1177

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларды жеңілдету туралы ҚАУЛЫ

           02 қазан  2021 жыл                                                  Нұр-Сұлтан қаласы

 

Мен,  Нұр-Сұлтан  қаласының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Бейсенова С.С., «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2қыркүйектегі № 38 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 42 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 қаулысынегізінде, Нұр-сұлтан қаласында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

1.1. бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, «Ashyq» жобасына қатысатын іс-шараларды өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салу;

1.2. қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына,  бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);

 1.3. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz);

1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына, кәсіпкерлік субъектілеріне, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына:

2.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq»  жобасын іске асыруды жалғастыру:

  1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  2. спа-орталықтары;
  3. моншалар, сауналар, бассейндер;
  4. PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  5. боулинг клубтары;
  6. кинотеатрлар;
  7. театрлар мен филармониялар;
  8. стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  9. асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
  10. облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  11. облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
  12. бильярд клубтары;
  13. концерт залдары;
  14. ерікті қатысушылар;
  15. караоке;
  16. көрмелер;
  17. океанариум;
  18. марафондар;
  19. көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  20. әуежайлар;
  21. лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  22. балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
  23. цирктер;
  24. отельдер, қонақ үйлер;
  25. халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  26. темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
  27. (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
  28. балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
  29. букмекерлік конторалар;
  30. сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен балаларды 12 жастан бастап ерікті түрде тіркей отырып));
  31. спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
  32. білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
  33. діни бірлестіктер объектілері;
  34. ойын клубтары (казино);

2.2.Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44«Ashyq» жобасын енгізу туралы»  қаулысының «қызыл» аймаққа арналған өлшемдеріне сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету;

2.3. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 қаулысына  4-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемдеріне сәйкес барлық объектілердің жұмысына рұқсат етілсін:

жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысатын барлық объектілер үшін -сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына-сағат 02.00-ге дейін;

демалыс күндері-сағат 00.00 - ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына- сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, теріс нәтижесі бар тест ПТР сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайды, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар).

Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебенің» болуына қойылатын талаптар және жұмыс режимінің шектеулері облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автоөтпелерге, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ларға, колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;

2.4. 2021 жылғы 24 қыркүйектегі  ҚР МБСД  № 44 қаулысының 5-қосымшасына сәйкес Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің критерийлеріне сәйкес, қызметкерлерде және келушілерде «жасыл мәртебесі» болған жағдайда (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар) жұмыс режимі бойынша қызметке шектеусіз рұқсат етілсін;

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Діни істер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС, зертханалар мен медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда, кәсіпорындар қамтамасыз етсін:

3.1. мынадай ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу:

қызмет көрсету жөніндегі объектілер (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттер, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық қызметтер, тігін ательелері, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім, оргтехникасын жөндеу сервисі, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерін көрсету жөніндегі объектілер және де өзге де объектілер);

мемлекеттік органдар мен ұйымдар;

өндірістік объектілер;

құрылыс объектілері;

халық тұтынатын тауарлар мен өнімдердің көтерме және бөлшек сауда (сақтау) объектілері, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;

 мәдениет және демалыс объектілері (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және басқалар);

жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;

білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беруді дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;

санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер (санаторийлер, үйлер/базалар/демалыс аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын стрит-фудтар;

барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар);

денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;

дәріхана ұйымдары;

тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау ұйымдары, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезөңдеу бойынша, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалар);

экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

демалыс объектілері, ойын-сауық ойын объектілері (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтар, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);

байланыс және телекоммуникация объектілері;

3.2.  меншік нысанына қарамастан, қаланың зертханалары мен медициналық ұйымдарына ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеуге жолдаманы толтыру, зерттелетін адамның барлық деректерін ҚР БМСД № 38 қаулысының 32-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес толтыру және электрондық жолдаманы ҰСО бірыңғай интеграциялық порталында (бұдан әрі – БИП) тіркеу(қол жеткізу мүмкін болған сәттен бастап);

3.3.  ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесі туралы хаттаманың көшірмесін  және есепті 3 сағат ішінде қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ұсыну;

3.4. өндірістік қажеттілікке байланысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс түріне көшіру. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызмет қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескерусіз жүзеге асырылады. Бұл ретте COVID-19 -ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған,  сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар барлық қызметкерлердің  күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі;

3.5. сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту;

3.6. қалалық қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін штаттық режимде ұйымдастыру;

3.7. «Ashyq» жобасына қатысатын облысаралық және облысішілік тұрақты тасмалдарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен штаттық режимде ұйымдастыру;

3.8. «Ashyq» жобасына қатысатын облысаралық (туристік) тұрақты емес тасымалдардың жұмысын толымдығы 75%-дан аспайтын, бірақ 15 адамнан артық емес толтыру кезінде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру;

3.9. діни бірлестіктер объектілерінің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмысын кестесін штаттық режимде белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,  20% - дан аспайтын толымдылығы және қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі болған кезде, маска режимін және бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын діни бірлестіктерді қоспағанда, бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т.б.) өткізуге тыйым салу.Діни бірлестіктер объектілерінің жанында орналасқан «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерінде 30-дан аспайтын адамның қатысуымен еске алуға өткізуге рұқсат етілген;

3.10. ҚР БМСД №42 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, оларды қашықтықтан форматта өткізу мүмкіндігінің болмауын негіздеген кезде күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуді ұйымдастыру;

3.11. ХҚКО-ның жұмысын  күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған кездежұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, олар үшін ҚР БМСДҚ  № 44 қаулысына сәйкес жұмыс режимі белгіленеді;

3.12. «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

3.13. онлайн режимінде көрсетілмейтін қызмет бөлігіндегі ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

3.14. денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру;

3.15. жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын  қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша,   күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

3.16. серіктесінде  нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы немесе COVID-19 вакцинациясының толық курсын алғанын растайтын құжат болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат беру;

3.17.Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына сәйкес  2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында мынадай шарттардың сақталуымен штаттық форматта оқытуға рұқсат етілсін:

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының 1, 2 және 3-қосымшалары  талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау;

- педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);

-ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағыбілім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);

- маска режимін сақтау;

- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;

- үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;

- педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);

- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);

- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;

- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып)жағдайларында оқытуды;

2) асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейтуді;

3) бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) студенттерді жатақханаға орналастыруды;

4) оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыруды;

5) шетелдік студенттерді:

- тұрғылықты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберуді;

6) медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушыларына клиникалық базаларға, резидентура базаларына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына, университет ауруханасына, интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа вакцинациялау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар болған кезде  (қол қойылған хабардар етілген келісімі болған кезде рұқсат етілетін, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19-мен ауырып сауыққанадамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) кіруіне рұқсат етуді;

7) педагогтарға, персоналға, ата-аналарға (заңды өкілдерге), келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда жоғары оқу орындарына QR-код (check-in) бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа платформалар (мысалы, EGOV mobile, Аitu,Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz платформасындағы аналог) арқылы тіркелу кезінде кіруге рұқсат етуді қамтамасыз етсін;

8) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына:

- респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары);

- QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға («Птр-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде тіркелген, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар, «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар пациент ретінде немесе COVID-19-бен ауыратын пациентпен байланыс ретінде;

- COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) кіруге рұқсат етілмейді.

9)карантин енгізуге сараланған тәсілді қамтамасыз ету:

- сыныпта (топта) covid-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде-сынып (топ) 14 күн ішінде үй карантиніне оқшаулауға жатады;

- бір ауысымның 30% - дан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары 1 инкубациялық кезеңде Орта білім беру ұйымында тіркелген кезде-ауысым 14 күн ішінде үй карантиніне оқшаулануға жатады;

- колледждерде, жоғары оқу орындарында COVID-19 ауруының 1 инкубациялық кезеңінде бір ағын топтарының 30% - дан астамы тіркелген кезде-ағын 14 күн ішінде үй карантиніне оқшаулануға жатады;

10)білім беру ұйымдарында COVID-19 ауруы бар білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының персоналының, сондай-ақ COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас қатарындағы адамдардың білім беру ұйымдарына жол бермеу жөніндегі шараларды дереу (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін) қабылдау;

11)білім басқармалары мен білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтер және білім беру ұйымдарының персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайлары туралы ақпарат алмасу үшін жауапты адамдарды айқындау;

3.18. білім беру мекемелерінде «бір сынып-бір педагог» қағидатын сақтай отырып және бірнеше сыныптарды біріктіруге тыйым сала отырып, сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыру;

3.19. мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын, меншік нысанына қарамастан, үй-жайлардың жобалық қуатына сәйкес әрбір топтың толтырылуымен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс кестесінштаттық режимде кешкі кезекші топтарды ұйымдастыруға және сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес объектіде карантин енгізу;

3.20. балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, білім беру орталықтарының жұмысын (15 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

3.21. балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын алдын ала жазылу бойынша, 15 адамнан артық емес, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

3.22.сабақтан тыс уақытта жалпы білім беретін мектептер жанындағы қосымша білім беру объектілерінің(үйірмелердің әр түрлі түрлері)  жұмысын сыныптардың бірлестіктеріне тыйым сала отырып және санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырыпұйымдастыру;

3.23. қаржы нарығы субъектілерінің қызметін(екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеумен ұйымдастыру;

3.24. бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және басқа жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимдебелгілей отырып ұйымдастыру;

3.25. «Ashyq» жобасына қатысушы туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) жұмысын 80%-дан артық емес толтыру кезінде,күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық жұмыс режимін белгілей отырыпұйымдастыру. Бұл ретте қонақ үйлердің, отельдердің, демалыс үйлерінің, туристік базалардың және т. б. аумағында орналасқан өзге де қызмет түрлері объектілерінің жұмыс кестесі осы қаулыға сәйкес белгіленеді;

3.26. сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылықты, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауымен,оларда орналасқан дәріханаларды, сондай-ақ азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді қоспағанда,жұмыс кестесінжұмыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салуменбелгілей отырыпұйымдастыру.«Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс кестесі ҚР БМСД № 44 Қаулысына сәйкесбелгіленеді.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады, сонымен қатар «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастантүрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн-форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатысатын фудкорттардың жұмысы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын толтырумен, тағамды шығару мен жеткізуді қосаалғанда жұмыс режимі ҚР БМСД № 44 Қаулысына сәйкес белгіленеді.

3.27. «Ashyq» жобасына қатысатын океанариумның жұмысын, топтық экскурсияларға рұқсат бере отырып (15 адамнан артық емес), бір келушіге кемінде 4 м2 есебінен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін ҚР БМСД № 44 Қаулысына сәйкес белгіленеді;

3.28. кітапханалардың, мұражайлардың жұмыстарынакүшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық жұмыс  режимін белгілеу;

3.29. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін көрмелердің жұмысына 1 келушіге кемінде 6 м2 есебінен 70%-дан артық емес, бірақ бір уақытта 200 адамнан аспайтын толтыру кезінде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс режимі  ҚР БМСД № 44 Қаулысына сәйкес белгіленеді;

3.30. мейрамхана, дәмхана, кофеханалар, асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын, орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, үй-жай ішінде 50%-ға дейін толтыру бойынша шарттарды сақтаған кезде, бірақ 30-ден аспайтын отыратын орын санымен және ашық ауада (жазғы залда),көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік  қашықтықты сақтаған жағдайда, жұмыс кестесі жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып, тағамды шығару мен жеткізу штаттық режимде ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс кестесі ҚР БМСД № 44 Қаулысына сәйкес белгіленеді.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде ҚР МГСВ № 44 қаулысына сәйкес жұмыс режимі белгіленетін іс-шараларды өткізуді қоспағанда, ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;

3.31. жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын, бір келушіге 4 м2 есебінен толтырумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған кезде, азық-түлік базарлары үшінжұмыс кестесін жұмыс күндерісағат штаттық режимде белгілей отырып, сенбі және демалыс күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс кестесі ҚР БМСД № 44 Қаулысына сәйкес белгіленеді;

3.32. ашық ауада азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесінштаттық режимдебелгілей отырып ұйымдастыру;

3.33. ашық ауада азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын, «демалыс күні» жәрмеңкесін қоса алғанда, өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкесін күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып  ұйымдастыру;

3.34. азық-түлік тауарларын сату бойынша дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмысын, орналасқан жеріне қарамастан, бір сатып алушыға 4 м2 есебінен толтырылуын сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

3.35. «Ashyq» жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын, азық-түлік емес тауарларды сату бойынша объектілердің (дүкен) жұмысын бір сатып алушыға жобалық қуаттың 4 м2 есебінен 30%-дан артық емес толымдылығын сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай  отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырыпұйымдастыру;

3.36. тамақ өнімдерімен көше саудасының санкцияланған түрлерінің, оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофелерді, көкөніс шатырларын, стрит-фудтарды және т.б. сататын объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,  жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

3.37. гүлдерді сату бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

3.38. жабық спорт объектілерінің (спорт кешендерінің, спорт мектептерінің, спорт клубтарының, жаттығу залдарының) жұмысын меншік нысанына қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен белгілей отырып, ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін ҚР МГСВ № 44 қаулысына сәйкес жұмыс тәртібі белгіленеді;

3.39.       спорт объектілерінің аумағында жеке тәртіппен және адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығуларды міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып ұйымдастыру;

