16806

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021 жылғы 14 шілдедегі № 23 Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ

23 шілде 2021 жыл                                                  Нұр-Сұлтан қаласы

 

Мен,  Нұр-Сұлтан  қаласының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Ж.Пралиева, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және  Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021 жылғы 14 шілдедегі № 23 Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1)   1 тармақтың  1.2. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«қызметі жаңартылмаған не тыйым салынған объектілерге бармауға»;

2)   4 тармақтың  4.25. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылықты сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, бұл нысандардағы COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттердің орналасуына қарамастан жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен (азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді, осы Қаулымен орналасқан жеріне қарамастан қызметі рұқсат етілген объектілерді). Бұл ретте, көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына, оның ішінде «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына қатаң тыйым салынады. 

«Ashyq» жобасына қатысатын фудкорттардың жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен және тамақты жеткізуге және шығару қызметі жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады»;

3)   4 тармақтың  4.30. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі (ғимараттардың ішінде) қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде ашық ауада (жазғы залдарда), күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс күндері сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым сала отырып, тамақты жеткізу және шығаруды штаттық режимде,  «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен белгілей отырып ұйымдастыру. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады»;

4)   4 тармақтың  4.31. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің  жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен белгілей отырып, ғимарат ішінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын отырғызу орындарын сақтай отырып  ұйымдастыру»;

5)   4 тармақтың  4.39. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«жабық спорттық объектілердің  жұмысын (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) меншік нысанына қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды сақтаумен, топтық сабақтарсыз, тек жеке жаттығулар үшін, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру»;

6)  4 тармақтың  4.45. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен, орналасқан жеріне қарамастан, бір келушіге  жаттығу залының 4 м2 есебімен және 5м2  су айнасын қамтамасыз етумен, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру»;

7)  4 тармақтың  4.46. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір уақытта бір жолда бір келушінің болуын қатаң түрде қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5м2 су айнасын есептей отырып, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру»;

8)  4 тармақтың  4.48. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«саунаның  жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен бір келушіге 4 м2 есебімен және  бір адамға 5 м2 су айнасын есептей отырып, келушілердің бір уақытта қатысуымен,   күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру»;

9)  4 тармақтың  4.49. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) массаж салонына бір мезгілде 3 келушіден артық емес барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен,  «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру»;

10)  4 тармақтың  4.50. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың, «барбер шоптардың» жұмысын (1 келушіге 4 м2 есебінен қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша)  орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру»;

11)  4 тармақтың  4.60. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 50% - ға дейін  толтырумен, бірақ 30 орыннан аспайтын жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі мен жексенбі күндері тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді»;

12)  4 тармақтың  4.66. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының, боулингтердің, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, бильярд, караоке, байланыс зоопарктерінің, океанариумдардың, батуттардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, сонымен бірге лотерея ұтыс ойыны,  жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, жабық бассейндердің, сауналардың, СПА-орталықтардың, СПА-салондардың («Ashyq» жобасына қатысатын субъектілерді (объектілерді) қоспағанда ) және кинотеатрлардың, концерт залдарының, кинорумдардың, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарының, балалардың ойын бөлмелерінің, ойын алаңдарының және аттракциондардың, спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті сырғанақтың  жұмыстарына тыйым салу».

  1. 2. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

2.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

2.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы 2021 жылғы 26 шілдеден сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің орынбасары                             Ж. Пралиева

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109