3077

Өрт сөндірушілер көпфункционалды «Әбу-Даби Плаза» кешенінде жаттығулар өткізді

Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі «Абу-Даби Плаза» көп функционалды кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Оқу-жаттығу барысында шартты өрт шығуын жою және адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің қызмет көрсету персоналдарымен өзара іс-қимыл жасауына пысықталды.

Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес дәнекерлеу жұмысын жүргізу барысында 35-қабаттағы құрылыс материалдарының жануы орын алып, өрт 36-қабатқажайыла бастады.

Қызмет көрсету персоналы өртті байқап, «101» телефон нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарлайды, ғимараттан адамдарды эвакуациялауға және де бір мезетте өртті өрт сөндірудің алғашқы құралдары арқылы өртті сөндіруге кірісті.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері, жедел әрекет жасау қызметтері жетті. Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері жай-күйді жедел бағалап, шешуші бағыттарды анықтап және жедел түрде әскери өрістету, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын бастады. Түтіннен қорғау қызметі топ құрамында барлауды, құтқару үшін зардап шегушілерді іздестіруді және адамдарды эвакуациялау жұмыстарын тоқтатпастан жалғастырады. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері улы газбен уланған және электр тоғы салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетті, зардап шеккендерді жақын жердегі медициналық мекемелерге тасымалдады.

Шартты өрт ауыздықталды, өрттің таралу қаупі жоқ. Жану аумағы 100 шаршы метрді құрады.

Оқу-жаттығуға барлығы жеке құрамнан 30 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – адамдарды қауіпсіз жерлерге көшірудің әдіс-тәсілдерін қолдану, пысықтау және адамдар көп жиналатын ғимараттардақұтқару жұмыстарын жүргізу.

«Абу-Даби Плаза» - қабаттар саны әртүрлі бірнеше ғимараттан тұратын көп функционалды кешен. Кешеннің құрылысы 2010 жылдың қараша айында басталған. Құрылыс біткеннен кейін «Абу-Даби Плаза» Қазақстанда және Орта Азияда ең биік ғимарат болады. Ғимараттың биіктігі - 382 метр, ал қабаттар саны - 77. Аталған кешен Орта Азиядағы ең биік ғимарат, ал биіктігі жағынан әлемде 14-ші кешен болмақ. Аумақтың жалпы көлемі 500 шаршы метрді құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109