382

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қараша № 510-4224 ҚАУЛЫСЫ " Реквизициялау тәртібінде жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы"

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы 5.4.4-бөлімшесіне, Тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды апатты деп тану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2015 жылғы 23 қазандағы № 3, 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 4, 2020 жылғы 9 қарашадағы № 1 хаттамамаларына, сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2018-2022 ж.ж. пилоттық жобаның екінші кезеңін іске асыру аясында бұзуға ұсынылатын Нұр-Сұлтан қаласындағы авариялық үйлердің 2020 жылғы 17 қаңтардағы, 2021 жылғы 9 қыркүйектегі қосымша тізбелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы   15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған сызбаларға және 1, 2-қосымшаларға сәйкес 2022 жылғы 4 наурызынан бастап 2023 жылғы 4 наурызына дейін мүлікті, оның ішінде жалпы ауданы 0,6578 га жер учаскелерін реквизициялау тәртібінде мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілсін.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма), осы қаулы жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей, тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың меншік иелеріне жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктің алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың меншік иелерін көшіруді жүргізсін.
  3. Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

          

Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің орынбасары

Н. Нұркенов

 

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы

Ж. Шәукентаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Тұрғын үй және тұрғын үй

инспекциясы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

А. Саипов

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Сәулет, қала құрылысы және

жер қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Н. Ұранхаев

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109