Металлдан жасалған декоративті өнімдерді іске асыру басталды
«Алюминийден жасалған құйма әдісі бойынша көркем-нақышты бұйымдарды дайындау зауыты» жобасы іске қосылғаннан кейін 50 адамға дейін тұрақты жұмыс орнымен қамтымақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Global Silk Road Жібек жолы елдері қалаларының мэрлері форумында «Astana Invest» қалалық инвестицияны дамыту орталығы мен «Almet-Qazaqhstan» ЖШС әріптестік пен өзара түсініспеншілік туралы меморандумға қол қойды.
Кәсіпорын құйма әдісімен дайындалатын көркем-нақышты шарбақ, қоршау, шам, жаппа, қоқыс салатын урна және тағы басқа аксессуарлар жасап шығарғалы отыр.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz