқтауын рәсімдеу тәртібі мен жұмыстың тоқтауы уақытын төлеу жағдайы жұмыс беруші мен жұмысшыға қатысы жоқ болуы себепті еңбек, ұжымдық шартымен анықталады және ең төменгі еңбекақы көлемінен төмен емес (42 500теңге) мөлшерде белгіленеді.
Алайда тоқтап қалған жұмыс үшін төленетін төлем жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісімге сәйкес, ең төменгі жалақыдан жоғары болуы мүмкін. Ол жұмыс беруші қаржысынан төленеді.

64.

Сатып алынған жолдамалардың ақшасы қайтарыла ма? Оны туроператорлар қалай жүзеге асырады?

Туристік операторлар жолдамаларды сатуды тоқтатты, бірақ туристік пакетті бұдан бұрын сатып алғандар туристік операторға жүгініп ҚР заңнамасына сәйкес қаржысын қайтара алады.

65.

Мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер үшін қорғаныс құралдары қандай қаражатқа сатып алынады?

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 шешіміне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантин және төтенше жағдай күшіне енген кезеңде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жеке қаражат есебінен алынады.

66.

Дүкендерде қандай жұмыстар атқарылуда? Шағын дүкендерде бірнеше адам кезексіз, маскасыз бір уақытта азық-түлік алатындықтан қауіп жоғары.

Штаттық режимде санитарлық және дезинфекциялық күшейтілген шаралардың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілген.

67.

Көпбалалы отбасында бала ауырса, оның емі қалай жүзеге асырылады?

Коронавирус белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, кеуде тұсындағы ауырлық, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, жөтел, түшкіру, бұлшықеттердің ауырсынуы) 103 нөміріне хабарласып, бригаданың келгенін күту қажет. Барлық азаматтар, азаматтығы, әлеуметтік тобына қарамастан тегін ем алады. Вирусты жұқтырғандармен қатынаста болған барлық азаматтар мамандандырылған стационарға оқшауландырылады.

68.

Дәріханадағы бағалар қадағалана ма? (баға тез өсуде, антисептик, маскА, спирт, парацетамол және т.б. дәрілер жоқ). Масканы 100-200 тенгеден, этил спиртін 250-400 тнг (70,90 мл) сатып жатыр.

ҚР ҚМ Қаржылық бақылау жөніндегі комитеттің сенім телефоны: 70-84-78,31-61-45. Егер сіз медициналық маска мен антисептиктерді сатуда негізсіз бағаны көтеруге куә болсаңыз, ҚР ҚМ Қаржылық бақылау жөніндегі комитеттің сенім -телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: +7-708-478, 316-145

69.

Барлық СОО жабылды, мен жұмыссыз қалдым. Барлық мемлекеттік құрылымдар да жабық па?

Қызметкерлердің басым бөлігі (70%) қашықтықтан жұмыс істейді, әсіресе қосымша көмек көрсетуші персоналдар. Бұған денсаулық сақтау, арнайы, құқық қорғау органдары, сот, қорғаныс, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің мамандары жатпайды. Яғни, ведомствоға қарасты кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істейді.

70.

42500теңгені кім және қалай өтейді? Мемлекет пе әлде жұмыс беруші ме? Егер жұмыс беруші бас тартса, сот арызды қабыл алмаса, одан қалай өндірген дұрыс?

ҚР еңбек заңнамасының сақталуын "Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ мемлекеттік еңбек инспекторлары қадағалайды.
Басқармада екі бөлім бар. Еңбек қатынастарын қадағалау бөлімі, № 222 кабинетінің тел: 55-67-27, 55-68-88 және Еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қадағалау бөлімі, №212 кабинетінің тел: 55-68-84, 55-68-85, 70-32-22 және 70-32-78. Азаматтарға кеңес беру осы телефон нөмірлері арқылы жүргізіледі. Карантин аяқталған соң, көрсетілген басқармаға немесе сотқа жүгіне аласыз.

71.

Коммуналдық қызмет ақысын уақтылы төлемесе өшіріп тастауы мүмкін бе?

Карантин мен ТЖ кезінде коммуналды қызметтер тоқтатылмайды.

72.

Карантин себебінен жұмыс істемесең, сол кездегі коммуналдық қызметтерге жәрдемақы төлене ме?

Карантин мен ТЖ кезінде коммуналдық қызметтерге жәрдемақы беру қарастырылмаған.

73.

Қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен жағдайда еңбекақы қалай төленеді?

Тараптар келіскен жағдайда және өндірістік процесс мүмкіндік берсе, карантин кезінде жұмыс беруші қашықтықтан жұмыс істеуді қарастыруға құқылы.

Бұл жағдайда жұмысты жүзеге асыру жағдайы, жұмыс уақыты есепке алынып, шығындар тараптардың келісімімен белгіленеді (жұмыс берушінің актісі, еңбек шартымен), ал еңбекақы төлемі жұмыс істеген уақытқа сәйкес төленеді.

74.

Карантин кезеңінде жұмысшылардың еңбекақысы қалай төленеді?

Карантинге алынған барлық жұмысшыларға, медициналық мекемеде жатқанына немесе үйде оқшауланғанына қарамастан, уақытша еңбекке жараУақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша жәрдемақы заңға сәйкес төленеді, оның көлемі- 15 АЕК көп емес (39 765тг) мсыздығы туралы анықтама беріледі.

75.

Толық емес жұмыс режимі уақытына көшкенде еңбекақы қалай төленеді?

