641

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.04.2021ж. № 510-1348 «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 197-1141 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыда:

1-тармақта:

«2015 жылғы 30 қазанда» деген сандар мен сөздер «2021 жылғы 10 тамыздан бастап 2022 жылғы 10 тамызға дейін» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

«(бұдан әрі – Құрылыс салушы)» деген сөздер алынып тасталсын.

2, 3-тармақтарда:

«Құрылыс салушы» деген сөздер «Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй саясаты басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Н. Нұркенов
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Құрылыс және тұрғын үй саясаты
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы А. Саипов
«Нұр-Сұлтан қаласының
Сәулет, қала құрылысы және
жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Ұранхаев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109