247

"Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы " Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазан № 510-3568 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы 5.1.3-тармағының 2.3-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының бас жоспарына сәйкес проблемалық тұрғын үй нысандардың құрылысын аяқтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Елорда құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – Серіктестік) қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес іздестіру және «Әлеуметтік-мәдени объектілері және паркингі, жапсарластыра салынған орын-жайлары бар көппәтерлі тұрғын кешені» объектісін жобалау жұмыстарын жүргізу үшін берілген, Нұр-Сұлтан қаласы, «Алматы» ауданы, № 23-16 (жобалық атауы), Т. Жүргенов, А. Байтұрсынұлы және Ж. Нәжімеденов көшелерінің шаршысында орналасқан, жалпы ауданы: абаттандыру үшін 3-учаске 0,7752 га жер учаскесі 2022 жылғы 31 қаңтарынан бастап 2023 жылғы 31 қаңтарына дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп, оның ішінде сатып алу жолымен иеліктен шығарылсын.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан үш күнтізбелік күннен кешіктірмей меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да әрекеттерді орындасын.
  1. Жер учаскелерін сатып алу бойынша қаржыландыру серіктестікке жүктелсін.
  2. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
  3. Меншік иелері және жер пайдаланушылар алдағы уақытта жүргізілетін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

          

Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің орынбасары

Н. Нұркенов

 

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы

Ж. Шәукентаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй

және тұрғын үй инспекциясы

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы

А. Саипов

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,

қала құрылысы және жер

қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Н. Ұранхаев

 

«Елорда құрылыс компаниясы»

жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің бас директоры

Е. Бердалин

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109