22305

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларын қатаңдату туралы ҚАУЛЫ

30 шілде  2021 жыл                                                                 Нұр-Сұлтан қаласы

 

 

            Мен,  Нұр-Сұлтан  қаласының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Ж.Пралиева, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 68 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 9 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 10 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 12 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 12  сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 13 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 17 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу туралы» 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын және  қою-қызыл  аймаққа өтуін ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына келесі талаптарды қатаң сақтау жалғастырылсын:

1.1.  Объектілердің "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан, бұқаралық іс-шараларды, марафондарды, спорттық, отбасылық, естелік іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға тыйым салу, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салу;

1.2. қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, батуттар, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойынына, балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандардан басқа  мұз алаңдары және роликті сырғанақтарға (букмекерлік кеңселер мен банкет залдарынан басқа, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) бармау;

 1.3. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау;

1.5. міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беру.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсін:

2.1. InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастау;

2.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыру;

2.3. шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстыру үшін  InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру;

2.4. кәсіпкерлердің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдау мақсатында карантин режимін бұзу фактілері мен шағымдарын орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz.сайтын пайдалану;

2.5. InfoKazakhstan.kz сайтына шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыру;

2.6. InfoKazakhstan.kz. сайтына кәсіпкерлік субъектісімен объектінің паспортына келушілердің ғимараттарды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу  (осы қаулымен және «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 9 қаулысына және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 17 қаулысына қосымшалармен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі).

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына, кәсіпкерлік субъектілеріне, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына:

3.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq»  жобасын іске асыруды жалғастыру:

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2) спа- орталықтары;

3) сауналар, бассейндер, моншалар;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтары;

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8)стрит-фуд объектілерін қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;

9) асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері;

10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

11)облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;

12)  бильярд клубтары;

13)  концерт залдары;

14)  ерікті қатысушылар;

15) караоке;

16) көрмелер;

17) океанариум;

18)  марафондар;

19)  көрермендермен спорттық іс-шаралар;

20)  лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері;

21)  балалар ойын-сауық орталықтары (жабық);

22)  цирктер;

23)  қонақ үйлер, отелдер;

24) халыққа қызмет көрсету орталықтары;

25) базарлар (жабық және ашық), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері (азық-түлік емес);

26) балаларды сауықтыру орталықтары (қызметкерлер(персонал)үшін);

27) букмекерлік кеңселер;

28) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;

29) жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін);

30) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары.

3.2. "қою-қызыл аймаққа" өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысының «қою-қызыл» аймаққа арналған өлшемшарттарына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" жобасын  іске асыруды қамтамасыз ету.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Діни істер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС, зертханалар мен медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда, кәсіпорындар қамтамасыз етсін:

4.1. мынадай ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу:

қызмет көрсету жөніндегі объектілер (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттер, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық қызметтер, тігін ательелері, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім, оргтехникасын жөндеу сервисі, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерін көрсету жөніндегі объектілер және де өзге де объектілер);

мемлекеттік органдар мен ұйымдар;

өндірістік объектілер;

құрылыс объектілері;

халық тұтынатын өнімдерді мен тауарларды көтерме және бөлшек сауда (сақтау) объектілері, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;

 мәдениет және демалыс объектілері (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және басқалар);

жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;

білім және тәрбиелеу беру ұйымдарының, оның ішінде білім беруді дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;

санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер (санаторийлер, үйлер/базалар/демалыс аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын, стрит-фудтар;

барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар);

денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;

дәріхана ұйымдарының;

тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау ұйымдары, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезөңдеу бойынша, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалар);

экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

демалыс объектілерін, ойын-сауық ойын объектілерін (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтар, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);

байланыс және телекоммуникация объектілері;

2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде бірінші компонентпен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде COVID-19 вакцинасының екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыру (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда);

