3692

Астанада алғаш рет ТМД бойынша «Seedstars» стартап-инкубаторы ашылады

1 желтоқсан 2018 жылы Астана қаласының әкімдігі «BI-group»-пен бірлесіп, кәсібін енді бастағалы жатқан кәсіпкерлер үшін ТМД көлемінде «Seedstars» халықаралық компаниясы басқарып отырған халықаралық технологиялық стартап-инкубатор ашылады. Орталық ЭКСПО маңындағы «Hilton Astana» отелінде орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұлт көшбасшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Астана – инновациялар қаласы» стратегиясы қағидаларын іске асыруда «Hilton Astana» отелінің алаңында Астана қаласы инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы МБ мен халықаралық бизнес инкубаторлары «Seedstars» және «BI Property» ЖШС арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім шеңберінде қатысушы компаниялар салған инвестицияның арқасында Астана қаласында адам капиталын дамыту үшін бірегей алаң құрылады, онда қаланың әрбір тұрғыны керемет тәжірибе алып, жаңа технология саласында жеке жобасын іске асыра алады және жастардың әлеуетін дамытуға басымдық беріледі.

«Үлкен қалалардың тәжірибесі көрсеткендей жаһандық қалалардың тепе тең дамуы креативі жоқ индустриясыз мүмкін емес – ол цифрлы технология, сәулет және дизайн, заманауи медиа, өнер мен мәдениет. Сол себепті, біз креативті кластердің негізін қалыптастыратын Қалалық инновациялық алаң құрмақпыз. Мұнда астананың инновациялық экожүйесі қалыптасады», - деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Қалалық инновациялық алаң құру стартап-жобаларды дамыту үшін кең мүмкіндікті ашады және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жаңа кәсіпкерлер буыны мен цифрлы номадтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін алаң резидентінде менторлардың ауқымды желісі, консультанттар, техникалық мамандар, бизнес-періштелер мен инвестициялық жобаларға барынша қолжетімділік ұсынылады.

Аталмыш алаңның ерекшелігі мынада, әрбір қазақстандық әзірлеушінің алдында ІТ-технологиясы саласындағы әлемдік тенденцияға қолжетімді мүмкіндік ашылады. Бұл «Seedstars» басқаратын  ТМД көлеміндегі бірден бір коворкинг-орталық болмақ.

Халықаралық бизнес-инкубатордың серіктестерінің бірі Дэвид Дэкомбес «орталықта әлем бойынша 70 мыңнан астам стартапер, кәсіпкер мен инвесторлар бар. Жобаға қосылғаннан кейін Астана да бірыңғай желінің бөлшегіне айналып, тәжірибе алмасуға және  технологияның дамуы үшін өзіне үлкен мүмкіндіктер ашатынын»  айта кетті.

Алаңда 14 коворкинг-кеңсе қарастырылды және де коливинг аумағынан техникалық шешімдерді әзірлеу үшін және қалалық тапсырмаларды шешуге бағытталған мобильді қосымшаларды іске қосуға ыңғайлы 14 орындық қарастырылды.

«Бұл инновациялық әзірлеушілер уақытты бірге өткізіп, тәжірибе алмасуға, жобаны талқылау үшін жасалып жатқан кеңістік. Яғни тірі зертхана, ол жерде қала тіршілігінің әрбір саласында транспорттан ТКШ дейін қолайлы жаңа шешімдер жасалады. 

Қатысушыларға қойылатын басты критерий – инновациялық, технологиялық өнім жасау. Жобаны іске асыру ең бірінші астанада, әрі қарай бүкіл Қазақстанға бағытталады. Одан басқа, орталықтың жұмысы қала экономикасына оң ықпалын тигізіп, болашақта халықаралық аренаға шығуы мүмкін», - деп түсіндірді Инновациялық экожүйені дамыту орталығының бас менеджері Жасұлан Кенжеғалиев.

Қазіргі таңда «BI Property» компаниясы «Hilton Astana» отелінің территориясында жобаны іске толықтай қосу үшін кеңсе дайындауда. Жөндеу жұмыстары осы жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталады.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109