3.40.       Ұлттық құрамалар, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларды (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

3.41.       спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, оның ішінде Нұр - Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру, «Ashyq» жобасының қатысушылары үшін көрермендер санын 50%-дан асырмай толтырумен және қызметкерлер мен келушілердің мәртебесі «жасыл» болған жағдайда;

3.42.       облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын спортшылардың және жаттықтырушылар құрамының COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынылған жағдайда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұйымдастыру;

3.43.       «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін, 500-ден аспайтын адамның қатысуымен, қызметкерлер мен келушілердің мәртебесі «жасыл» болғанда марафондар (ашық ауада) өткізуді күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

3.44.       фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын, бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосумен, орналасқан жеріне қарамастан, бір келушіге  жаттығу залының 4 м2 және 5м2  су айнасы есебінен, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша және күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс тәртібі БМСД №44 қаулысына сәйкес белгіленеді.

3.45.       жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір уақытта бір жолда бір келушінің болуын қатаң түрде қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5 м2 су айнасын есептей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыскүндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып,сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс тәртібі БМСД №44 қаулысына сәйкес белгіленеді;

3.46.       моншаның  жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосумен (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша),бір келушіге 4 м2 есебімен және  бір адамға 5 м2 су айнасын есептей отырып, келушілердің бір уақытта қатысуымен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде ұйымдастыру.

3.47.       саунаның  жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосумен, бір келушіге 4 м2 есебімен және  бір адамға 5 м2 су айнасын есептей отырып, келушілердің бір уақытта қатысуымен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс тәртібі БМСД №44 қаулысына сәйкес белгіленеді;

3.48.       СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) массаж салонына бір мезгілде 3-тен артық емес адамның келуімен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс тәртібі БМСД №44 қаулысына сәйкес белгіленеді;

3.49.       маникюр және педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың, «барбер шоптардың», шаштараздардың, сұлулық салондардың жұмысын (1 келушіге 4 м2 есебінен қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша)  орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс тәртібі БМСД №44 қаулысына сәйкес белгіленеді;

3.50.       көлік жуу, автомашиналар мен арнайы техниканы, шиномонтаж станцияларын жөндеу қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

3.51.       өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

3.52.       адамдардың көп жиналуын, сондай-ақ ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын, халыққа қызмет көрсету объектілерінің жұмысын(баспахана, полиграфия, тігін шеберханалары мен ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі және т.б.), орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

3.53        қызмет көрсету саласы объектілерінің (химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу) жұмысын, орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз етумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

3.54.       салттық қызметтер көрсету бойынша объектілердің жұмысын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде ұйымдастыру;

3.55.       «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін  PlayStation клубтарының,компьютерлік клубтардыңжұмысына, рұқсат етілген 12 жасқа толған  және одан үлкен адамдарға және келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып, 30%-дан артық емес толтыру кезінде немесе 1 келушіге 4 м2 есебінен, жұмыс кестесі БМСД №44 қаулысына сәйкес белгіленеді.

3.56.       «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін боулинг-клубтардың/орталықтардың жұмысын бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын, 30%-дан артық емес толтыру кезінде, жұмыс кестесін БМСД №44 қаулысына сәйкес белгілеумен ұйымдастыру. Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

3.57.       «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін  театрлар, концерттік залдар, филармония және цирк жұмысын, отыратын орындар санын 30%-дан артық емес толтыру кезінде, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша,  арасында екі орын қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акцияларды өткізбей, жұмыс кестесін БМСД №44 қаулысына сәйкес белгілеумен ұйымдастыру;

3.58.       «Ashyq» жобасына қатысушы кәсіпкерлік субъектілері үшін бильярд клубтарының жұмысын, 1 келушіге 4 м2 есебінен, 30%-дан артық емес толтыру кезінде және ойын үстелдерін бір-бірінен кемінде 4м қашықтықта орналастырғанда,күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, жұмыс кестесін БМСД №44 қаулысына сәйкес белгілеумен ұйымдастыру. Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

3.59.       «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер үшін караоке жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 50% - ға дейін  толтырумен, бірақ 30 отыратын орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда,жұмыс кестесін БМСД №44 қаулысына сәйкес белгілеумен ұйымдастыру. Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

3.60.       «Ashyq» жобасына қатысатын ауданы 500-ден 1000 м2-ге дейінгі жабық балалар ойын-сауық орталықтарының  жұмысын, бір адамға кемінде 10 м2 алаңды қамтамасыз етумен, бірақ 30 адамнан аспайтын жағдайда,жұмыс кестесін БМСД №44 қаулысына сәйкес белгілеумен ұйымдастыру;

