1123

«Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ

«Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин

шаралары туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 6 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ

 

26 ақпан  2021 жыл                                                                                                                                                                     Нұр-Сұлтан қаласы

 

            Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 68 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуінің төмендеуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» Нұр - Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 ақпаныңдағы № 6 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1.1. 3.27-тармақшасын өзгертіп және мынадай редакцияда  жазылсын «қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыру мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін, тамақты жеткізу және алып кету жұмыстарын штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады».

1.2. 3.58-тармақшасын өзгертіп және мынадай редакцияда  жазылсын «орналасқан жеріне қарамастан, ас үйдің дайын тағамдарды жеткізу және алып кетуге жұмысын қоспағанда, фудкорт, банкет және салтанатты залдардың жұмысына тыйым салу».

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

2.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

2.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы 2021 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері                                                                     С.С. Бейсенова

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109