Астанада бояу өнімдері шығарылатын болды
Global Silk Road Жібек жолы елдерінің қала мэрлерінің форумында Астана әкімдігі, Астана Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы және «Завод ВМП Астана» ЖШС ұйымдастырған отырыста тиісті меморандумға қол қойылды. Заманға сай өндіріс «Астана» АЭА индустриалдық аймағында орналасады.
Жобаның басты мақсатына – от пен шіруден қорғау үшін лак бояу өнімдерін шығаратын заманауи өндіріс құру, импорталмасу, шіруге қарсы шығынды азайтуды оңтайландыру, ҚР территориясындағы транспорт, өнеркәсіп нысандарын жөндеп, қалпына келтіруде отқа қарсы материалдар құру.
Шығаратын өнімдердің ассортименті 15 атаудан кем болмайды, өндіріс 40 адамды жұмыспен қамтымақ. Қолдану саласына мұнайгаз кешені, тау-металлургия және химия өнеркәсібі, транспорт құрылысы, энергетика және ТКШ кіреді. Объектінің мерзімі шамамен 2019 жылы беріледі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz