4455

Шектеу шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптардың бұзылуы анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритмі

Исх. № 21-5/05-2598 от 17.12.2020, Вход № Д-3697//21-5/05-2598 от 20.12.2020
Қазақстан Республикасының аумағында
коронавирустық инфекцияның пайда болуы
мен таралуына жол бермеу жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның
2020 жылғы 7 желтоқсандағы
хаттамасымен
бекітілген
(ВАК-тың 2020 жылғы 14 желтоқсандағы
хаттамасымен өзгерістер енгізілді)

Шектеу шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі  талаптардың бұзылуы анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша лауазымды адамдардың іс-қимыл
АЛГОРИТМІ 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Алгоритм эпидемияға қарсы шаралар, санитариялық-дезинфекциялық режим және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басқа да талаптар бөлігінде заңнама талаптарын бұзу белгілері анықталған кезде лауазымды адамдардың және өзге де субъектілердің әкімшілік сипаттағы шараларға бастамашылық ету және қолдану жөніндегі іс-қимыл тәртібін айқындайды.
  2. Мониторингтік топтарды (бұдан әрі – МТ) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы отырысының хаттамасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі жергілікті атқарушы органдар құрады.

МТ құрамына жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО), ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) өкілдері, жұртшылық және еріктілер,  басқа да мүдделі адамдар кіреді.

МТ-ның дербес құрамын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы рейдтік іс-шаралар басталғанға дейін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

МТ-ның мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың коронавирустық инфекцияның таралу қаупі туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық, шектеу іс-шараларын сақтауына мониторинг жүргізу.

Тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – СЭҚ) мақсаты – эпидемияның таралу қаупінің туындауының алдын алу.

Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) – топтардың қызметін жалпы үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады.

СЭҚ – санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрғысынан жоспардан тыс тексерулер жүргізуді, дәлелдемелер базасын жинауды, хаттамалар толтыруды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауды және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа тартуды жүзеге асырады.

ІІО – рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, мониторингтік топ құрамында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтайды және тіркейді және әкімшілік құқық бұзушылық фактісін растайтын материалдарды СЭҚ органдарына береді.

Жұртшылық пен еріктілер – карантиндік режимнің бұзылуын тіркеуді жүзеге асырады және қажетті дәлелдемелерді жинауға көмек көрсетеді, сондай-ақ Үйлестіру орталығына мобильді байланыс немесе электрондық пошта арқылы карантиндік шаралардың бұзылғаны туралы хабарлайды.

Үйлестіру орталығы (бұдан әрі – ҮО) – бұл ЖАО айқындаған денсаулық сақтау ұйымы.

ҮО мақсаты – мониторингтік топтардан, қоғамдық мониторинг топтарынан ақпарат қабылдау және ақпаратты (шұғыл хабарламаларды) СЭҚ-қа уақтылы беру.

  1. Қоғамдық мониторинг – құрамына еріктілер кіретін (құрамын ЖАО айқындайды) МТ жүзеге асыратын мониторинг.
  2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға себептер:

- ҚР Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілген тексеру нәтижесі.

- ӘҚБтК-нің 802-бабында көзделген өзге де негіздер болып табылады.

2-тарау. МТ-ның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібі

  1. МТ қолда бар ақпаратты (шағымдар, БАҚ-тағы жарияланымдар, аумақтың нақты учаскесінде/объектіде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы туралы СЭҚ деректері, карантиндік шараларды бұзудың ықтимал қатерлері туралы өзге де мәліметтер), сондай-ақ жүктемені ескере отырып, осы деректерді ведомстволық сайттарға орналастырмай, сондай-ақ өзге де таратусыз (БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, телефон арқылы) мониторингке жататын аумақ учаскесін (объектілер тізбесі не шағын аудандардың, көшелердің атауы) айқындайды.
  2. Рейд барысында МТ мынадай бұзушылықтар тұрғысынан мониторингті жүзеге асырады:

объектінің қызметін шектеуге қойылатын талаптарды сақтамау (жұмыс режимі);

отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуді шектеуге қойылатын талаптарды сақтамау;

әлеуметтік қашықтықты сақтамау;

маска режимін сақтамау;

келушілер санының лимиттен асуы.

3-тарау. СЭҚ-тың ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі

  1. Рейдтік іс-шараларды жүргізу және патрульдеу барысында жеке және заңды тұлғалардың шектеу іс-шараларын, карантин режимін және эпидемияға қарсы шаралар бөлігінде заңнама талаптарын, санитариялық-дезинфекциялық режимді бұзу белгілері анықталған жағдайда, ІІО қызметкерлері ӘҚБтК-нің 802-бабының тәртібімен оны кейіннен СЭҚ органдарына жіберу үшін материал жинау бойынша шаралар қабылдайды.

Бұзушылықтар анықталған барлық жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін растайтын деректерді жинауды қамтамасыз ету (құқық бұзушыдан ерікті түсініктемелер (түсіндірмелер) жинау, техникалық құралдарды (фото, видео түсірілім) пайдалана отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін тіркеу) қажет.

