57324

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларын қатаңдату туралы ҚАУЛЫ

          24 маусым  2021 жыл                                                 Нұр-Сұлтан қаласы

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 68 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 9 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 10 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 12 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 12   сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 13 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 17 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" мобильді қосымшасын енгізу туралы" 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі мен сақталып отырған жоғары деңгейін және Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "қызыл аймағында" болуын ескере отырып  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына келесі талаптарды сақтау жалғастырылсын:

1.1. "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;

1.2. қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, кинотеатрларға, бильярдқа, караокеге, кинорумдарға, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотерея ұтыс ойыны, балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), оның ішінде мұзды және роликті сырғанақтарға бармау;

 1.3. «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

1.5. міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беру;

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсін:

2.1. InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастау;

2.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыру;

2.3. шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстыру үшін  InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру;

2.4. кәсіпкерлердің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында карантин режимін бұзу фактілері мен шағымдарын орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz.сайтын пайдалану;

2.5. InfoKazakhstan.kz сайтына шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыру;

2.6. InfoKazakhstan.kz. сайтына кәсіпкерлік субъектісімен объектінің паспортына келушілердің ғимараттарды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу  (осы қаулымен және "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 9 қаулысына және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 17 қаулысына қосымшалармен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі).

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына, кәсіпкерлік субъектілеріне:

3.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыру:

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2) спа- орталықтары;

3) сауналар, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтары (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) асхана үлгісіндегі стрит-фуд объектілерін қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;

9) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

10)  бильярд клубтары;

11)  концерт залдары;

12)  караоке;

13)  көрмелер;

14)  океанариум;

15)  марафондар;

16)  көрермендермен спорттық іс-шаралар.

17)  лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері;

18)  балалар ойын-сауық орталықтары (жабық);

19)  цирктер;

20)  қонақ үйлер, отелдер

21) ерікті қатысушылар.

3.2. Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулысына сәйкес «қызыл аймақта» болуын ескере отырып іске асыруды қамтамасыз етсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Діни істер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС, зертханалар мен медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

4.1. меншік нысанына қарамастан, қаланың зертханалары мен медициналық ұйымдарына ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеуге жолдаманы толтыру, зерттелетін адамның барлық деректерін ҚР БМСД №67 қаулысының 41-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес толтыру және электрондық жолдаманы ҰСО бірыңғай интеграциялық порталында (бұдан әрі – БИП) тіркеу(қол жеткізу мүмкін болған сәттен бастап);

4.2.оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесін және есепті 3 сағат ішінде қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ұсыну;

4.3.КВИ-ға қарсы вакциналардың көлемін жеткізу туралы және КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингенттер туралы ақпаратты КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен оларды вакцинациялаудың басымдылығын анықтау және келісу үшін ұсыну;

4.4. өндірістік қажеттілікке байланысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс түріне көшіру. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызмет қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескерусіз жүзеге асырылады. Бұл ретте соңғы 3-6 ай ішінде COVID-19 -ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі;

4.5. сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту;

4.6. қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс кестесі жұмыс және сенбі күндері штаттық кестеге сәйкес, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады;

4.7. қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен ұйымдастыру;

4.8. діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмыс және демалыс күндері күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге, оның ішінде мешіттер, православие шіркеулері және басқа діни объектілер аумағында ашық ауада, сондай-ақ 30-дан аспайтын адамның қатысуымен еске алуды өткізуді қоса алғанда "Ashyq" жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын тыйым салумен ұйымдастыру;

4.9. кеңестерді, отырыстарды күндізгі режимде өткізуге, оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігінің болмауы негізделген жағдайда ғана  № 68 ҚР БМСДҚ-ның Қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып  рұқсат беру;

4.10. ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.11. «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесі жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.12. онлайн режимінде көрсетілмейтін қызмет бөлігіндегі ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.13. денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру;

4.14. жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын  қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша,   күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.15. серіктесінде  нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы немесе COVID-19 вакцинациясының толық курсын алғанын растайтын құжат болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат беру;

4.16. ЖОО және колледж студенттерінің бітіру емтихандарын қашықтық режимінде тапсыруды ұйымдастыру. Жоғары оқу орындары мен колледждерде бітіру кештерін ұйымдастыруға және өткізуге және дипломдарды офлайн режимде тапсыруға тыйым салу;

4.17. жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне диплом беру бойынша жұмысты адамдардың көп шоғырлануын болдырмаумен және беру кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.18. білім беру мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салу;

4.19. меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Тәрбиелеу объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезде объектіні карантинге жабу осы Қаулының №1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі;

