376

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру​

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы, тг.:              

Санаты

еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-4

227 238

296 396

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 433 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-32, 8 (7172) 55-72-69, hr-akimat@astana.kz «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы (20.04.2022ж. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне (негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқығы бар), D-О-4 санаты, 1 бірлік, ООиП-8).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қызметтер (әлеуметтік жұмыс); бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе құқық); педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе казахский язык и литература  в школах с неказахским языком обучения және/немесе сызу және бейнелеу өнері және/немесе тарих және/немесе физическое воспитание және/немесе физика және/немесе математика және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе физика және математика және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе информатика және/немесе биология және химия және/немесе география және/немесе дошкольное обучение и  воспитание және/немесе педагогика және психология және/немесе алғашқы әскери дайындық және/немесе дефектология және/немесе музыкалық білім және/немесе бейнелеу өнері және сызу және/немесе физическая культура и спорт және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе русский язык и литература в школах с нерусским языком обучения және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану және/немесе химия және/немесе өсімдіктану және/немесе иностранный язык: два иностранных языка және/немесе педагогические измерения және/немесе физическая подготовка және/немесе казахская филология және/немесе управление персоналом және/немесе безопасность жизнедеятельности и валеология және/немесе білім (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе білім (орыс тілі және әдебиеті) және/немесе білім (Қазақ тілі және әдебиеті) және/немесе учитель истории, основ права и экономики және/немесе тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша) және/немесе география және тарих және/немесе история и религиоведение және/немесе лаборант организации образования және/немесе культурно-просветительная работа және/немесе общетехнические дисциплины и труд және/немесе черчение и рисование және/немесе основное среднее образование және/немесе организация воспитательной работы және/немесе дошкольное воспитание и обучение және/немесе начальное образование және/немесе биология, педагогика и психология және/немесе история, казахский язык и литература және/немесе история, русский язык и литература және/немесе история и география және/немесе история, основы права и экономики және/немесе казахский язык и литература, русский язык и литература және/немесе казахский язык и литература, иностранный язык және/немесе русский язык и литература, иностранный язык және/немесе начальная военная и физическая подготовка және/немесе педагогика и психология, изобразительное искусство и черчение және/немесе педагогика и психология, дефектология және/немесе музыка и пение және/немесе иностранный язык және/немесе социальная педагогика және/немесе труд және/немесе издательское дело и редактирование және/немесе два иностранных языка (Образование) және/немесе профессиональное обучение и технические дисциплины және/немесе физическая культура және/немесе начальная военная подготовка и физическая культура және/немесе музыка және/немесе педагогика и методика воспитательной работы және/немесе технология).

Негізгі функционалдық міндеттері: Балалардың құқықтарын қорғау жүйесінде заңнаманы және нормативтік құқықтық құжаттарды енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (қамқоршылық және қорғаншылық бекіту (босату) туралы әкімдіктің қаулысын дайындау) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқоршылық пен қорғаншылыққа  беру тәртібін қамтамасыз ету. "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу", "Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау",  "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша жұмысты ұйымдастыру.  Қамқорлық пен қорғаншылықтағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы республикалық деректер базасын жүргізу. Жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде оқитын және мектепке дейінгі жастағы қамқорлық пен қорғаншылықтағы балаларды жазғы демалыстармен, жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіру. Балалардың құқықтарын қорғау үшін соттарға қатысу. Сот отырыстарына қатысу, азаматтардың тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмыстарын жүргізу. Қиын өмірлік жағдайлардағы кәмелетке толмағандармен жұмыс. Кәмелетке толмағандардың мүдделері үшін үйден шығару және басқа процестерге қатысу (билік органдарының, жеке сот орындаушыларының және т.б. талап етуі бойынша). Қиын өмір жағдайдағы балаларды айырып алу жұмыстарына қатысу. Әділет органдарына шектеу хаттарын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жол жүру билеттерін алуға тапсырыс (бекіту) әзірлеу.  Қамқоршылар мен қорғаншылардың есебін жинақтауды ұйымдастыру. Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыны алғандықтарын бақылау. Білім беру мекемелеріндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүддесіне әрекет ету және құқықтарын қорғау бойынша мониторинг жүргізу. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Мобильді топтың» жұмысын үйлестіру және хабарламалар бойынша сапарлар жасау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша білім беру ұйымдарына практикалық көмек көрсету. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша білім беру ұйымдарына практикалық көмек көрсету. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау. Кеңсе басшылығы мен бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.  Бас маманды ол болмаған кезде ауыстыру баcқарма басшысы бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың («Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 433 кабинет, сағ. 08.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін) қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» ММ (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, № 221 кабинет) өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109