3.61.       «Ashyq» жобасына қатысатын ауданы 1 000-нан 3000 м2-ге дейінгі жабық балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысын,бір адамға кемінде 10 м2 алаңды қамтамасыз ету кезінде, бірақ 60 адамнан аспайтын жағдайда, жұмыс кестесін БМСД №44 қаулысына сәйкес белгілеумен ұйымдастыру;

3.62.       «Ashyq» жобасына қатысатын букмекерлік кеңселер, лотерея клубтары мен лотереяны өткізудің өзге де нүктелерінің жұмысын, бір адамға кемінде 4м2 алаңды қамтамасыз етумен, бірақ 30 адамнан аспайтын жағдайда,жұмыс кестесін БМСД №44 қаулысына сәйкес белгілеумен ұйымдастыру;

3.63.       «Ashyq» жобасына қатысатын кинотеатрлардың, кинорумдардың жұмысын, отыратын орындар санының 30%-дан артық емес толтырылуы кезінде, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша екі орын арқылы қатарлардың арасында шахмат тәртібімен отырғызу және күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,жұмыс кестесін БМСД №44 қаулысынасәйкес белгілеумен ұйымдастыру.

3.64.       ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлерінің жұмысын, оның ішінде «Ashyq» жобасының ерікті қатысушылары үшін кассалық аймақ жанындағы 2м-ден кем емес әлеуметтік қашықтықты, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін БМСД №44 қаулысына сәйкес белгілеумен ұйымдастыру;

3.65.       «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілерді (объектілерді), сондай-ақ «Ashyq» жобасының ерікті қатысушыларын қоспағанда, компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының, ойын клубтардың, оның ішінде лоторея ұтыстарын, букмекерлік кеңселердің, банкет залдардың, боулингтердің, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, билярдтардың, караоке, океанариумдардың, батуттардың, түнгі клубтардың, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, кинотеатрлар, концерт залдары, кинорумдар, балалар ойын-сауық орталықтары, балалар ойын бөлмелері, мұзды және роликті сырғанақтардың жұмыстарына тыйым салу;

3.66.       жабық үй-жайларда да, ашық ауада да әр түрлі жәрмеңкелер өткізуге тыйым салу (азық-түлік жәрмеңкелерін, оның ішінде ашық ауада өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуді қоспағанда);

3.67.       «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, фудкорттардың  жұмысына тыйым салу;

3.68.       «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда,  мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету  және 30%-дан аспайтын толтырумен ас беру бөлігінде 30-дан аспайтынадамның қатысуымен, сондай-ақбанкеттер, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) толтырылуын 50%-дан асырмай, бірақ отыру орнын 50-ден асырмай,қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі болған кезде банкет залдарының жұмысына тыйым салу;

3.68.  «мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету және еске алу өткізу бөлігінде толымдылығы 30%-дан аспайтын, 30-дан аспайтын адамның қатысуымен, сондай-ақ қызметкерлер мен келушілердің "жасыл" мәртебесі болған кезде банкеттер, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) толтырылуы 50%-дан аспайтын, бірақ 50-ден аспайтын орынға арналған "Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда,  банкет залдарының жұмысына тыйым салу;

3.69.       қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі болған кезде, 50%-дан аспай толтырумен, бірақ 50-ден аспайтын орынға арналған «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерінде іс-шараларды БМСД №44 қаулысына сәйкес өткізуді қоспағанда, бұқаралық іс-шараларды, отбасылық және естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге, концерттерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, тыңдауларды, көрмелерді, акцияларды, шоурумдарды, ұтыстарды және басқа да мәдени-бұқаралық, ойын-сауық іс-шараларын (онлайн-форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салу;

3.70.       12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына және облысаралық/қалааралық туристік тасымалдау кезінде, «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа платформалар арқылы (eGovmobile, Aitu, Kaspi.kz және басқалар) ерікті түрде тіркеумен кіру;

3.71.       объектілердің барлық түрлерінің жұмысын Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегінде № 38 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйегінде № 42 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйегінде № 43 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйегінде № 44 «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қаулысымен бекітілген объектінің жұмыс істеу алгоритмдерінің талаптарын қатаң сақтаған кезде ұйымдастыруға жол беріледі.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

4.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

4.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларын жеңілдету туралы» 2021 жылғы 27 тамыздағы № 26 қаулысының және Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды жеңілдету туралы» 2021 жылғы 27 тамыздағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйегіндегі № 27 қаулысының  күші жойылды деп танылсын.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                             Бейсенова С.С.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109