13.02.2019 ж. № 510-228 қаулы
Мемлекет мұқтажы үшiн жер
учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен
шығару (сатып алу) туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу, Ақжол көшесін (бұрынғы Угольная көшесі) жобалау мен салу үшін берілген, Астана қаласы, Железнодорожный тұрғын алабының ауданында орналасқан, жалпы ауданы 19,0436 га жер учаскелерін 2019 жылғы 6 мамырдан бастап 2020 жылғы 6 мамырға дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп, оның ішінде сатып алу жолымен иеліктен шығарылсын.
- «Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей меншік иелеріне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да әрекеттерді орындасын.
- Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
- Меншік иелері алдағы уақытта жүргізілетін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде Астана қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
- «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.
Астана қаласының әкiмі Б. Сұлтанов
-
прил 19,0436 га каз.docx 510-228 Docx 25.21 Кб
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz