393

2021 жылғы 23 қыркүйектегі «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 669 қаулысы

 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының
4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 35 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Нәзір Төреқұловтың есімі;

2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 51 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұстафа Шоқайдың есімі;

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 53 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;

4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 54 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ақселеу Сейдімбектің есімі;

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 61 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаныш Сәтбаевтың есімі;

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Ілияс Есенберлиннің есімі;

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 74 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Мұқағали Мақатаевтың есімі;

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 78 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Смағұл Сәдуақасұлының есімі;

9) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 86 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұхтар Әуезовтің есімі;

10) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 90 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қайым Мұхамедхановтың есімі;

11) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Nomad City Hall» (Номад Сити Холл) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының атауы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
 

Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрі

         А. Мамин

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109