1258

Жалпы қалалық сенбілікке 100 мыңға жуық адам қатысады

Ертең Астанада жалпы қалалық сенбілік өтеді. Шараға 100 мыңға жуық адам, 450-ден астам техника жұмылдырылады.

Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аулаішілік аумақтар тазартылып, ағаш отырғызылады. Сонымен қатар, жаңбыр суы желілері мен арық-науа құбырлары тазартылып, саябақтар мен гүлбақтардағы жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізіледі, заңсыз қоқыс орындары мен ластанған учаскелер жойылады.

Айта кетейік, сенбілік кезінде астаналықтар тал, үйеңкі, қарағай, шырша, шегіршін, теректердің 4 мыңға жуық түбін отырғызады. Тәуелсіздік даңғылынан Мирзоян көшесіне дейін қалалық әкімдік пен мәслихат өкілдері, Кәсіпкерлер палатасының, ҚР Ішкі істер министрлігі, Әзірет Сұлтан мешітінің өкілдерінің қатысуымен 700 жуық көшет егіледі. Байтұрсынов көшесінің бойына Тәуелсіздік даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін 400 жуық көшет, Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданында Талғар, Таскескен және Сартау көшелеріне 500 ағаш отырғызылады. «Алматы» ауданында Тәуелсіздік д-лы,  Момышұлы д-лы, Қошқарбаев к-сі,  Қалдаяқов к-сі, Байтұрсынов к-сі, Нәжімеденов к-сі, Бараев к-сі, Кравцов к-сі, 46-шы көше, Тәшенов к-сінде ағаштар ағартылады.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Премьер-министрінің кеңсесінің, ҚР Жоғарғы сот өкілдерінің қатысуымен Орынбор көшесінен Хусейн бен Талал к-сі, № 31 көшеге дейін ағаш отырғызылмақ. Бұл жерде 1,5 мыңға жуық көшет егіледі. Сондай-ақ «Арай» саябағында 80 жуық ағаш отырғызылады. Тұран д-лы, Қонаев к-сі, Қорғалжын тасжолынан Қабанбай батыр д-лы, Бейсекова көшелерінде ағаштар ағартылады.

«Сарыарқа» ауданында 1,1 мыңға жуық көшет отырғызылмақ. Бұл жерде БАҚ, қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері және студенттер қатысады. Н. Тілендиев к-сі, Бабатайұлы к-сі, сондай-ақ Көктал тұрғын алабында көшеттер егіледі. 

Еске сала кетейік, 2015 жылғы 7 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Астана қаласы аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109