Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Astana Buildind» құрылыс фирмасы» ЖШС және «Лея» құрылыс компаниялары тобы үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсатсыз жылжымайтын мүлікті өткізу бойынша жарнамалауды жүзеге асырғаны, ол «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңының 23-бабын бұзу болып табылатындығын хабарлады.

  1. «Astana Buildind құрылыс фирмасы» ЖШС Ж. Нәжімеденов көшесінің бойында орналасқан «Промышленный» тұрғын үй алабынан оңтүстікке қарай, «Ордабасы» ТК объектісі бойынша
  1. «Лея» құрылыс компаниялары тобыобъектілер бойынша (тұрғын үй кешендері)
  • Лея за рекой
  • Лея север
  • Жасыл Астана НС

Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» заңның 7-бабы негізінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері

  1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:

1) Кепілдік беру қорының кепілдігін алу;

2) екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;

3) тұрғын үй қаңқасын (тұрғын үй ғимаратын) тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» заңға сәйкес өзге тәсілдермен тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.

Үлескерлердің ақшасын тарту құқығынсыз құрылыс салушылар

Үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдары мен салынып жатқан объектілердің тізімі жасалды.

Сіздің қаражатыңызды сақтау үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қырағы болуды сұрайды және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды ұсынбайды.

Үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз тартуға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынатынын еске саламыз, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы бойынша жауапкершілік көзделген.

Тапсырыс беруші

Объектінің атауы

1

"BS Company" ЖШС (Би Эс Компани"

Комсомольский т.а. СҮ және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй, Қыз Жібек к-сі, 30/1

2

«Samir Construction» ЖШС

«Инжу Ишим» көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, С-409 көшесі

3

"Шанг Хи Групп" ЖШС

"ЭКСПО-2017" көрмесі аумағындағы "Expo new life" көп функционалды кешені, 2-кезек

4

"White Gold Development" ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, № 26 және № 36 жобалық атауымен тұйық көшесі

5

"First LQ" ЖШС

Қабанбай батыр даңғылы мен 277-көше қиылысындағы ЖҮ және паркингі бар КТК

6

"International invest Company IIC" ЖШС

Е.305 көшесіндегі ЖҮ және паркингі бар КТК

7

"Transcapital" ЖШС

ЖҮ және паркингі бар КТК, Е 344 к-сі, № 5 учаске

8

"АстанаСтройДом" ЖШС

ЖҮ және паркингі бар КТК "Техникум-2" ТК , Е367 к-сі

9

 "Азия" ЖШС 

ЖҮ және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй салу Сыртқы және инженерлік желілерсіз. Е547 және Е567 көш.

10

"Ақтас-М" ЖШС

Паркингі бар көп функционалды-әкімшілік-тұрғын үй кешені. Уәлиханов-Ақмола-Гастелло-Тархан көшелерінің шаршысында 1-кезек.

11

"Спутник 2" ЖШС

Кенен Әзірбаев және А98 көшелерінің жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингтері бар «Юпитер» көп пәтерлі тұрғын үй кешені

12

Qaz Build ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингтері бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені

13

"Astana Building құрылыс компаниясы" ЖШС

ЖҮ және паркингі бар КТК Б блогы. 2-кезек. Ж. Нәжімеденов к-сі. Промышленный тұрғын алабынан оңтүстікке қарай.

14

"Жетісу" ЖШС

Офистік үй-жайлары және паркингі бар Рамазан көп пәтерлі тұрғын үй кешені, А 296, А297 және Қордай көшелері 

15

 "Градум Строй" ЖШС

"Золотая миля" көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Ш. Қалдаяқов, №44 көшелердің және Тәуелсіздік даңғылының қиылысы

16

"Техмонтажстрой" ЖШС 

Көп функционалды тұрғын үй кешенінің 1-кезегін салу, Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысы

17

«Байтас инвест» ТҚК

«One house»  көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Комсомольский т.а., Ақан сері к-сі, №53 учаске

18

«Mainstreet» ЖШС

«Парус» көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, Майлин көшесінің бойында, 6-үй

19

«Zeta construction» ЖШС

Көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Бұхар жырау к-сі, 34/2 учаске

20

«Айзия КЗ» ЖШС

«Армантау Комфорт»  көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, А.Байтұрсынов к-сі  А 77 мен А 78 көшелерінің қиылысы

21

«Akan engineering» ЖШС

«Атлетик»көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Тұран даңғылы мен Ұлы дала көшесінің қиылысы

22

«Астанатранстрой» ЖШС

Есіл өзенінің маңында (жобаланатын) Кенесары көшесінен солтүстікке қарай «Маяк» көп пәтерлі тұрғын үй кешені

23

«Алуа строй» ЖШС

«Бозбиік» көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа аудаын, Бозбиік к-сі, 1/1 учаске

24

«Gpark» ЖШС

«Варшава» көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Ә. Бөкейхан көшесі

25

Хасенова Бибисара Закириевна

ЖҮ және паркингі бар КТК, Тельман т.а., Е 116 к-сі

26

«Лея» ЖШС

«Лея за рекой» көп пәтерлі тұрғын үй,  Есіл ауданы, №26 и 37 к-сі

27

 

«Лея» ЖШС

«Лея север» көп пәтерлі тұрғын үй Алматы ауданы Кордай  к-сі

28

            «Лея» ЖШС

«Лея station city»көп пәтерлі тұрғын үй,  Алматы ауданы  А 62 и А 91



Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109