505

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру​

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесі;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы, тг.:          

Санаты

еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-2

477 277

622 533

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 433 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-32, 8 (7172) 55-72-69, hr-akimat@astana.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының орынбасары (D-О-2 санаты, 1 бірлік, Р-3).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті* және/немесе шетел тілі және/немесе тарих және/немесе физика және/немесе математика және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе информатика және/немесе география және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе алғашқы әскери дайындық және/немесе дефектология және/немесе музыкалық білім және/немесе бейнелеу өнері және сызу және/немесе дене шынықтыру және спорт және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті* және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану және/немесе химия және/немесе биология және/немесе шет тілі: екі шет тілдер және/немесе педагогикалық өлшеу және/немесе физическая подготовка және/немесе казахская филология  және/немесе персоналды басқару және/немесе білім (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе білім (орыс тілі және әдебиеті) және/немесе білім (Қазақ тілі және әдебиеті) және/немесе тарих, құқық және экономика негіздері пәндерінің мұғалімі және/немесе тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша)); қызметтер (кітапхана ісі және/немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және/немесе әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және/немесе әлеуметтік жұмыс және/немесе мәдени-тынығу жүмысы және/немесе кадастр және/немесе бағалау және/немесе логистика (сала бойынша) және/немесе мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі және/немесе туризм  және/немесе геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару және/немесе жерге орналастыру); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар және/немесе философия және/немесе филология және/немесе тарих және/немесе мәдениеттану және/немесе дінтану және/немесе аударма іс және/немесе археология және этнология және/немесе шығыстану және/немесе шетелдік филологиясы және/немесе теология және/немесе түркітану және/немесе лингвистика және/немесе әдебиеттану және/немесе исламтану және/немесе тарих-Дінтану және/немесе мемлекеттік саясат және/немесе кәсіпорындағы экономика және басқару  және/немесе салық ісі және/немесе ұйым менеджменті (салалар бойынша) және/немесе дуниежүзі тарихы); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет және/немесе құқық және/немесе азаматтық құқық және/немесе құқық (құқықтану) және/немесе юрисконсульт және/немесе экономика саласындағы құқықтық реттеу); экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе кәсіпорындағы экономика және менеджмент және/немесе статистика және/немесе қаржы және кредит және/немесе журналистика және/немесе есеп және аудит және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе тауартану және сауданы ұйымдастыру және/немесе саясаттану және/немесе экономика және/немесе банк ісі және/немесе психология және/немесе әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе қоғамдық байланыс және/немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету және/немесе халықаралық журналистика және/немесе инновациялық менеджмент және/немесе іскерлік әкімшілікжүргізу және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе конфликтология және/немесе өнеркәсіп заттарын тану және/немесе сервис, экономика және басқару және/немесе делопроизводство и архивоведение (по отраслям и областям применения) және/немесе ақпараттық жүйесі экономикада және/немесе қызмет көрсету және/немесе экономика және менеджмент және/немесе журналистика, қоғаммен байланыс және/немесе экономика (салалар бойынша) және/немесе қаржы (салалар бойынша) және/немесе есепжәне аудит(салалар бойынша) және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару және/немесе халықаралық экономикалық қатынастар және/немесе экономика саласын құқықтық реттеу және/немесе жаратылыстану ғылымдары үшін кәсіпорындағы экономика және/немесе бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау және/немесе тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындағы экономика және менеджмент және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе ұйым менеджменті және/немесе тау-кен инженері-экономист және/немесе экономист-менеджер және/немесе экономика, бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе бизнес және менеджмент).

Негізгі функционалдық міндеттері: Үкіметтік емес сектормен жұмыс және Ақпараттық саясат бөлімдерінің қызметін үйлестіру. Стратегиялық құжаттарды түсіндіруге және ақпараттық саясат жүргізуге бағытталған ғылыми-практикалық шараларды дайындау мен өткізуге қатысу. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Саяси партиялар туралы» және «Қоғамдық ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары талаптарының сақталуын  бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиясымен өзара әрекеттесу. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және БАҚ басшыларымен өзара қарым-қатынас жасау. Саяси партиялардың және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін талдау жолымен қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайының ортақ беталысын анықтау және болжау. Жетекшілік жасайтын бөлімдердің қызметімен байланысты Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне басшылық жасау. Басқарма құзыретіне кіретін сұрақтарға байланысты қаладағы жоғарғы мемлекеттік  басқару органдарымен және басқа да ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасау. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі тапсырмаларының, әкімдік қаулыларының және қала әкімінің өкімдерінің, басқарма басшысы тапсырмаларының, бұйрықтарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қала әкімі өкімдері мен әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге, концептуалдық құжаттарды дайындауға қатысу..

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың («Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 433 кабинет, сағ. 08.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін) қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» ММ (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, № 221 кабинет) өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109