1812

Құрылыс компаниялары үлескерлердің қаржысын тарту үшін қойылған талаптарға сай болу керек

Елордалық құрылыс компаниялары жыл сайын көп пәтерлі тұрғын үйлер мен кешендер салады. Бұл ретте кейбіреулері құрылыс жүргізугеа үлескерлердің қаржысын тартады. Үлескерлік құрылыс кезінде алғашқы жарна (салынатын баспананың құнының бір бөлігі) беріліп, қалған сома құрылыс аяқталғанда төленеді.

Алайда, компания үлескерлердің қаржысын тарта отырып, тұрғын үй салуды бастамас бұрын міндетті процедуралардан өтіп, құжаттар жинау керек. Біріншіден, құрылысшы әділет органдарында тіркеуден өткен заңды тұлға болып табылады. Оның тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру бойынша қызмет етуге жобалық компанияның лицензиясы мен тұрғын үй құрылысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру туралы аудиторлық қорытындысы болуы керек. Бұл ретте тұрғын үй ғимараттарын салу тәжірибесіне қойылатын талап - кем дегенде үш жыл. 

Екіншіден, құрылыс компаниясының болашақта құрылыс жұмыстарын жүргізетін жеке меншікті немесе жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскесі болуы тиіс. Сонымен қатар, ол МСҚБ-дан сәулет-жоспарлау ғимараты мен техникалық шарттарды алып, эскиздік жобаны әзірлеп, келіседі. Содан кейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын мен нысанды салуға рұқсат алады. Бұл туралы МСҚБ хабардар етеді. Құрылыс аяқталған соң нысанды (тұрғын үйді) жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссиялары қабылдайды. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға беру туралы актісі заңмен белгіленген тәртіпте тіркеуші органда тіркелетін басты құжат болып табылады.

Құрылыс компаниясында аталған құжаттардың болмауы заң бұзушылыққа жол береді. Өз кезегінде, үлескерлер өз қаржысын баспананы салуға жұмсамас бұрын, компанияның құжаттарын және олардың жоғарыда аталған талаптарға сай болуын тексеруге тиіс. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109