4.20. балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, білім беру орталықтарының жұмысын (15 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру; 

4.21. балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.22. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, уақыты мен саны бойынша шектеумен, қаржы нарығы субъектілерінің (екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) қызметіне рұқсат беру;

4.23. бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және басқа жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған азық-түлік емес тауарларды сататын сауда бутиктерін (бөлімдерін) қоспағанда, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері  штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру. Соңғы 3-6 ай ішінде міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады;

4.24. туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмысын 80%-дан артық емес толтыру кезінде, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

4.25. сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылықты сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, бұл нысандардағы COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттердің орналасуына қарамастан жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру (азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді, осы Қаулымен орналасқан жеріне қарамастан қызметі рұқсат етілген объектілерді және «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілерін қоспағанда). Бұл ретте, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына 4-қосымшаға сәйкес олар үшін өлшемшарттар қолданылатын «Ashyq» жобасына қатысатын фудкорттарды қоспағанда, фудкорттардың жұмысына тамақты тек штаттық режимде жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады;

4.26. ашық ауадағы аттракциондардың жұмысын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және іргелес аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа да орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.27.  аниматроникстер театрларының жұмысын қатаң түрде галереялар/музейлер типі бойынша жұмыс режимінде әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден артық емес, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін  жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.28. «Ashyq» жобасына қатысатын океанариумдардың жұмысын топтық экскурсияларға (15 адамнан аспайтын) рұқсат бере отырып, бір келушіге кемінде 4 м2 есебінен, күшейтілген санитариялық - эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.29. кітапханалардың және мұражайлардың жұмыстарына күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, топтық экскурсияларды ұйымдастыруға тыйым салу және  штаттық жұмыс режимін белгілеу.

4.30. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін көрмелердің жұмысына 1 келушіге кемінде 6 м2 есебінен 70%-дан артық емес, бірақ бір уақытта 150 адамнан аспайтын толтыру кезінде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық жұмыс режимін белгілеу;

4.31. су аттракциондарынсыз бассейндердің жұмыс істеуі бөлігінде жабық жағажайлар мен аквапарктардың жұмысын бекітілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру;

4.32. мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі (ғимараттардың ішінде) қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым сала отырып ұйымдастыру;  Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына 4-қосымшаға сәйкес олар үшін өлшемшарттар қолданылатын "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, ашық ауада отыратын орындарының саны 30-дан аспайтын (жазғы залдарда) жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, тамақты штаттық режимде жеткізу және шығару. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады;

4.33. асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің  жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, ғимарат ішінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын отырғызу орындарын сақтай отырып  ұйымдастыру;

4.34. жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын бір келушіге кемінде 4 м2 есебінен толтырылуымен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, азық-түлік емес базарлар үшін COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттердің орналасуына қарамастан жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (оларда орналасқан COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттерінің жұмысын қоспағанда);

4.35. ашық ауада азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.36. ашық ауада азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын "демалыс күні" жәрмеңкесін қоса алғанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, демалыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып  ұйымдастыру;

4.37. азық-түлік тауарларын өткізу бойынша дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, бір сатып алушыға 4 м2 есебінен толтырылуын сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.38. азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің жұмысын бір сатып алушыға жобалық қуаттың 4 м2 есебінен 30% -дан артық емес толымдылығын сақтаған жағдайда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай  отырып, сауда алаңы 2000 м2 дейінгі объектілер үшін (сауда желілерінен басқа), жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін,  сауда алаңы 2000 м2 асатын объектілер және жұмыс алаңына қарамастан сауда желілері үшін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салумен (онлайн сатуды қоспағанда)  ұйымдастыру;

4.39. тамақ өнімдерімен көше саудасының санкцияланған түрлерінің, оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофелерді, көкөніс шатырларын және т. б. сататын объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырыпжұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4.40. гүлдерді сату бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.41. жабық спорттық объектілердің  жұмысын (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) меншік нысанына қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды сақтаумен, топтық сабақтарсыз, тек жеке жаттығулар үшін, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, «Ashyq»  жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, жұмыс кестесін  жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.42. спорт объектілерінің аумағында жеке тәртіппен және адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығуларды міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып ұйымдастыру;

4.43. Ұлттық құрамалар, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларды (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

4.44. облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын спортшылардың және жаттықтырушылар құрамының COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынылған және бір мезгілде 30 адамнан аспайтын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда ұйымдастыру;

4.45. "Ashyq" жобасына қатысушылар үшін 30 адамнан аспайтын марафондар (ашық ауада) өткізуді күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

4.46. көрермендермен спорттық іс-шараларды "Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін 20%-дан артық емес толтырылған кезде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

4.47.фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен, орналасқан жеріне қарамастан, бір келушіге  жаттығу залының 4 м2 есебімен және 5м2  су айнасын қамтамасыз етумен, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, 5 адамнан аспайтын топпен сабақ өткізумен, жұмыс кестесін  жұмыс күндері  сағат 07.00- ден 22.00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен  ұйымдастыру.

