513

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 20.04.2021ж. № 510-1349 «Жер учаскелерiн шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы» қаулысы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – құрылыс салушы) мүддесіне:

1) қоса беріліп отырған сызбаға және 1-қосымшаға сәйкес 10кВ кабель желісін жүргізу және пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Жеңіс даңғылы, № 11 үй мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 0,8791 га;

2) қоса беріліп отырған сызбаға және 2-қосымшаға сәйкес 10кВ кабель желісін жүргізу және пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 4 үй мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 0,3749 га;

3) қоса беріліп отырған сызбаға және 3-қосымшаға сәйкес (КЛ-10кВ) кабель желісін жүргізу және пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Е115 (жобалық атауы) көшесінің ауданында орналасқан жалпы ауданы 1,3518 га;

4) қоса беріліп отырған сызбаға және 4-қосымшаға сәйкес 10кВ кабель желісін жүргізу және пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, «Чубары» ЗРУ-10кВ бастап «Энергоцентр-2» РП дейінгі мекенжайда орналасқан жалпы ауданы 1,4232 га;

5) қоса беріліп отырған сызбаға және 5-қосымшаға сәйкес КЛ-10кВ «Южная» ЗРУ-10кВ бастап РУ-10кВ ТП-1131 дейінгі резервтік электрмен жабдықтауды жүргізу және пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Қараөткел тұрғын алабы ауданы, № 22-1 (жобалық атауы) және Сұлутөр көшелерімен орналасқан жалпы ауданы 0,1940 га;

6) қоса беріліп отырған сызбаға және 6-қосымшаға сәйкес 10кВ кабель желісін жүргізу және пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, РП-82 бастап ТП-1531 дейінгі мекенжайда орналасқан жалпы ауданы 0,5721 га;

7) қоса беріліп отырған сызбаға және 7-қосымшаға сәйкес 10кВ кабель желісін жүргізу және пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, «Чубары» ЗРУ-10кВ бастап РП-84 дейінгі мекенжайда орналасқан жалпы ауданы 0,5315 га;

8) қоса беріліп отырған сызбаға және 8-қосымшаға сәйкес 10кВ кабель желісін жүргізу және пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, «Заречный» ЗРУ-10кВ бастап РП-84 дейінгі мекенжайда орналасқан жалпы ауданы 0,0184 га;

9) қоса беріліп отырған сызбаға және 9-қосымшаға сәйкес 10кВ кабель желісін жүргізу және пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, РП-84 бастап ТП-1535 дейінгі мекенжайда орналасқан жалпы ауданы 0,2981 га;

10) қоса беріліп отырған сызбаға және 10-қосымшаға сәйкес РУ-10кВ РП-84 бастап РУ-10кВ ТП-1081 дейінгі КЛ-10кВ резервтік электрмен жабдықтауды жүргізу және пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Шұбар тұрғын алабы ауданы, Д. Қонаева, Түркістан және Арай көшелерімен орналасқан жалпы ауданы 0,4331 га жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

  1. Құрылыс салушы осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға көрсетілген жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу және көрсетілген жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау мерзімдері туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
  2. Құрылыс салушы жер учаскесін пайдаланғаны үшін (қауымдық сервитут) он жұмыс күні ішінде «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен ауданы 1-тармақтағы 1) тармақшада – 0,7394 га, 2) тармақшада – 0,2657 га, 3) тармақшада – 1,6236 га, 4) тармақшада – 0,9823 га, 5) тармақшада – 0,1498 га, 6) тармақшада – 0,5492 га, 7) тармақшада – 0,2012 га, 8) тармақшада – 0,0008 га, 9) тармақшада – 0,2820 га, 10) тармақшада – 0,4196 га мемлекет меншігіндегі жерлерге жер учаскелеріне қауымдық сервитут шартын жасассын.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Н. Нұркенов
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев
«Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасы»
мемлекеттік мекемесі іс
басқарушысының орынбасары С. Хорошун
«Нұр-Сұлтан қаласының
Сәулет, қала құрылысы және
жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Ұранхаев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109