1331

В столице разрабатывается комплексный план по трудоустройству рабочих «Абу-Даби Плаза»

5 ақпан 2018 жылы Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалына «Абу Даби Плаза» нысаны құрылысының мердігерлік мекемесінің 62 жұмысшысы келіп шағымданды. Құрылысшылардың шағымдануына «World Monitoring» ЖШС, «Экспо Строй» ЖШС, «Казахстан Строй Техно» ЖШС, «Казинжиниринг провайдер» ЖШС мердігер мекемелерімен еңбек келісімшартының мерзімі бітуіне байланысты келісімді үзуі себеп болған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Өз кезегінде қала әкімі Ә.Исекешев Астана қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сапаровтың төрағалығымен құрамында «Астана қалалық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау» ММ, «Астана қалалық ішкі саясат басқармасы» ММ, Прокуратура және Астана қалалық ІІД, «Атамекен» ҰКП, Астана қаласыкәсіподақ орталығы мен қоғамдастығы бар жұмыс тобын құрды.

Жұмыс тобы мердігер құрылыс компания басшыларымен, жұмыстан шыққан қызметкерлермен кездесу барысында ҚР заңына сәйкес еңбек келісімшартына, басқа да қажетті құжаттар мен жұмыс кестесіне жіктеп-жіктеп талдау жасады. Қаралған материалдардан жұмысшылардың «Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясының филиалымен еңбек келесімшартына тұрмағандығы, ал «Абу Даби Плаза» нысаны құрылысының жұмысын бұрынғы айтылған субмердігер мекеменің жұмысшылары ретінде атқарған.

Жұмыс тобының қатысушылары өз компетенцияларының шеңберінде шиеленіскен ахуалдың жағдайы мен салдарын саралай келе, нысанның құрылысын аяқтауға байланысты нысандағы жұмыс көлемін жоспарлы түрде қысқартқанын, ҚР Еңбек Кодексінің 49 бап, 2 тармағына сәйкес (еңбек шартының мерзімі өтіп кеткен) және 51 баптың 3 тармағындағы (еңбек шартының көрсетілген күні өтіп кеткен, бұл жұмыстың біткен күні), жұмыс берушілер жазбаша түрде алдын ала жұмыстан босату туралы хат жіберіп, ақшалай өтемақы қарастырылмағанын айтуы себеп болған деген тұжырымға келді. 

8 ақпан күні жұмыс тобымен Астана қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалында мердігер мекеменің өкілдерімен және нысанның бұрынғы жұмысшыларымен кездесу өткізіліп, мердігер мекемелердің қызметкерлер алдында әлеуметтік жауапкершілік пен құқықтық қарым қатынасы талқыланды. Кездесудің нәтижесінде 4 мердігер мекеме атқарылған жұмыстардың спецификалық күрделілігі барын, сондай-ақ ауыр жұмыс кестесін ескеріп, бұрынғы қызметкерлерге ақшалай сыйақы беруді шешті. Кездесу барысында құрылысшыларға ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес құқықтарын түсіндірді және келесі жолы жұмысқа орналасар кезде олардың астаналық Жұмыспен қамту орталығына келіп, өзінің заңды мүддесін қорғау мақсатында еңбек келісім шартын бекітерде тегін заң кеңесін алуға болатынын айтты.

Одан басқа жұмысшыларды еңбекке орналастыру мақсатында 10 ақпанда Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалында Астанадағы құрылыс компанияларының басшыларын шақырып бос орындарға жәрмеңке өткізді. Жәрмеңке нәтижесінде бос орынға 51 адам жұмыс берушілерге өтініш қалдырды. Ал «Абу Даби Плаза» нысанындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау шараларына қатысты субмердігер мекемелер алдағы уақытта жұмыс орнын жоспарлы түрде азайтпақ. Осыған байланысты жұмыс тобы жұмыстан босап қалғандарды еңбекке орналастыру бойынша кешенді жоспар әзірлеуде.

Астана әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, бүгінге дейін 4500 бос жұмыс орны, оның ішінде 1400 мамандыққа арналған жұмыс орны бар. 

Любое использование материалов допускается при наличии активной гиперссылки на официальный сайт города Нур-Султан http://astana.gov.kz

Здравствуйте, я Mr.iKomek - виртуальный оператор Единого контакт-центра iKomek акимата города Нур-Султан. Для получения сервиса пройдите первичную регистрацию или войдите в личный кабинет.
Введите свои данные.
Регистрация прошла успешно!
Для входа в личный кабинет введите свой логин и пароль.
Просим детально изложить суть обращения и при наличии прикрепить фото/видео материалы.
Статус по обработке Вашего обращения доступен в личном кабинете, также Вы можете воспользоваться функцией поиска обращения по регистрационному номеру.
Для получения информации о статусе проработке обращения введите регистрационный номер обращения.
Что-то пошло не так?! Попробуйте еще раз воспользоваться данным сервисом.
Теперь Вы можете отправить обращение в центр iKomek или посетить свой личный кабинет.
Воспользуйтесь дополнительными функциями сервиса центра iKomek, такими как «Поиск обращения», «Пройти опрос».
С дополнительной информацией по центру iKomek возможно ознакомиться в разделе «FAQ» / «Часто задаваемые вопросы».
Нур-Султан - город для комфортной жизни!
iKomek 109