Бұл жағдайда жұмысшыға еңбекақы жұмыс уақытын есептеу туралы жұмыс берушінің құжатында көрсетілген нақты жұмыс істеген уақытына сәйкес төленеді.

Алайда толық емес жұмыс уақыты жағдайы жұмысшы үшін кодексте, еңбек, ұжымдық келісімдерде бектілген жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына, еңбек өтілін есептеуге және басқа да еңбек саласындағы құқықтарына еш шектеулер қоймайды.

76.

Мемлекеттік қызметкерлер үшін қашықтықтан жұмыс істеу қалай жүзеге асырылады?

Меморгандардың жұмыс уақыты бұрынғыша қалады. Жекелеген қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Жұмысшыны қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіру қажеттігін жұмыс беруші өзі шешеді.

Қашықтықтан жұмыс істеген кезде еңбекақы әдеттегі еңбек жағдайындағыдай, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс көлемі мен нәтижесіне, сипатына қарай төленеді.

Бұған қоса қашықтықтан жұмыс істеу жұмысшы үшін компенсация мен ынталандыру сипатындағы төлемдерге, жылсайынғы ақылы еңбек демалысының мерзіміне, еңбек өтілін есептеуде еш шектеулер қоймайды.

77.

Өндіріс тоқтатылған кезде жұмысшыларға еңбекақы қалай төленеді?

Жұмыстың тоқтауына байланысты төлемді рәсімдеу тәртібі мен талабы жұмыс беруші мен жұмысшыға қатысы жоқ себепті еңбек, ұжымдық шартпен анықталады және ең төменгі еңбекақыдан кем емес мөлшерде белгіленеді (42 500теңге).

Алайда жұмыстың тоқтауына байланысты төлем жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы тараптардың келісіміне сәйкес, ең төменгі жалақы мөлшерінен жоғары болуы мүмкін.

78.

Ақылы еңбек демалысы қалай беріледі?

Жыл сайынғы еңбек демалысын беру бекітілген тәртіп бойынша (демалыс кестесіне және кестеден бөлек тараптардың келісімі бойырша) жүзеге асырылады.

79.

Салық төлемі бойынша кейінге шегерудің тәртібі мен талабы қандай?

ҚР енгізілген төтенше жағдайға байланысты 2019жылғы салық есебін беру мерзімі оны электронды түрде ұсынған жағдайда 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылды, яғни 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін.
Сәйкесінше, 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін жіберілген декларациялар уақтылы тапсырылған болып есептеледі.
Ұзартылған мерзім келесі салықтық есеп формаларына ғана қатысты: корпоративті табыс салығы бойынша декларация
(форма 100.00, 110.00, 150.00, 180.00);
Жеке табыс салығы бойынша декларация
(форма 220.00, 240.00);
жеке табыс және мүлік салығы бойынша декларация (форма 230.00);
Көлік құралы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (форма 700.00);
қоршаған ортаға эмиссия төлеу бойынша декларация
(форма 870.00);
Жалға алу шарттарының реестрі (Тұтыну) (форма 871.00);
Фиксациялық шегерімдерді пайдалану жағдайындағы арнайы салықтық режим бойынша декларация (форма 912.00);
бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларация
(форма 920.00).

80.

Төтенше жағдай, карантин кезінде әділет органдарының жұмыс режимі қандай болады?

 

81.

Төтенше жағдай кезінде атқарушылық құжаттардың орындалу тәртібі?

Жұмыс режимі- басым бөлігі қашықтықтан, басшылық құрам орнында жұмыс істейді. Орындаушы әрекеттерді жеке тұлғалармен байланыссыз жүргіземіз. Жұмыс онлайн режимде, сотпен де солай.(процестер ватсаппен жүргізіледі).

82.

ТЖ кезінде сот орындаушылар өз жұмысын тоқтатса, қажетті ақпаратты қайдан аламыз?

 

83.

Атқарушылық өндіріс тараптары Нұр-Сұлтан қаласынан алыста орналасқан. Карантин кезінде сот орындаушы қызметіне шағым түсіруді қалай жүзеге асыра аламыз?

Жоғары соттың ақпараттық жүйесіндегі сот кабинетінің мүмкіндігін пайдалана отырып шағым түсіруге болады.

84.

Бүгін ПИК-тің анықтамасы арқылы карантин секторларына бөледі. Өз секторы ішінде жүріп-тұруға рұқсат беріле ме?

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин аймақтары бекітілмеген. Қала ішінде еркін жүріп-тұруға шектеулер қойылмаған.

85.

Қалалық штабтың байланыс ақпараты

105, 22-15-51 егер сіздің теміржол немесе көлік бойынша қалалық штабқа сұрағыңыз болса осы нөмірлерге хабарласа аласыз.

86.

Дәріханалардағы бағалар қадағалана ма? (баға тез өсуде, антисептик, маска, спирт, парацетамол және т.б. дәрілер жоқ.). Масканы 100-200 тенгеден, этил спиртін 250-400 тнг (70,90 мл) саудалауда.

Егер сіз медициналық маска мен антисептік құралдардың бағасы негізсіз көтерілгеніне куә болсаңыз онда ҚР ҚМ Қаржылық бақылау жөніндегі комитеттің келесі сенім телефонына: +7 (7172)70-84-78, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЭТБ телефонына: +7 (7172) 31-61-45 хабарласуыңызды сұраймыз.

87.

Егер коронавирус туралы жағдай анықталса, не істеу керек?

Үйден шықпай, жедел жәрдем қызметін 103, 1406 телефондары арқылы шақыру қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz