1766

Астанада абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлық аяқталды

Астанада 2015 жылдың 7 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өткен күзгі санитарлық-экологиялық айлық аяқталды. Шараға елорданың барлық мекемелері мен кәсіпорындары қатысты.

Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аула ішілік аумақтарды тазалау жүргізіліп, көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, жаңбыр суы желілері мен арық-науа құбырлары тазартылып, саябақтар мен гүлбақтардағы жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілді, заңсыз қоқыс орындары мен ластанған телімдер жойылды.

Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, күзгі экологиялық айлыққа 93 мыңға жуық қала тұрғындары, 4 435 мекеме, кәсіпорындар, сондай-ақ, 45 жоғары және орта оқу орындары, 131 мектепке дейінгі және жалпы орта білім ордалары, 66 денсаулық сақтау мекемесі, 160 мемлекеттік мекеме, басқармалар мен ұлттық компаниялар белсенді түрде қатысты. Барлығы 775 жуық көлік пен арнайы техника, оның ішінде 284 жүк тиегіш техника мен 521 жүк көлігі жұмылдырылды.

Ластанған телімдерді жою кестесіне сәйкес, жалпы көлемі 500 шаршы метрді құрайтын 73 заңсыз қоқыс орындары мен ластанған телімдер жойылды.

Шара қорытындысы бойынша 7384,4 тонна қоқыс қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылды. Осы мақсатта 1111 рейс жасалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109