Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес инфрақұрылым нысандарының, ауруханалардың, емханалардың, мектептердің, балабақшалардың, мұражайлардың, театрлардың, жоғары және орта оқу орындарының, кітапханалардың, оқушылар сарайларының, спорт кешендерінің, әкімшілік және тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүргізетін және пайдалануға тапсыратын инвесторлар үшін салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған;

- Индустриялық парктің аумағында жаңа өндірістерді салу және ашу.

«Астана – жаңа қала» АЭА аумағында төленбейді:

  • кедендік баж салықтары;
  • импорттық тауарларды әкелу кезінде қосымша құн салығы;
  • мүлік салығын есептеу кезінде салық салынатын нысандардың орташа жылдық құнына 0 мөлшерлемесі қолданылады (Республиканың Салық Кодексінің 151 бабы 3 тармағының (2 тармақша));
  • жер салығын есептеу кезінде сәйкес мөлшерлемелерге 0% коэффициенті қолданылады(ҚР Салық кодексінің 151-1 бабының 2 тармағы);
  • корпоративтік кіріс салығын есептеу 100% азайтылады (ҚР Салық кодексінің 151-1 бабының 3 тармағы).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz