4095

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты «Қазақстан» спорт кешенінің бассейні жабылады

«Қазақстан» спорт сарайын басқарушы «Astana» ӘКК» ҰК»  АҚ-ның басшысы спорт сарайындағы бассейнді 27 тамыздан бастап күрделі жөндеуден өткізу үшін жабады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Басқарушы компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қазақстан» СС-і тұрғындардың және қала қонақтарының ыңғайлығы мен қауіпсіздігі үшін қазіргі күні нысанның техникалық жағдайын анықтау мақсатында жалпы техникалық тексеріс жасалуға тапсырыс берілген. Зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша бағандардың көтергіш қабілеті және бассейн қабырғаларының пайдалану жарамдылығының айтарлықтай төмендегенін дәлелдеді. 

«Тексеріс нәтижесі бойынша, «Қазақстан» СК-нің келушілері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін спорт комплекстегі бассейннің қызметін тоқтатуға шешім шығарылды. Күрделі жөндеу жұмыстары 27 тамыздан басталады», деді компанияның баспасөз қызметі.

«Astana» ӘКК» АҚ-ның «Қазақстан» СС-і абонементтерін ұстаушы және келуші жандар өздерінің спортпен шұғылдануын бұрынғы тәртіппен және келісім бойынша «Барыс Аренада» СК-нің бассейніңде жалғастыра алады. Сондай-ақ, «Қазақстан» СС бассейніне қолданыстағы абонементтердің қолданылу жарамдылығы мерзімсіз, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қайта жандандыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан» СС бассейнінің жұмыс істеуіне қатысты барлық сұрақтар бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына телефон нөмірлері бойынша алуға болады: +7 747 053 97 18.

Еске сала кетейік, «Қазақстан» СС қолданысқа 2001 жылы берілген болатын, содан бері спорт сарайында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. «Қазақстан» спорт сарайы 2017 жылдың қазан айынан бастап «АҚ» Astana «ӘКК «ҰК» сенімгерлік басқаруға берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109