268

Конкурс туралы хабарландыру

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Антикор» орталығымен бірлесіп, Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар байқауының басталғаны туралы хабарлайды.

Мақсаты:

- жастарды патриоттық рухта және жемқорлықтан бас тартуға тәрбиелеу;

- жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, құқықтық мәртебесі мен құқықтық мәдениет деңгейін көтеру.

Байқаудың шарттары:

  • Байқауға елордалық жоғары оқу орындарында үздік деп танылған жоба иелері шақырылады.
  • Жоба электронды түрде электронды поштаға konkursproektovantikor@yandex.kz («Жобалар байқауы» деген тақырыпшамен) жіберіледі. Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: 55-67-05, 87026577890, 87022158406.
  • Байқаудың ұйымдастырушылары белгіленген мерзімнен кеш келген жұмыстарды және тақырыпқа сай емес жұмыстарды қабылдамауға құқылы.
  • Әрбір университеттен үздік деп танылған тек бір ғана жұмыс қабылданады.
  • Байқауды ұйымдастырушы байқау жеңімпаздарының жұмыстарын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде пайдалануға құқылы.

Байқаудың өткізу мерзімі:

Байқау жұмыстарын қабылдау – 2021 жылғы 10-21 қараша аралығы.

Қатысушылардың комиссия мүшелері алдында өз жобасын қорғауы, байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау – 2021 жылғы 25 қараша.

Байқауды өткізу үшін төрағадан және комиссия мүшелерінен тұратын байқау комиссиясы құрылады.

Комиссия конкурстың жеңімпаздарын Конкурсқа қатысушылардың ұсынған материалдарын қарау нәтижелері бойынша анықтайды.

Жеңімпаздар Комиссия мүшелері белгілеген 1-ден 10-ға дейінгі ұпайлардың негізінде келесідей критерийлермен анықталады:

1) конкурстық тақырыпты ашу деңгейі;

2) анық және негізделген авторлық ұстаным;

3) тұжырымдардың ерекшелігі мен тәуелсіздігі;

4) мәтіннің тұтастығы мен дәйектілігі.

Жеңімпаз ретінде ең жоғары балл алған конкурстық жұмыс танылады.

Теңдей ұпай алған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші рөл атқарады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109