1849

Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 272 пәтерлік ТК құрылысы басталды

Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 272 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Құрылыс басқармасынан хабарлады.

Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 272 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Құрылыс басқармасынан хабарлады. 

«Қазіргі уақытта жалпы ауданы 11,9 мың шаршы м 272 пәтерлік «Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй кешенін салу» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Нысанның құрылысы 2015 жылы аяқталады», - делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, бүгінде 2014 жылы салынатын 4 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасы түзетіліп жатыр. Атап айтқанда, Астана қаласы Сарайшық көшесінің оңтүстігінде Жұмабаев көшесінің шығысында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (лот №12), Астана қаласы Сарайшық көшесінің оңтүстігінде Жұмабаев көшесінің шығысында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (лот №13), Астана қаласы Сарайшық көшесінің оңтүстігінде Жұмабаев көшесінің шығысында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (лот №14), Астана қаласы Сарайшық көшесінің оңтүстігінде Жұмабаев көшесінің шығысында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (лот №15). 

Бұдан басқа, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 62,9 мың шаршы метрлік 1 156 пәтер салынып жатыр. Оларды 2014 жылы аяқтау көзделген. Соның ішінде, Сауран және №24 көшенің қиылысындағы жалпы ауданы 10,9 мың шаршы м көп пәтерлі тұрғын үй кешені (пайдалануға беру мерзімі - 2014 жыл, шілде), жалпы ауданы 9,7 мың шаршы м 198 пәтерлік Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені (пайдалануға беру мерзімі - 2014 жыл, шілде), Айнакөл көшесінің бойындағы Жұмабаев пен Қордай көшелерінің  арасындағы жалпы ауданы 14 мың шаршы м 243 пәтерлік тұрғын үй кешені (пайдалануға беру мерзімі - 2014 жыл, шілде), Айнакөл көшесінің бойындағы Жұмабаев пен Қордай көшелерінің  арасындағы жалпы ауданы 14 мың шаршы м 243 пәтерлік тұрғын үй кешені (лот №2,) (пайдалануға беру мерзімі - 2014 жыл, сәуір), Айнакөл көшесінің бойындағы Жұмабаев пен Қордай көшелерінің  арасындағы жалпы ауданы 14,3 мың шаршы м 230 пәтерлік тұрғын үй кешені (лот №3) (пайдалануға беру мерзімі - 2014 жыл, шілде).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109