4.2. орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін (оның ішінде гипермаркеттерді, супермаркеттерді, шағын маркеттерді және т. б.), дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ құрылыс объектілерін, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, халыққа байланыссыз қызметтер көрсету жөніндегі объектілерді және қызмет көрсету саласындағы объектілерді (автожуу, автомобильдер мен тұрмыстық техниканы жөндеу, телефон, баспахана, полиграфия,фотосалондар, тігін шеберханалары және ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі, химиялық тазалау, кір жуу, гүл дүкендері, салттық қызмет көрсету объектілері және т. б.), туристік компаниялар, бизнес орталықтар және жекелеген қызмет түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т. б.), "Ashyq"жобасының ерікті қатысушылары мен тағамды тек қана алып шығу және жеткізу үшін жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, "Ashyq" жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтату;

4.3. меншік нысанына қарамастан, қаланың зертханалары мен медициналық ұйымдарына ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеуге жолдаманы толтыру, зерттелетін адамның барлық деректерін ҚР БМСД №67 қаулысының 41-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес толтыру және электрондық жолдаманы ҰСО бірыңғай интеграциялық порталында (бұдан әрі – БИП) тіркеу(қол жеткізу мүмкін болған сәттен бастап);

4.4.  ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесі туралы хаттаманың көшірмесін  және есепті 3 сағат ішінде қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ұсыну;

4.5. өндірістік қажеттілікке байланысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс түріне көшіру. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызмет қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескерусіз жүзеге асырылады. Бұл ретте COVID-19 -ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған,  сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар барлық қызметкерлердің  күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі;

4.6. сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту;

4.7. қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс кестесі жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады;

4.8. «Ashyq» жобасына қатысатын облысаралық және облысішілік тұрақты тасмалдарының жұмысынкүшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен штаттық режимде ұйымдастыру;

4.9. «Ashyq» жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмыс  күндері күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, оның ішінде мешіттер, православие шіркеулері және басқа діни объектілер аумағында ашық ауада бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салумен, сондай-ақ олардың   аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына, еске алуды өткізусіз, сенбі және жексенбі күндері осы тармақта көрсетілген  барлық объектілердің жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.10.  сот отырыстарын оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігінің болмауы негізделген жағдайда № 68 ҚР БМСДҚ-ның қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып өткізуді қоспағанда, кеңестерді, отырыстарды күндізгі режимде өткізуге  тыйым салу;

4.11. "Ashyq" жобасына қатысатын ХҚКО-ның жұмысын қатаң түрде Egov.kz, телеграмм-бот «EgovKZBot 2.0» арқылы алдын ала брондау бойынша, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, жұмыс  күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.12. «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесі жұмыс  күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.13. онлайн режимінде көрсетілмейтін қызмет бөлігіндегі ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.14. денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру;

4.15. жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын  қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша,   күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.16. серіктесінде  нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы немесе COVID-19 вакцинациясының толық курсын алғанын растайтын құжат болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат беру;

4.17. талапкерлердің жоғары оқу орындары мен колледждерге түсуі үшін құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру қашықтық режимінде қамтамасыз етілсін;

4.18. білім беру мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салу;

4.19. "Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын, меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Тәрбиелеу объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезде объектіні карантинге жабу осы Қаулының №1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі;

4.20. "Ashyq" жобасына қатысушы балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, білім беру орталықтарының жұмысын (15 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.21."Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын, балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын алдын ала жазылу бойынша, 15 адамнан артық емес, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.22. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, уақыты мен саны бойынша шектеумен, қаржы нарығы субъектілерінің (екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) қызметін ұйымдастыру, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады;

4.23. бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және басқа жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған азық-түлік емес тауарларды сататын сауда бутиктерін (бөлімдерін) қоспағанда, жұмыс кестесін жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.24. "Ashyq" жобасына қатысушы туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) жұмысын 80%-дан артық емес толтыру кезінде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру және штаттық жұмыс режимін белгілеу;

4.25. "Ashyq" жобасына қатысушы сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылықты сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, осы нысандардағы COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттердің орналасуына қарамастан жұмыс күндері сағат 07.00-нан 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру (оларда орналасқан азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді, осы Қаулымен орналасқан жеріне қарамастан қызметі рұқсат етілген объектілерді қоспағанда). Бұл ретте, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады.

