Smart мектеп

Жобаның мақсаты Астана қаласының мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мектеп процесстерін автоматтандыру болып табылады. 

Негізгі компоненттері: қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (ҚББЖ), бейнебақылау, e-асхана, е-кітапхана және жеке кабинет.

2015 жылы маусым айында қолданысқа енгізілді, «№3 мектеп-гимназия» ММ және «№15 мектеп-лицей» ММ іске асырылып келеді. 

ҚББЖ модулі мектепке кіргенде оқушылардың барлығын есепке алуға мүмкіндік береді және бөтен адамдардың кіруіне шектеу қояды. 

Жобаны іске асырудың нәтижелері:

  • мектепте оқушылардың қауіпсіздік деңгейін 85% арттыру;
  • бөтен адамдардың мектепке кіру жағдайларының 90% алдын алу;
  • мектептерде штаттан тыс жағдайлардың 75%-ның алдын алу;
  • кітапхана қорын есепке алудың 60% астамын автоматтандыру.

Сервистік модель бойынша қызмет көрсету және инвестицияларды тартудың есебінен елорданың барлық мектептерін қамту жоспарланған

Smart емхана

Жобаның мақсаты ішкі және сыртқы процесстерді автоматтандыру есебінен медициналық қызметтердің сапасын жақсарту болып табылады.

Жобаның негізгі компоненттері – ақпараттық жүйе, өз-өзіне қызмет көрсету терминалы, smart.astana.kzпорталыарқылы онлайн жазылу.

2015 жылғы маусым айында қолданысқа енгізілді, Астана қаласының №4 қалалық емханасында іске қосылды.

Жоба аясында 300 астам жұмыс орны автоматтандырылды, персоналдың ішінен 631 адам оқытылды, жобаның ақпараттық жүйесіне тексерулер хаттамаларының 750 астам түрі жүктелді, жобаның ақпараттық жүйелері арқылы 106 мыңнан артық пациентке қызмет көрсетілді, 2 мыңға жуық пациент дәрігердің қабылдауына ғаламтор мен өз-өзіне қызмет көрсету терминалы арқылы онлайн режимде жазылды.

Жобаның нәтижелері:

  • Емхана дәрігерінің пациентке қызмет көрсету уақытын 10 минутқа дейін азайту;
  • Емхананың тіркеу бөлімінде кезекті 30% қысқарту;
  • Диагностикалық зерттеулердің жеделдігі мен ақпараттылығын кем дегенде 85% арттыру, медицина қызметкерлерінің уақытын үнемдеу.

Сервистік модель бойынша қызмет көрсету және инвестицияларды тартудың есебінен елорданың барлық емханаларын қамту жоспарланған.

Smart tickets

Smart Tickets мақсаты – сатуды автоматтандыру арқылы Астана қаласында мәдени және спорттық шараларға билеттер сатып алу үшін қолжетімділікті арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау. 

«Smart tickets» жобасын жүзеге асыру халыққа қызмет көрсету сапасын арттырып, елорда тұрғындары мен қонақтарына кассаға баратын уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, мекемелердің қаржылық қызметінің айқындылығын қамтамасыз етеді. 

Жоба Астана қаласы әкімдігіне қарасты мәдени және спорттық мекемелер таңдалды. 

2015 жылы «Smart tickets» жүйесіне 11 мәдени нысан қосылды. 

Қаладағы басқа да нысандарды (кинотеатрларды) қосу жоспарланған. Сонымен қатар, бірыңғай билет жасау көзделген, онда туристер үшін туристік пакет, кез келген мәдени, спорттық мекемелер мен музейлерге бару мүмкіндігі қарастырылады. 

Нәтижесінде:

  • Гаджеттерді пайдаланудың арқасында билет сату 30% артады;
  • Мәдени және спорт мекемелерінің кассаларына баратын уақыт үнемделеді;
  • мекемелердің қаржылық қызметінің айқындылығы қамтамасыз етіледі;
  • Мәдени және спорт мекемелердің қаржылық көрсеткіштері мен адамдардың баруы бойынша сараптамалық есептің кез келген нысанын қалыптастыруға болады. 

Smart payments

Жобаның мақсаты тұтынушыларға барлық төлемдерді жасауға бір шот жасау болып табылады.

Жобада коммуналдық қызметке бірыңғай төлем құжаты арқылы төлеу тетігі қарастырылған.

Smartpayments - электрондық форматта коммуналдық қызметтер үшін төлеу, ол пайдаланушыларға сумен жабдықтау, коммуналдық қалдықтарды шығару, тұрғын үй-пайдалану шығындары, электр қуаты, жылыту, телекоммуникация қызметтері үшін төлем жасауға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, жеке кабинетте Қазақстан Республикасының «Дербес мәліметтер және оларды қорғау туралы» Заңының талаптарына сәйкес, төлем жасау тарихы сақталады.

Пайдаланушы авторизацияланғаннан кейін жеке кабинетіне кіріп, абонентті сәйкестендіру жүргізіледі. Электронды әмиянды төлем терминалдары және банк карточкасы (Visa) арқылы толтыруға болады. 

Smart көше жарығы

Мақсаты – көшелердегі жарықтандыру құралдарын қуаттылықты реттеуіштермен жабдықтау арқылы көшені жарықтандырудың тиімділігін қамтамасыз ету, көшені жарықтандыруға жұмсалатын эксплуатациялық шығындарды азайту.

2015 жылы маусым айында Астана қаласының Есіл ауданы Еңбекшлер көшесінде қолданысқа енгізілді.

Жоба аясында 43 ескі натрий шамдар жаңажарық диодты шамдарға ауыстырылды, көшені жарықтандыру мен саябақтарды жарықтандыру объектілері тексерілді (жалпы қалада көшен жарықтандыратын 30 177 шам және 17 542 саябақты жарықтандыратын шам орнатылған).

Нәтижесінде электр энергиясын үнемдеу 50% жетті немесе өткен жылдардың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 244 мың теңгені құрады (пилоттық жобаны іске асырғанға дейін – 52 310 кВт электр қуаты, пилоттық жоба іске қосылғаннан кейін – 24 792 кВт).

Жобаның тиімділігі:

  • Шамдарды алыстан басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламамен қамтамасыз ету, сондай-ақ, әр шамның жағдайы туралы бөлек мәлімет алу;
  • әр шамға түсетін жүктемені басқару;
  • өткен жылдардың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын 51% артық үнемдеуге қол жеткізу.
  • Алыстан мониторинг жасау мен бақылаудың есебінен эксплуатациялық шығындарды азайту, сондай-ақ, бригадалардың шығуын қысқарту;
  • Шамдардың құрамында зиянды заттар (сынап) болмағандықтан, оларды арнайы пайдаға асыру қажет емес;
  • Смартфонның, планшеттің көмегімен онлайн режимде жарықтандыруды алыстан басқару.

Жоба аясында ЖМӘ моделі бойынша көшені жарықтандырудағы 47 мың натрий шамын қазіргі заманғы және қауіпсіз жарықдиодты шамдарға ауыстыру жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz