Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы

ЖАКЕНОВ Берік Оралұлы 1978 жылы 25 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген.

Жоғары білім:

  • «Экономист» мамандығы бойынша диплом.
  • 2000 жылы – Шәкәрім атындкағы Семей мемлекеттік университеті.
  • 2015 жылы – Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің магистратурасы.

Еңбек жолы:

  • 13.07.2000 - 27.10.2000 Көкшетау қ. Қазақстан Республикасының Салық полициясы органдарында
  • 27.10.2000 - 08.10.2001 Астана қ. 83205 ә/б Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде
  • 07.05.2002 - 11.05.2007 салық қызметі органдарында
  • 11.05.2007 - 26.01.2009 Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі, кеңесшісі
  • 27.01.2009 - 15.01.2010 Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары
  • 15.01.2010 - 14.03.2011 Астана қ. «Нұр Отан» ХДП хатшылығының меңгерушісі
  • 14.03.2011 - 08.04.2014 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің мамандандырылған басқармасында
  • 09.04.2014 - 31.03.2015 Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Сарыарқа» ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, Астана қ.
  • 19.08.2015 - 09.10.2016 Астана қ.Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы
  • 10.10.2016 ж. бастап қазыргі уақыттаАстана қаласы әкімі аппаратының жетекшісі

Әкім аппаратының басшысы:

1) әкім аппараты туралы ережені әкімге бекітуге ұсынады, аппараттың құрылымы мен штаты бойынша ұсыныстар дайындайды, қала әкіміне бекітуге әкім аппаратының штат кестесін енгізеді

2) әкім аппараты бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырады және жолдайды;

3) конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша әкім аппаратының бөлім меңгерушілерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстарды әкімнің қарауы үшін дайындайды, әкім аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады

4) әкім аппаратының бөлімдері туралы ережелерді және олардың қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді

5) әкім тапсырмаларының орындалуын, әкім аппаратында құжаттардың өтуін бақылау бойынша жұмыстарды үйлестіреді

6) әкім аппараты бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтарды бекітеді

7) әкім аппаратында ішкі еңбек тәртібін бекітеді

8) әкім аппаратының шығыстар сметасын бекітеді және оның шегіндегі қаржыға иелік етеді

9) қызметтік құжаттамаға қол қояды

10) әкім аппаратының қызметкерлерін жоғарылатады және оларға тәртіптік жаза қолданады

11) әкім аппаратының қызметкерлерін қызметтік іссапарларға жібереді

12) нормативтік құқықтық және өкімдік актілердің жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады

13) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді

14) Астана қаласы әкімі аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтамағаны үшін дербес жауапты болады

15) осы ережеде көзделген, сондай-ақ оған әкім жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz