Қазіргі кезде елордада жалпы ауданы 396,4 га 9 парк, ауданы 30 га 4 желекжол, сондай-ақ 131,9 га 90 гүлбақ бар.

Қаладағы ағаштардың жалпы саны 369 мыңнан асады. Бұл көрсеткіш саябақтар мен гүлбақтар салу және қайта жаңартудың, көгалдандырудың есебінен,сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) сәйкес жаңа құрылыс нысандарының аумақтарын көгалдандырудың нәтижесінде жыл сайын артып отырады. Астанада ағаштардың ұласып өсу деңгейі орташа шамамен 92% құрайды.

2015 жылы қала бойынша 19 202 ағаш, соның ішінде Алматы ауданында – 7 552, Сарыарқа ауданында – 2 136, Есіл ауданында 9 514 ағаш отығызылды. Сонымен қатар, 4891 погондық метр бұталы қоршау жасалды

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz