2229

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына қатысыңыз

Биыл 2011-2020 жж Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Мирзоян к-сі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан 1984 жылы салынған ғимарат кондоминиум нысаны ретінде пайдалануға берілді. Бағдарламаның үйлестірушісі - «Өркен қала» ЖШС ұйымы.

Бөлінген қаржыға Алматы және Сарыарқа аудандарында 20 көп пәтерлі тұрғын үйдің төбе жабыны, қасбеттері, кіреберістері, жертөлелері, инженерлік желілері жөнделіп, АЖП (автоматты жылу пунктері) орнатылды. Сонымен қатар, 2012-2013 жж қайтарылған қаржыға жаңа 5 лифт орнатылып, төрт үйдің төбесі ауыстырылды.  

Мирзоян көшесі, 19 мекенжайында орналасқан үйге қызмет көрсететін «Ақбұлақ-А» ПИК төрағасы Геннадий Савенко: «Үш айдан аз уақыттың ішінде үйдің қасбеті, кіреберістері, төбе жабындысы жөнделді. Жылыту маусымы қарсаңында инженерлік желілер ауыстырылып, сантехникалық және электр монтаждау жұмыстары жүргізілді, автоматтандырылған жылыту пункті орнатылды».

Айта кетейік, арнайы әзірленген механизм бойынша аз қамсыздандырылған пәтер иелеріне Астана қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ арқылы көмек көрсетіледі.  

Бағдарламаның негізгі міндеті тұрғын үйлердің техникалық жағдайын жақсарту, жылу жоғалтуды азайту және тұтынушылардың жылу энергиясына жұмсайтын шығындарын үнемдеу болып табылады. 

Қазіргі кезде 2015-2016 жж ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысатын көпқабатты тұрғын үйлердің тізімі жасалуда. Бұл ретте пәтер иелері тұрғын үй инспекциясы басқармасына күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін үйлерді ұсына алады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109