Елордада Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны негізінде жануарларға арналған уақытша пана жұмыс істейді.

Иттер мен мысықтарды уақытша қамқорлыққа алатын орын 300 темір тордан тұрады. Жануарларды ұстау мерзімі –  2 ай. Онда иттер мен мысықтар қажетті деңгейде күтіледі, тамақтандырылады. Темір торларда күнделікті механикалық тазалау және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Аталған мекеме шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының базасында Астана қаласы Ақсүмбе тұйық көшесі, 1 мекен-жайы бойынша орналасқан, тел: 28-59-70, 57-03-54, +77761097776 (WhatsApp).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz