226

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналардың:

1) «Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 814 болып тіркелген,    2014 жылғы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 29 мамырда № 57 (3115) «Астана ақшамы», № 58 (3133) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған);

2) «Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 107-1903 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 973 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 8 желтоқсанда № 138 (3343) «Астана ақшамы», № 138 (3361) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Б. Мәкен
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ш. Қадырова

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109