4.48. жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір уақытта бір жолда бір келушінің болуын қатаң түрде қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5м2 су айнасын есептей отырып, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, «Ashyq»  жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.49. моншаның  жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір келушіге 4 м2 есебімен, бір адамға 5 м2  су айнасын есептей отырып  күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4.50.саунаның  жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен бір келушіге 4 м2 есебімен және  бір адамға 5 м2 су айнасын есептей отырып, келушілердің бір уақытта қатысуымен,   күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен  ұйымдастыру;

4.51. СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) массаж салонына бір мезгілде 3 келушіден артық емес барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен,  «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.52. косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың, «барбер шоптардың» жұмысын (1 келушіге 4 м2 есебінен қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша)  орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.53. көлік жуу, авто және тұрмыстық техниканы, шиномонтаж станцияларын жөндеу қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4.54. өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4.55. адамдардың көп жиналуын, сондай-ақ ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын, халыққа қызмет көрсету объектілерінің (баспахана, полиграфия, тігін шеберханалары мен ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі және т.б.) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4.56. қызмет көрсету саласы объектілерінің (химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз етумен,  жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4.57. салттық қызметтер көрсету бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін шектеместен ұйымдастыру;

4.58. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының жұмысы келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып, толымдылығы 30% -дан аспайтын толықтырумен немесе1 келушіге 4 м2 есебінен жүргізіледі және  жұмыс кестесі жұмыс және демалыс күндері сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгіленеді. Тек 16 жасқа толған  адамдарға рұқсат етіледі.

4.59. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін боулинг клубтардың, орталықтарының жұмысына 30%-дан аспайтын толықтырумен, бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын қатысумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу. Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

4.60. «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармонияның жұмысын отыратын орындар санының 30%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;

4.61. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін бильярд клубтарының жұмысын 1 келушіге 4 м2 есебінен 30% - дан артық емес толтырылған  кезде және ойын үстелдерін бір-бірінен кемінде 4м қашықтықта орналастырғанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен ұйымдастыру;

4.62. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) көрермендердің қатысуынсыз өткізуді, ҚР БМСД № 67 Қаулысының 44-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

4.63. студияларда тікелей эфирдегі телебағдарламаларды жүргізу мен жазу кезінде көрермендердің қатысуына тыйым салу;

4.64. компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының, боулингтердің, кинотеатрлардың, концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, бильярд, караоке, байланыс зоопарктерінің, океанариумдардың, батуттардың, кинорумдардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, сонымен бірге лотерея ұтыс ойыны,  жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарының, балалардың ойын бөлмелерінің, ойын алаңдарының және аттракциондардың, спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті сырғанақтың («Ashyq» жобасына қатысатын субъектілерді (объектілерді) қоспағанда ) жұмыстарына тыйым салу;

4.65. жабық үй-жайларда да, ашық ауада да (азық-түлік жәрмеңкелерін, оның ішінде ашық ауада "демалыс күнін" қоспағанда) жәрмеңкелердің әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салу;

4.66. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, орналасқан жеріне қарамастан, фудкорт, банкет және салтанатты залдардың  жұмысына тыйым салу;

4.67. отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда), форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, тыңдауларды, көрмелерді, акцияларды, шоурумдарды, ұтыстарды (онлайн форматты қоспағанда) және т. б. өткізуге тыйым салу;

4.68. жалпы білім беретін мектептер жанындағы қосымша білім беру объектілерінің (үйірмелердің әр түрлі түрлері) қызметіне тыйым салу;

4.69. меншік нысанына қарамастан, жалпы білім беретін мектептер мен балаларды дамыту орталықтары және білім беру орталықтары жанындағы лагерьлердің қызметіне тыйым салу;

4.70. объектілердің барлық түрлерінің жұмысын ұйымдастыруға «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілердің жұмысына қойылатын алгоритм талаптары, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулысы қатаң сақталған жағдайда жол беріледі

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

5.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

5.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» 2021 жылғы 6 мамырдағы № 17 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы 2021 жылғы 27 маусымда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері С.Бейсенова

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109