  1. Материалдарды ілеспе хатпен СЭҚ органдарына жіберген кезде: бұзушылықтың мәні баяндалған, мынадай деректер: құқық бұзушылықтың жасалған жері, Т.А.Ә., ЖСН, объектінің атауы, БСН (ерікті түрде құқық бұзушы ұсынады не ІІО-ның ақпараттық жүйелерінен анықталады), тұратын мекенжайы, байланыс телефоны, құқық бұзушының ерікті түсініктемелері не түсіндірме беруден бас тарту туралы акті, фото-бейне материалдар көрсетіле отырып, ІІО қызметкері баянатының көшірмесі қоса тіркеледі.

Карантиндік режимнің бұзылуына жедел ден қою қажет болған кезде ІІО қызметкерлері бір мезгілде бұзушылықтардың тіркелуін қамтамасыз ете отырып, СЭҚ органдарының жоспардан тыс тексеру жүргізуі үшін бұзушылықтар туралы ҮО-ға уақтылы хабарлауы тиіс.

  1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы материалдардың уақтылы берілуін және қабылдануын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында СЭҚ және ІІО басшылары жауапты адамдарды айқындайды.

4-тарау. СЭҚ-тың мониторингтік топпен және еріктілермен өзара іс-қимыл тәртібі (қоғамдық мониторинг)

  1. Жеке және заңды тұлғалардың шектеу іс-шараларын, карантин режимін және эпидемияға қарсы шаралар бөлігінде заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған кезде мониторингтік топтар, еріктілер (қоғамдық мониторинг) рейдтік іс-шараларды өткізу барысында ӘҚБтК-нің 802-бабының тәртібімен оны кейіннен СЭҚ органдарына жіберу үшін әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректерді (фото-бейнематериалдар) жинау бойынша шаралар қабылдайды. Бұзушылықтар анықталған барлық жағдайларда құқық бұзушылық жасалғанын растайтын дәлелдемелер жинауды қамтамасыз ету ұсынылады.
  2. МТ мен ҚМ-нен жеке және заңды тұлғалардың шектеу іс-шараларын, карантин режимін және эпидемияға қарсы шаралар, санитариялық-дезинфекциялық, карантиндік режим бөлігінде заңнама талаптарын бұзу фактісі бойынша ӘҚБтК-нің 802-бабының тәртібімен жіберілген материалдар келіп түскен кезде ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау үшін өндіріске қабылданады.
  3. Шектеу шараларының қолданылу кезеңінде және карантин кезінде жұмыс істейтін объектілерде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда МТ «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қазандағы № ҚР ДСМ-123/2020 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес кейіннен растайтын материалдарды 2 сағат ішінде ұсына отырып, ҮО-ға 1 сағат ішінде мобильді байланыс, электрондық пошта арқылы (материалдарды) жібереді.
  4. ҮО ақпаратты (материалдарды) алғаннан кейін ақпаратты (шұғыл хабарламаны) Бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес 1 сағат ішінде СЭҚ-қа мобильді байланыс, электрондық пошта арқылы жібереді. Шұғыл хабарлама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚРДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын эпидемиялық мәні бар объектілер тізбесінде көзделген объектілерге қатысты ғана ресімделеді.
  5. Ақпаратты (шұғыл хабарламаны) алғаннан кейін СЭҚ тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен, объектілерді жоспардан тыс тексеруді жүзеге асырады. Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда келесі жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі.

СЭҚ «Кейбір объектілерге жоспардан тыс тексерулер жүргізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы
№ 696 бұйрығына сәйкес шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулерді тағайындайды және жүргізеді.

  1. СЭҚ лауазымды адамдары шығаратын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларда отбасылық, еске алу, салтанатты және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізуге, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше жағдайларына (жұмыс уақытын қысқарту, объектілердің толтырылуы), сондай-ақ басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салу бөлігінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес міндетті түрде шектеу шараларын, оның ішінде карантинді сақтау қажеттілігін көрсету керек.
  2. СЭҚ субъектілер тарапынан санитариялық қағидаларды жүйелі және қасақана бұзу фактілері туралы (ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған) аумақтық прокурорларды хабардар етуі қажет.
  3. Карантиндік шектеулерді жүйелі түрде бұзумен қоса жүретін және жедел шаралар қолдануды талап ететін адамның өміріне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің не зиян келтіру қатері туралы нақты фактілер болған кезде прокуратура халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органдарға тиісті тексерулер жүргізуді (шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда) тапсыру туралы мәселені қарайды.
  4. Заңды талаптар, берілген нұсқамалар/қаулылар орындалмаған және тиісінше орындалмаған және ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалған кезде СЭҚ материалдарды сотқа береді.
  5. Объектіде анықталған бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 139-бабына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин және инфекциялық аурулардың таралуына байланысты енгізілген кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерге қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексеру парағында (Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-77/2020 және Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 шілдедегі № 52 бірлескен бұйрығымен бекітілген) көзделген бұзушылықтар бойынша ғана туындайды.
  6. Осы алгоритмнің орындалуы үшін ЖАО-ның, ішкі істер органдарының және тиісті аумақтағы СЭҚ-тың бірінші басшылары жауапты болады.

Подпись канцелярии
19.12.2020 12:39 НУРЛЫБАЕВА ДИНАРА
Подпись руководителя
19.12.2020 12:39 ТУГЖАНОВ ЕРАЛЫ

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109