"Ashyq" жобасына қатысатын объектілер үшін фудкорттардың жұмысына 50 % -ға дейін толтырумен, бірақ 50 орыннан аспайтын, жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен және  тағамды шығару мен жеткізу жұмыстары жұмыс және демалыс күндері 07.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн-форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады;

4.26. "Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын, аниматроникстер театрларының жұмысын қатаң түрде галереялар/музейлер типі бойынша жұмыс режимінде, әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден артық емес, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:00-нан 18:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.27.«Ashyq» жобасына қатысу шартымен океанариумдардың жұмысын, топтық экскурсияларға тыйым сала отырып, бір келушіге кемінде 4 м2 есебінен, күшейтілген санитариялық - эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:00-нан 20:00-ға дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.28."Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын кітапханалардың, мұражайлардың жұмыстарына күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, топтық экскурсияларды ұйымдастыруға тыйым салу және штаттық жұмыс режимін белгілеу;

4.29. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін көрмелердің жұмысына 1 келушіге кемінде 6 м2 есебінен 70%-дан артық емес, бірақ бір уақытта 150 адамнан аспайтын толтыру кезінде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық жұмыс режимін белгілеу;

4.30. мейрамхана, дәмхана, кофеханалар, асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын, орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тек қана тағамды шығару мен жеткізу (штаттық режимде) және "Ashyq" жобасына қатысатын объектілер  үшін  жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленетін,  үй-жай ішінде 50%-ға дейін толтырумен, бірақ 50-ден аспайтын отыратын орын санымен және ашық ауада (жазғы залда)50-ден аспайтын отыратын орын санымен,көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік  қашықтықты сақтай отырып   сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру (тамақты жеткізу және шығару штаттық режимде);

"Ashyq"жобасына қатысуына қарамастан ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады;

4.31. "Ashyq" жобасына қатысатын жабық және ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын, бір келушіге кемінде 4 м2 есебінен толтырылуымен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, азық-түлік базарлары үшін жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін,  азық-түлік емес базарлар үшін COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттерінің жұмысын қоспағанда, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері қызметіне тыйым сала отырып,ұйымдастыру;

4.32. ашық ауада азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын, «демалыс күні» жәрмеңкесін қоса алғанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, демалыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып  ұйымдастыру;

4.33. азық-түлік тауарларын өткізу бойынша дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмысын, орналасқан жеріне қарамастан, бір сатып алушыға 4 м2 есебінен толтырылуын сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.34. "Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын,азық-түлік емес тауарларды өткізу бойынша объектілердің жұмысын бір сатып алушыға жобалық қуаттың 4 м2 есебінен 30% -дан артық емес толымдылығын сақтаған жағдайда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай  отырып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен (онлайн сатуды қоспағанда)  ұйымдастыру;

4.35. тамақ өнімдерімен көше саудасының санкцияланған түрлерінің, оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофелерді, көкөніс шатырларын, стрит-фудтарды және т.б. сататын объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,  жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4.36. гүлдерді сату бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

4.37. "Ashyq" жобасына қатысатын объектілер  жабық спорттық объектілердің  жұмысын (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) меншік нысанына қарамастан, тек 30-дан аспайтын адамның қатысуымен, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдарға жаттығулар өткізу үшін, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып  жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.38. спорт объектілерінің аумағында жеке тәртіппен және адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығуларды міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып ұйымдастыру;

4.39. Ұлттық құрамалар, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларды (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

4.40. облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын спортшылардың және жаттықтырушылар құрамының COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынылған және бір мезгілде 30 адамнан аспайтын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда ұйымдастыру;

