1595

Астанада экологиялық айлық аясында 10 мыңға жуық көшет отырғызылды

Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, елордада экологиялық айлық аясында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылды. 

Экологиялық айлық аясында қала аумағын, көшелер, тротуарлар мен аула ішілік аумақтарды санитарлық тазарту жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, жалпы көлемі  2 805 540  шаршы метр алқап тазартылды, 47 мыңға жуық көшеттер ағартылды, 9 720 ағаш отырғызылды (қызыл тал, қара үйеңкі, қарағай, қайың, емен, теректер, шетен), сонымен қатар: 

– «Алматы» ауданында – 4 214 көшет (763 көшет –  № 46 көшесі бойымен Тәуелсіздік д-лынан Мирзоян к-сі дейін, 431 көшет – Байтұрсынов к-сі бойында Тәуелсіздік д-лынан Сарыкөл к-сі дейін, 520 көшет – Юго-Восток ықшам ауданында Талғар, Таскескен және Сартау көшелерінде, 2 500 көшет – мектептер, балабақшалар, ауруханалар);

– «Есіл» ауданында – 4 332 көшет (1 560 көшет – Орынбор  к-сі бойымен Хусейн бен Талал к-сі ауданынан № 31 к-сі дейін, 490 көшет – «Астана Опера» театры алдында, 80 көшет – «Арай» саябағында, 202 көшет – «Хан Шатыр» СОО айналмалы жол бойында, 500 көшет Ильинка елді-мекенінде, 1 500 көшет – мектептер, балабақшалар, ауруханалар);

– «Сарыарқа» ауданында – 1 174 көшет (500 көшет –Тілендиев к-сі бойымен, 124 көшет – Бабатайұлы к-сі, 30 көшет – Көктал ауданында орналасқан Қарттар үйі маңайында, 520 көшет – мектептер, балабақшалар, ауруханалар).

Шара аясында волонтерлар мен қоғамдық мекемелердің қатысуымен Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасы мен жағасын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізілді.

Еске сала кетейік, 2015 жылғы 7 қыркүйек 7 қазан аралығында елордада санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109