4.41. фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен, орналасқан жеріне қарамастан, бір келушіге  жаттығу залының 4 м2 есебімен және 5м2  су айнасын қамтамасыз етумен, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, «Ashyq» жобасына қатысушы объектілер үшін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, 5 адамға дейін топтық сабақтар өткізумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым сала отырып ұйымдастыру;

4.42.жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір уақытта бір жолда бір келушінің болуын қатаң түрде қамтамасыз ете отырып, олай болмаған кезде бір адамға 5 м2 су айнасын есептей отырып, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, "Ashyq" жобасына қатысушы объектілер үшін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.43. «Ashyq» жобасына қатысушы моншаның  жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір келушіге 4 м2 және бір келушіге 5 м2 су айнасы есебінен келушілердің бір мезгілде болуымен,күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.44. саунаның  жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен бір келушіге 4 м2 есебімен және  бір адамға 5 м2 су айнасын есептей отырып, келушілердің бір уақытта қатысуымен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, «Ashyq» жобасына қатысушы объектілер үшін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.45. СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) массаж салонына бір мезгілде 3 келушіден артық емес барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен,  «Ashyq» жобасына қатысушы объектілер үшін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.46. «Ashyq» жобасына қатысушы косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың, шаштараздардың,  «барбер шоптардың» жұмысын (1 келушіге 4 м2 есебінен қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша)  орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.47. көлік жуу, автомашиналар мен арнайы техниканы, шиномонтаж станцияларын жөндеу қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4.48. өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4.49. адамдардың көп жиналуын, сондай-ақ ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын, халыққа қызмет көрсету объектілерінің (баспахана, полиграфия, тігін шеберханалары мен ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі және т.б.) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4.50. қызмет көрсету саласы объектілерінің (химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз етумен,  жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

4.51. салттық қызметтер көрсету бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін шектеместен ұйымдастыру;

4.52. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін  компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының жұмысына келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып, 30% -дан аспайтын толықтырумен немесе 1 келушіге 4 м2 есебінен, 16 жасқа толған  адамдарға рұқсат етумен жүргізіледі және  жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салу.

4.53.«Ashyq» жобасына қатысушы кәсіпкерлік субъектілері үшін боулинг клубтардың/орталықтарының жұмысы 30%-дан аспайтын толықтырумен, бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын қатысумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін  белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

4.54. «Ashyq» жобасына қатысушы субъектілер (объектілер) үшін  театрлар, концерттік залдар, филармония және цирк жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі орын қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен  ұйымдастыру;

4.55.«Ashyq» жобасына қатысушы кәсіпкерлік субъектілері үшін бильярд клубтарының жұмысын 1 келушіге 4 м2 есебінен 30% - дан артық емес толтырумен және ойын үстелдерін бір-бірінен кемінде 4м қашықтықта орналастырғанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, жұмыс кестесінжұмыс  күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;  Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

4.56. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер үшін караоке жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 50% - ға дейін  толтырумен, бірақ 30 отыратын орыннан аспайтын шарттарды сақтау кезінде жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

4.57. ."Ashyq" жобасына қатысатын ауданы 500-ден 1000 м2-ге дейінгі жабық балалар ойын-сауық орталықтарының  жұмысын, бір адамға кемінде 10 м2 алаңды қамтамасыз етумен, бірақ 30 адамнан аспайтын  және жобаға қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру.

4.58. ."Ashyq" жобасына қатысатын ауданы 1 000-нан 3000 м2-ге дейінгі жабық балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысын,бір адамға кемінде 10 м2 алаңды қамтамасыз ету кезінде, бірақ 50 адамнан аспайтын және жобаға қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру.

4.59. ."Ashyq" жобасына қатысатын лотерея клубтары мен лотереяны өткізудің өзге де нүктелерінің жұмысын бір адамға кемінде 4 м2 алаңды қамтамасыз етумен, бірақ 30 адамнан аспайтын жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.60."Ashyq" жобасына қатысатын кинотеатрлардың, кинорумдардың жұмысын отыратын орындар санының 30%-дан аспайтын, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша екі орын арқылы қатарлардың арасында шахмат тәртібімен отырғызу және күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып  жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, акциялар өткізбей, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

4.61. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге тыйым салу;

4.62. саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрінің жұмысына тыйым салу;

4.63. қалалық жағажайлардың, соның ішінде рұқсат етілмеген жерлердегі жағажайлардың және ашық ауадағы аквапарктардың жұмысына тыйым салу;

4.64. студияларда тікелей эфирдегі телебағдарламаларды жүргізу мен жазу кезінде көрермендердің қатысуына тыйым салу;

4.65.букмекерлік кеңселердің, банкет залдарының жұмысына тыйым салу;

4.66. "Ashyq" жобасына қатысатын субъектілерді (объектілерді), сондай-ақ "Ashyq" жобасының ерікті қатысушыларын қоспағанда, компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының, боулингтердің, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, билярдтардың, караоке, байланыс зоопарктерінің, океанариумдардың,батуттардың,түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны,  жабық спорттық  объектілер, (спорт кешендері, спорт мектебі, спорт клубтары, жаттығу залдары) фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, жабық бассейндер, сауналар, СПА-орталықтар, СПА-салондар, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, кинотеатрлар, концерт залдары, кинорумдар, балалар ойын-сауық орталықтары, балалар ойын бөлмелері, мұз алаңдары және роликті мұз айдындары жұмыстарына тыйым салу;

4.67. жабық үй-жайларда да, ашық ауада да (азық-түлік жәрмеңкелерін, оның ішінде ашық ауада «демалыс күнін» қоспағанда) жәрмеңкелердің әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салу;

4.68. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, орналасқан жеріне қарамастан фудкорттардың  жұмысына тыйым салу;

4.69. отбасылық және еске алу іс-шараларын, спорттық, марафондарды  қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде,«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерінде өткізілетін еске алуды  қоса алғанда, концерттерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, тыңдауларды, көрмелерді, акцияларды, шоурумдарды, ұтыстарды және т. б. мәдени-бұқаралық іс-шараларды (онлайн форматтан басқа) өткізуге тыйым салу;

4.70. «Ashyq» жобасының ерікті қатысушыларын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының/үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, жалпы білім беретін мектептер жанындағы қосымша білім беру объектілерінің (үйірмелердің барлық түрлері) қызметіне тыйым салу;

 4.71. жалпы білім беретін мектептер жанындағы лагерьлердің қызметіне тыйым салу;

4.72. облысаралық және тұрақты емес (туристтік) тасымалдарына тыйым салу;

4.73.  12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балаларды сауықтыру орталықтарына және облысаралық/қалааралық туристік тасымалдау кезінде «Ashyq» қосымшасында ерікті түрде, оның ішінде басқа платформалар арқылы (eGov mobile, Aitu, Kaspi.kz және басқалар);

4.74.  объектілердің барлық түрлерінің жұмысын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілердің жұмысына қойылатын алгоритм талаптарын, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысын, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10 қаулысын, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысын, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысын, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысын қатаң сақтаған жағдайда жол беріледі.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

5.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

5.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары қатаңдату туралы» 2021 жылғы 14 шілдедегі № 23, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021 жылғы 14 шілдедегі № 23 Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары қатаңдату туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 23 шілдедегі № 24 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы 2021 жылғы 2 тамызда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің орынбасары                                                    Ж.Пралиева        

№1 қосымша

 

 

COVID-19 тіркелген жағдайда білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу (қашықтықтан оқытуға көшу) өлшемшарттары

Контингент

COVID-19-ң 1-2 жағдайы

Бір-бірімен эпидемиялық байланысты (отбасылық ошақтардан басқа)

COVID-19-ң 3 және одан да көп жағдайы

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын балалар, тәрбиешілер мен күтушілер

Топ

Толығымен балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдардың басқа қызметкерлері

жақын байланыста болған адамдар

Толығымен балабақша

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109